Мектептің жүрегі-мұғалім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептің жүрегі-мұғалім

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның, Ұстаз деген – анасы ол адамның. Бүкіл әлем мойындайды еңбегін, Сен де одан адам болып жаралдың. Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектептің жүрегі-мұғалім»

  1. Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

       2.  Жүргізушілер шығады.

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүргізуші:

 Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!





1-жүргізуші: 

Пусть осень на дворе уж целый месяц,

Сегодня вдруг повеяло весной.

Цветы цветут сегодня в каждом сердце:

Преподаватель- нынче праздник твой!

1-жүргізуші: Ақшолпан, бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз -ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, — деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын! (бірге)

2-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

2-жүргізуші: Боранбай Еркемайдың орындауындағы «Мың алғыс саған, ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Рахымжан, ұстаздарға жұмбақ жасырсақ қалай болар екен?

1-жүргізуші: Жасырып көрейік, Ақшолпан.

2-жүргізуші: Ал ендеше ...

Ұжымды бастап жүретін,

Мектептің қыр-сырын білетін.

Әділдікті жақтайтын,

Ақшаға арын сатпайтын.

Басшысы бұл мектептің-

Ел үмітін ақтайтын. (директор)

Әрине, бұл мектеп директоры. Олай болса, құттықтау сөзі мектеп-лицей директоры Шыңғыс Жашаралыұлы Жашаралинге беріледі.

1-жүргізуші: Сен қалай ойлайсың, Ақшолпан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші:  Рахымжан, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

            1-жүргізуші: 

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

            11 «Ә» сынып оқушыларының орындауындағы «Ұстазым» туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар! 

2-жүргізуші: Күллі өмірін жеткіншекке арнаған,

                        Мұғалімді ардақтайды барша жан.

                        Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

                        Жемісі оның жердің жүзін шарлаған.

                        Бала десе ойламайды өз қамын

                        Көрсем дейді күнге де қол созғанын           

                        Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

 2-жүргізуші:  Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                        Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                        Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

            1-жүргізуші:  Ақшолпан, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

            2-жүргізуші: Ал ендеше баста.

            1-жүргізуші:  «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

            2-жүргізуші:  «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

            1-жүргізуші:  «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

            2-жүргізуші:  «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

1-жүргізуші:  «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

            2-жүргізуші: Рахымжан, екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

Мәнерлеп оқу Ақшолпан, Гүлназ, 11 «А» сынып оқушылары

1-жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

2-жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1-жүргізуші: Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз.

Флешмоб 11 ә

1-жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек. (видеоролик)

Әзіл – қалжың отауы.      ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН.

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қармағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, — дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

1-жүргізуші:  Ақшолпан, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2-жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?

1-жүргізуші:  Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2-жүргізуші: ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.

/Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.         Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

2-жүргізуші:  Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

2 билет. Сабақта ұйықтап қалған оқушыны оятасыз ба?

3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

 

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

1-жүргізуші: Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол -аяулы ана. Ән сіздерге арналады, аяулы  ұстаз-аналар!

11 А

2-жүргізуші:  «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.

 Оқитын 11 А ………………………………………………………………………………………



1-Жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға оқушылар шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді/



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2024
170
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі