Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Мектептің жанында ойнаймыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жаңартылған білім мазмұнына сай құрылған. Бұл орыс мектебінің 2 сыныбына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. Мұнда жаңа сөз, айтылым, оқылым, жазылым барлығы қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Менің мектебім Мектеп: 16 ЖББОМ

Күні: 7.11.2018 ж Мұғалімнің аты-жөні: Урпебаева Г.О.

Сынып: 2 «А, В»- сынып Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Мектептің жанында ойнаймыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1 күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.1.5.1. тыңдау-көру материалдарындағы оқиғаларды түсіну, сұрақтар қою және сипаттау.

2.5.1.5. сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, жай сөйлем құрастыру.

Сабақ мақсаты

Барлығы: қарапайым сөйлемдерді мағынасын түсінеді.

Көбі: оқиғаларды түсінеді, сұрақтар қояды және сипаттайды.

Кейбірі: жай сөйлем құрастырады.

Күтілетін нәтиже

Мектебі жайлы айтады, мәтін арқылы көмекші сөздерді меңгереді.

Жаңа сөздер

Жанында, үй.

Сабақта қолданылатын материалдар

Суретті плакаттар, интерактивті тақта, парақшалар, үлестірмелі карточчкалар.

Оқыту әдістері:

Талдау, салыстыру, сұрақ-жауап әдісі, сергіту сәті, қайталау.

Дереккөздері:

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.

Сабақ барысы Мұғалім Оқушы

Оқушыларға психологиялық ахуал

Оқушыларға шаттық шеңберінде қол ұстатқызып, бір-біріне жақсы сөз айтқызып, сабақты бастайды.

Әр оқушы бір сөзден ғана айтады.

Өткен сабақты тексеру

Үй тапсырмасын дұрыс және толық орындалуын тексереді.

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұраққа жауап береді.

І.Қызығушылықты ояту.

Мұғалім оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты «Атаулар кестесін» іледі. Оқушылардан салынғансуретке сипаттама беруін сұрайды.

Оқушылар салынған суретке алдыңғы тақырыптармен байланыстыра отырып, сипаттама береді.

ІІ. Мағынаны тану

1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады.

Жанында-возле үзілісте-на перемене

Үйдің жанында-возле дома

Сурет салып отыр-рисует

Жазып тұр-пишет бара жатыр-идет

Тыңдалым. Оқылым.

Мәтінді оқиды, сұраққа жауап береді.



Хормен оқиды, жеке оқиды


2. Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым. Оқулықтағы мәтінді оқытады, қайталатады.

Айтылым. Сөйлемдерді оқиды, сөздерді дұрыс айтуға жаттығады, қайталайды.

3. Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. А) Оқылым. Оқулықтағы 1- тапсырманы орындатады.

Саша терезенің жанында тұр. Әлібек мектептің жанында тұр. Кітап дәптердің жанында жатыр.

Айтылым. Суретке қарап, оқиды.

Ә) Айтылым. Оқулықтағы 2-тапсырманы орындатады.

Оқылым. Суретке қарап сұрақтарға жауап жазабы.

4. Сергіту сәті. Оқушыларға сергіту жаттығуын жасатып, тақпақты бірге қайталап, мәтіндегі қозғалыстарды салады.

Мен оқушы баламын,

Айтқан тілді аламын.

Жақсы оқып сабақты,

Күнде «бестік» аламын.

Оқушылар мәтіндегі қозғалыстарды мұғліммен бірге қайталайды.

ІІІ. Ойтолғаныс

Мұғалім оқушыларға «Жоғалған буынды тап!» ойынын жазылымға қатысты орындатады.

Қа......, кі......, тақ....., ....ке, қа......даш.

Жазылым. Оқушылар дәптерлеріне берілген сөздерді жазып, жоғалған буыында табады.

ІV. Бекіту.

А) Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында мұғалім оқулықтағы 4-тапсырманы орындатады. «Бұл дыбысты айтпа!» ойынын ойнатады.

Айтылым. Мұғалім қойған сұрақтарға қ дыбысы бар сөздерді жазып, жоғалған буынды табады.

Ә) «Есте сақта!» айдарымен берілген сөйлемдерді оқиды, талдатады.

Менің үйім мектептің жанында.

Дүкен үйдің жанында орналасқан.

Сөйлемдерді оқиды, талдайды.


V. Бағалау

Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың өзара бағалауы бойынша қорытынды бағаны өзі қояды.

«Ішкі және сыртқы шеңбер» техникасы бойынша өзара бір-бірін бағалайды.

VІ. Үйге тапсырма


Оқулықтағы 3-тапсырманы орындау.



VІ. Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Мұғалім оқушыларға кесте салынған А4 парағын таратып береді.


Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған әсерім






Оқушылар сабақтан алған әсерлерін параққа белгілерді қою арқылы білдіреді.

+көп нәрсе білдім;

-ешнәрсе үйренбедім;




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
1660
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12