Материалдар / мектептің жылдық есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мектептің жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп проблемасы: «Инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру» Мектептің оқу-тәрбие жоспары да осы мақсаттарды іске асыруға бағытталған. Мектепте 22 мұғалім жұмыс істейді, оның 3-уі жоғары санатты,8-і- І санатты, 5-уі –ІІ санатты,6-уы-санатсыз. 19 мұғалім-жоғары білімді, 3 мұғалімнің орта арнаулы білімі бар. 3 мұғалім деңгейлік курстардан өткен, үшеуі де ІІІ базалық деңгей, олар Шарипов Еділ Сансызбайұлы(химия-биология мұғалімі), Магубаева Айнаш Амангелдіқызы(бастауыш сынып мұғалімі) және Жукенова Ақерке Қайыртайқызы(математика мұғалімі) Мектепте оқу жылының соңында 67 оқушы оқыды, 11 сынып комплект, 1 дайындық тобы болды.1-4 сыныптар-19 оқушы, 5-9 сыныптар-31 оқушы, 10-11 сыныптар-17 оқушы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
16581
34 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қайрат орта мектебі












2016-2017 оқу жылының мектептің жұмысына талдау және 2017-2018 оқу жылына арналған міндеттер.
























2016-2017 оқу жылының мектеп жұмысына талдау және 2017-2018 оқу жылына арналған міндеттер


Мектеп проблемасы: «Инновациялық педагогикалық технологиялар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру»

Мектептің оқу-тәрбие жоспары да осы мақсаттарды іске асыруға бағытталған.

Мектепте 22 мұғалім жұмыс істейді, оның 3-уі жоғары санатты,8-і- І санатты, 5-уі –ІІ санатты,6-уы-санатсыз. 19 мұғалім-жоғары білімді, 3 мұғалімнің орта арнаулы білімі бар. 3 мұғалім деңгейлік курстардан өткен, үшеуі де ІІІ базалық деңгей, олар Шарипов Еділ Сансызбайұлы(химия-биология мұғалімі), Магубаева Айнаш Амангелдіқызы(бастауыш сынып мұғалімі) және Жукенова Ақерке Қайыртайқызы(математика мұғалімі)

Мектепте оқу жылының соңында 67 оқушы оқыды, 11 сынып комплект, 1 дайындық тобы болды.1-4 сыныптар-19 оқушы, 5-9 сыныптар-31 оқушы, 10-11 сыныптар-17 оқушы.

Өткен оқу жылы негізгі мектепті бітірген 13 оқушының 11-і оқуларын мектепте жалғастырып, 10 сыныпта оқып жатыр, 2-уі колледждерде білімдерін жалғастыруда,олар Амантай Азамат-Көкшетау көпсалалы колледжі, Кушкенов Рустам-Екібастұз политехникалық колледжі.

Мектептің оқу жоспары ҚР-ның жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде жасалынды.

ҚР жалпы орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарына сәйкес мектептің жоғарғы сатысында оқыту қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жүргізілді.

Оқушылардың білім деңгейі тест арқылы тексеріледі.

Оқушылардың білім сапасы

Сынып

Оқушы саны

Озат

екпінді

Білім сапасы

1

1 сынып

5

2

3

100%

2

2 сынып

5

1

4

100%

3

3 сынып

4

2

2

100%

4

4 сынып

5

5

0

100%

Барлығы

1-4 сынып

19

10

9

100%

5

5 сынып

5

3

2

100%

6

6 сынып

6

1

2

50%

7

7 сынып

6

2

1

50%

8

8 сынып

8

1

4

62,5%

9

9 сынып

6

1

2

50%

Барлығы

5-9 сынып

31

8

11

61,3%

10

10сынып

11

1

4

45,5%

11

11сынып

6

-

3

50%

Барлығы

10-11 сынып

17

1

7

47,1%

жалпы

1-11 сынып

67

19

27

68,7%




2015-2016 оқу жылымен оқушылардың білім сапасын салыстыру кестесі

сыныптар

2015-2016 о.ж

2016-2017 о.ж

Оқушы саны

озат

екпінді

Білім сапасы

Оқушы саны

озат

екпінді

Білім сапасы

1 сынып

5

4

1

100%

5

2

3

100%

2 сынып

4

2

2

100%

5

1

4

100%

3 сынып

5

4

1

100%

4

2

2

100%

4 сынып

5

3

2

100%

5

5

0

100%

5 сынып

6

3

-

50%

5

3

2

100%

6 сынып

6

1

2

50%

6

1

2

50%

7 сынып

7

1

3

57,1%

6

2

1

50%

8 сынып

6

1

2

50%

8

1

4

62,5%

9 сынып

13

1

2

23,1%

6

1

2

50%

10 сынып

6

1

2

50%

11

1

4

45,5%

11 сынып

2

-

1

50%

6

-

3

50%

Барлығы 1-11 сыныптар

65

21

18

60%

67

19

27

68,7%


Білім сапасы төмен сыныптар арасында жиналыстар, педконсилиумдар өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Сабақты жиі босататын, нашар оқитын оқушылар туралы сол оқушылардың ата-аналарымен, мұғалімдермен жиналыс өткізіліп, қорытындысы шығарылды.

Оқушылардың білім деңгейін анықтау жыл бойы мектепішілік бақылауда болды. Мысалы, 9-сыныптардың ОЖСБ-ға дайындықтарын бақылау, 5 сыныптардың бейімделуі мектеп әкімшілігінің бақылауында болып, педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңесте қорытындысы қаралып, талқыланды. 9 сыныптарда жыл бойы 4 рет негізгі пәндерден тест алынып, пәндер бойынша қорытындысы шығарылды.

.ҰБТ қорытындысы бойынша салыстырмалы кесте


балл

2013-2014

2014-2015

2015-2016

80-99 б

1

Түлектер болған жоқ

Түлектер (2 түлек) ҰБТ-ге қатысқан жоқ

60-79 б

1

50-60 б

-

50 б төмен

-

Орта балл

77,5



2012-2013 оқу жылымен салыстырғанда 2013-2014 оқу жылында 38,3-ке артты, ал 2014-2015 оқу жылында 11 сыныпта оқушылар болмағандықтан, мектеп ҰБТ-ге қатысқан жоқ,2015-2016 оқу жылындағы 2 түлектің екеуі де колледжге баратындықтан ҰБТ-ге қатысқан жоқ, дәстүрлі емтихандарды тапсырды.

Мектептегі бастауыш сынып бірлестігінде-4 мұғалім және мектепалды даярлық сыныбында 1 мұғалім жұмыс істейді,барлығы да жоғары білімді мұғалімдер. Оның 1-уі жоғары санатты,3-уі- І санатты мұғалім,1-уі- ІІ санатты. Бастауыш сыныптарда барлығы 19 оқушы, дайындық сыныбында-5 бала оқып шықты .Оның 10- үздік оқушылар, 9-екпінділер. Үлгермеушілер жоқ.

Бастауыш сыныптар бойынша білім сапасы 100 %. Үлгерім сапасы-100%.

Мектепте жыл бойы үздіксіз әдістемелік жұмыстар жүргізіліп отырды.Жас ұстаздар үшін семинарлар:

А) сынып журналдарын толтыру ережелерімен таныстыру

Б) сабақ жоспарының құрылымы.

Бастауыш сынып әдістемелік бірлестік отырысында «Оқытудағы жаңа инновациялық технологиялар» тақырыбы бойынша С.О.Тасбулатова, «Оқушылардың өз бетінше білім алуын ұйымдастыру арқылы олардың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша Б.К.Нурпауденова баяндама жасап, мұғалімдер өз ойларын ортаға салып тәжірибе алмасты.

Жыл бойы жас мамандардың іскерлік дағдыларын қалыптастыруға тәлімгерлік көмек көрсету, жас мамандардың оқушылармен қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Жас мұғалімдер» мектебі жұмыс істеді. Жас мұғалімдерге тәлімгерлер бекітілді:

Исин Р.Қ.-дене шынықтыру мұғалімі, тәлімгер-Абдрахманова Н.С.

Серикбаев А.Т.-география мұғалімі,тәлімгер-Шарипов Е.С.

Магубаева А.Е.-информатика мұғалімі,тәлімгер-Шарипова А.Е.

Әдістемелік кеңес оқу жылы бойы «Ұстаздың жаңашылдық, зерттеушілік және шығармашылық дағдыларын арттыра отырып, инновациялық көзқарастағы мұғалімді қалыптастыру» мәселесі бойынша жұмыс істеді.

Қазан айының басында ұстаздар күніне арналған «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» атты бірлестіктер арасында сайыс өтті.Сайыс бес кезеңнен тұрды. Әр бірлестік өз топтарына ат, ұран ойлап тапты.Қызықты танымдық тапсырмалар беріліп, топпен орындалу арқылы іске асты.Бұл сайыста ұстаздар шығармашыл және жаңалыққа құмар екендерін көрсетті. Мұғалімдермен тренингтер, ойындар өткізілді.

Наурыз айында пән мұғалімдері «Жаңашылдық –менің қалауым» атты презентацияларын қорғады. Аса қызығушылықпен жұмыс істейтін, жаңашылдыққа ұмтылған мұғалімдер де баршылық.Атап айтатын болсақ, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Шарипова Г.С.,ағылшын тілі мұғалімі- Шарипова А.Е.,бастауыш сынып мұғалімі С.О. Тасбулатова . Олардың тәжірибесін тарату мақсатында «Жаңашылдыққа ұмтылыс» әдістемелік мінбесі өтті.

Әдістемелік бірлестіктер бойынша да жұмыс жоспарға сәйкес жүйелі өткізіліп тұрды.Әр ай сайын пән апталықтары, онкүндіктері өткізіліп, түрлі сайыс, жарыстар, ашық сабақтар жүргізілді.

Ақпан айында республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңіне мектебіміздің 4 оқушысы қатысып, 10 сынып оқушысы Кенжебай Индира ғылыми жоба сайысында 1 орынды иеленіп, облыстық кезеңде аудан намысын осы номинация бойынша қорғап, жүлделі 3 орынға ие болды., Қайырбек Аружан «Жазушылар» номинациясында ІІ орын, Соколова Анжелика «Сөз шеберлері»номинациясында ІІ орын, Әлімбек Айзат «Тілші-әдебиетші» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленді. Пән мұғалімі Шарипова Гуляйым Серікқызы аудандық білім бөлімінің алғыс хатымен марапатталды.

Аудандық Мағжан оқуларында мектебіміздің 10 сынып оқушысы Қайырбек Аружан 2 орынды иеленсе, Махамбет оқуларында 10 сынып оқушылары Кенжебай Индира мен Соколова Анжелика жүлделі І орынды иеленіп, облысқа жолдама алды. 9 мамыр мерекесіне орай «Ұлы Жеңіс» тақырыбында өткізілген шығармалар байқауында І орын алғаны үшін 10 сынып оқушысы Кенжебай Индира АББ-нің грамотасымен марапаталды(пән мұғалімі-Шарипова Г.С.) 1 мамыр мерекесіне орай «Бірлік түбі-тірлік» тақырыбында өткізілген шығармалар байқауында І орын алғаны үшін Кенжебай Гүлім АББ-нің грамотасымен марапаталды.(пән мұғалімі-Абдрахманова Н.С.)

Барлық пәндер бойынша қараша айында мектепішілік олимпиада өтті.Қорытынды шығарылып, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.Мектепішілік олимпиада қорытындысы бойынша алға шыққан 3 оқушы аудандық пәндер олимпиадасына қатысты,барлығы да жүлделі ІІІ орын алды. Олар 10 сынып оқушылары Кенжебай Индира(қазақ тілі, мұғалім –Шарипова Г.С.), Заит Райымбек (химия, мұғалім-Шарипов Е.С.), Қайролла Динара(ағылшын тілі, мұғалім-Шарипова А.Е.)

8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай өткізілген облыстық шығармалар байқауына 11 сынып оқушысы Қайролла Динара қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Шарипова Арайлым Ермекқызы АББ-нің алғыс хатымен марапатталды.

Дене шынықтыру мұғалімі Исин Ренат Қайырбекұлының шәкірттері еркін күрестен түрлі сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Жыл патриоты» атағы аясында «Жас спортшы» номинациясымен марапатталып, аудан әкімінің алғыс хатын алды. Мектеп мұғалімдері түрлі интернет-сайттарға өздерінің тәжірибелерін тарату мақсатында сабақ үлгілерін,т.б. жариялап жүр.Атап айтатын болсақ, «Инфоурок», «Мультиурок», «Копилка уроков», «Сабақ.kz»,т.б.

Мектепішілік бақылау оқу-тәрбие жоспарына сәйкес жыл бойы жоспарлы түрде жүргізілді.

Тамыз айында мектеп жасына дейінгі балаларды толығымен мектепке қамту мақсатында жүргізілген жалпыға бірдей білім беру айлығы бақылауда болып, қорытындысы директор жанындағы мәжілісте қаралды.

Қыркүйек айында мектеп бойынша жалпы оқушы санын анықтау мақсатында сынып журналдарындағы жалпыға міндетті оқуға қамту бетінің дұрыс толтырылуы қадағаланып, қорытындысы директор жанындағы кеңесте қаралды.

9 сынып оқушыларын ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастырылу бойынша жыл бойы консультациялар өткізіліп,әр аптаның сенбі күндері тест алынып, нәтижесі аудандық білім бөліміне жіберіліп отырылды.

Қазан айында 5 сыныптың бейімделуі, пәндер бойынша білімі, біліктілігі, дағдысы тексеріліп, қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралды.

Қазан айының 3-і мен 7-сі аралығында біздің мектеп мемлекеттік аттестациядан өтті.Мемлекеттік аттестаттау барысында мынадай тұжырым жасалды:

-Мектеп мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) стандарт талаптарына сай. Білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес деп есептелді.

Желтоқсан айында 2-11 сынып оқушыларының күнделіктерінің дұрыс толтырылуы, сынып жетекші мен ата-ананың арасындағы байланыс, тапсырманың толық жазылуы, баға қоры тексеріліп, қорытындысы директор жанындағы кеңесте қаралды.

Желтоқсан айында 1 сынып оқушыларының сауатты жазу деңгейін анықтау мақсатымен диктант алынып, есептей білу қабілетін анықтау мақсатымен бақылау жұмысы алынып, қатесіз жылдам оқу қабілетін анықтау мақсатымен оқу жылдамдықтары тексеріліп, дәптер сапасы тексерілді.

Желтоқсан, мамыр айларында жартыжылдық, жылдық бақылау жұмыстары алынып, оқушылардың білім сапасы тексеріліп, қорытындысы бірлестік отырыстарында қаралды.

Қаңтар айында 9 сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары тексерілді.

Қаңтар айында 9 сынып оқушыларының ОЖСБ-ға дайындығы жан-жақты тексеріліп, қорытындысы пед.кеңесте қаралды.1-11 сыныптардағы факультатив және таңдау пәндерінің жүргізілуі, оқу бағдарламасының орындалуы, нәтижесі тексеріліп ДЖМ-да қаралды.

Ақпан айында бастауыш сыныптардағы шет тілі (ағылшын тілі, орыс тілі) пәндерінің берілу сапасы, оқушылардың білім сапасы тексерілді.

Осы айда сынып журналдары тексерілді.Онда бағдарламаның орындалуы, практикалық бақылау жұмыстарының нормаға сәйкестігі, үй жұмысының көлемі, бағалардың дұрыс қойылуы, оқушылардың сабаққа қатысуы, дұрыс толтырылуы бақылауға алынды.

Осы айда мектеп алды даярлық сынып мұғалімдерінің сабақ жүргізу сапасы, балаларды мектеп оқуына дайындау жолдары бақыланды.

Наурыз айында 2-11 сыныптардағы дене шынықтыру пәндері мұғалімдерінің сабақ өткізу әдістемелері, сабақ сапасы тексерілді.

Сәуір айында 1 сынып оқушыларының жыл бойы алған білімдері, сауатты жазу, есептей білу, есеп шығару қабілеті, қатесіз мәнерлеп оқи білуі, оқу жылдамдық нормасын орындау қабілеттері тексерілді.


Осы айда 4 сынып оқушыларының орта буынға өтуге дайындығын тексеру, негізгі мектеп арасындағы сабақтастық іс-шараларының барысы бақыланып қорытындыланды.

Мамыр айында 4 сынып жетекшісі Айнаш Амангелдіқызы Магубаева «Қош бол, бастауышым!»атты қорытынды жұмысын өткізді, онда оқушылар бастауыш сыныптарда үйренгендерін көрсетіп, өнерлерін ортаға салды.

Мектеп алды даярлық тобының тәрбиешісі Ә.Ғ.Сулейменова «Біз мектепке барамыз» атты қорытынды сабағын өткізді, онда балалардың оқу жылы ішінде не үйренгендері көрсетілді.

Әр тоқсан сайын жалпы мектеп бойынша 1-10 сыныптардың жекеленген пәндер бойынша білім сапасының мониторингісі шығарылып, қорытындысы педагогикалық кеңесте қаралды.


Тәрбие жұмысы

Мектебімізде оқумен бірге тәрбие жұмыстары алға қойылған. Оқу жылының басында тәрбие жұмысынының жоспары бекітілді. Алдымызға қойған мақсатымыз: Оқушыны «Мәңгілік Ел» деген рухта тәрбиелеп шығару. Нәтижеге бағдарланған көп мәдениетті, көп тілді, ізденімпаз, бәсекеге бейім, құзыретті тұлғаны қалыптастыру. Осы оқу жылында 11 сынып жетекші 11 сыныпта сынып жетекшілік қызметін атқарды. Сынып жетекшілерге тәрбиенің мақсаты мен міндеті таныстырылды. Осы оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Тәрбиенің кешенді бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша жұмыс істеді.

Ата-аналар комитеті сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігі, балалар қоғамдық ұйымдарының қызметі туралы ережелер құрылған. Тәрбие жұмысы бағытындағы барлық құжаттар жүргізілетін іс номенклатурасы бар.

Білім ұйымының ағымдағы 2016-2017 оқу жылы бойынша тәрбие жұмысының жоспары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің концептуалды негізі» бойынша негізгі сегіз бағытта құрылған.

Тәрбие жұмысының жоспарында белгілі, атаулы даталар ескерілген. Сонымен қатар кітапхана қызметкерінің, дене шынықтыру, педагог психологтың, әлеуметтік педагогтың және т.б. жұмыс жоспарлары ұсынылды. Мектептегі өткізілген тәрбиелік іс-шараларды сараптау барысында атқарылған жұмыстар жоспарға негізделе отырып жүргізіледі.

Бұған қоса әр айға жұмыс жоспарлары құрылады және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігінің «2016-2017 оқу жылдарындағы Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердегі білім беру үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері жайлы» әдістемелік - нұсқаулық хатының талаптары ескерілген.


Бағыттар бойынша тәрбиелік жұмыс

Мектептің тәрбие бойынша жұмысы қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие жоспарлары бойынша жүзеге асырылуда. Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша жоспарланып, құрылған. Азамат және патриот ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығына, сонымен қатар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай: «Аймақтар аламаны» «Қазақстан кеше, бүгін, ертең», «Астана-жердің кіндігі, Астана елдің бірлігі» тақырыптарында іс – шаралар өткізілген. «Құқық бұзуышылықтың, «Зорлық- зомбылықтың алдын алуына» арналған жұмыстар жоспарланып іске асырылған, атқарылған және атқарылатын жұмыстар бойынша құжаттар жүйелі түрде жинақталған.

«Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, тәрбие берудің негізгі концептуалды іске асыруда жетекші механизмі болып табылады, аталған мектепте бұл пән жабдықталған және көрнекі құралдарымен қамтамасыз етілген кабинетте жүргізіледі.

Оқушыларды өз отанын қадірлеп, қастерлеуге адал қызмет етуге, көздің қарашығындай қорғауға баулу және ортақ отанымызда тұратын басқа ұлт өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүріне, тарихына құрметпен қарауға үйретуге тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар дұрыс жолға қойылған.

Білім беру ұйымы оқушылардың әлеуметтік және қоғамдық орталардың ерекшеліктерін дұрыс бағалай білуді қалыптастыру және қоғамдық мүдделерге қайшы іс-әрекеттер мен идеологоиялық, діни тұрғыдағы теріс ниеттер мен көзқарастарға қарсы тұра білуге тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарға көбірек көңіл бөледі. Мысалы: «Діни экстримизмге жол жоқ» суреттер байқауы, «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» кітаптар көрмесі, «Қазіргі уақыттағы дінаралық ахуал» тәрбие сағаттары, «Имандылық отбасынан бастау алады» пікір талас т.б. іс-шаралар өткізілген.

Тәрбиелік іс-шаралардың бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауға яғни өз елінің, өзінің туып өскен өлкесінің табиғатын аялауға сондай-ақ оның гүлденіп құлпыруына үлес қосуға бейімдеуге бағытталған. Оқушыларға салауатты өмір салтын ұстануға, жеке басының және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігін сақтай білуге машықтандырады. Осы бағытта тұрақты түрде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалармен өзін-өзі қорғау, бейтаныс адамдармен әңгімелесулер, рухани құндылықтар мен бастаулар және «Адам және табиғат», «Тазалықты – денсаулық кепілі», «Нашақорлық – қылымысқа апаратын себептердің бірі» тәрбие сағаттары жүргізіледі. Аталған іс-шаралар әлеуметтік ұстаз, мектеп медбикесі, педагог-психологпен, учаскелік инспектормен біріктірілген жоспар негізінде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар оқушыларды Қазақстан Республикасының заңдарына, Конституциясы мен құқықтық тәртіптілікке құрметпен қарауға, силауға тәрбиелеуге назар аударылады. Оның айғағы ретінде бастауыш сыныптарда «Заңды білу заман талабы», жоғарғы сыныптарда «Құқықтық сауаттылық заман талабы», «Балам бол, басқа бол – бәріне заң біреу-ақ», «Өз құқығыңды білесің бе?», «Заңды білген жөн» сынып сағаты, «Бала және заң», «Біз мектеп тәртібін білеміз бе?» дөңгелек үстел қатарлы іс-шаралардың өткізілуі дәлел бола алады.

Тәрбие жұмысының әр саласы бойынша қорыта келесі нақты мысалдар келтіруге болады.

- Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары тәрбие жұмысының жоспарға сәйкес өткізілуін қадағалайды.

- Мектепте өткізілген тәрбиелік іс-шаралардың сапасы, нәтижелілігі мен ықпалдылығына сараптама жүргізіліп отырады.

- Педагогикалық кеңестерде тәрбие мәселесі талқыланып тұрады.

- Сынып сағаттары тәрбие жұмысы жоспары негізінде іске асырылып, атқарылған жұмыс бойынша тоқсан сайынғы есеп жазылады.

- Жеке жоспарлар мен есептер құрылып, талдау жасалады.

- Мұғалімдердің өзара тәрбие сағаттарына қатысуы туралы дәптер жүргізіледі.

-Білім беру ұйымының аумақты пәндік аясының ресімделуі эстетикалық және идеологиялық талаптарға сәйкес, оқушыларды патриоттық тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Сынып жетекшілерінің жұмыстары Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген «орта білім беру ұйымдарындағы сынып жетекшілігі туралы» Ереженің талаптарына сәйкес келеді.


5.3 Мектептегі өзін-өзі басқару

Мектепте бірыңғай республикалық «Жас Ұлан» жасөспірімдер ұйымы мен «Жас қыран» ұйымы құрылған. «Жас Ұлан» ұйымына 25, «Жас қыран» ұйымына 13 оқушы қабылданған. Жылдық жоспары бекітілген. Бұл мектеп оқушыларының 49% құрайды.

Мектептің ұлан басшысы мектеп оқушыларының сайлау дауыстары арқылы тағайындалған.

Өзін – өзі басқару жұмысының ықпалдылығы «Мектеп оқушылар көзімен» сауалнамасы бойынша сарапталады.


5.4 Үйірмелік жұмыс, оқушылардың жетістіктері

Тәрбие жұмысының бағдарламасы оқушыларды жан-жақты дамытуға және қабілеттілігін арттыруға, өздігінен білімін жетілдіруге, өз бетінше еңбек ете білуге баулуға бағытталған. 2015-2016 оқу жылында мектепте 7 үйірме жұмыс атқарған. «Жас тілші» болашақ тілшілер үйірмесі, «Еркін күрес», «Ақсұңқар» драма үйірмесі, «forever dancing» би үйірмесі, «тоғыз құмалақ», «шебер қолдар», «көркемөнерпаздар» ән үйірмелері жүргізілген болса. Ағымдағы 2016-2017 оқу жылында «Жас Каспаров» шахмат үйірмесі жүргізіледі. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар құрастырылып, мектеп директорымен бекітілген, журнал толтырылған.

Оқушылар республикалық, облыстық олимпиада, байқаулар мен спорттық сайыстарға қатысады.


Оқу-тәрбие үрдісінің әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етілуі.

Психологиялық қызмет пен тәрбие үрдісінің тығыз байланысы байқалады: түрлі сұрақ-жауаптар, олардың сараптама, сұрақ-жауап нәтижелері негізінде пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне және ата- аналарға, сыныптан тыс әдістемелік құрылымдарға нұсқаулар берілген.

Әлеуметтік ұстаздың және педагог-психологтың жеке кабинеттері бар, барлық қажетті құжаттар талаптарға сай рәсімделген.

Кәмелетке толмағандар ісі бойынша бөлім есебінде балалар тіркелмеген,

Мектепте сенім телефоны жұмыс істемейді. Заңды және жеке тұлғалардың шағымдарын тіркеуге арналған жәшік қойылған, шағымдарды тіркеу журналы сонымен қатар оқушылардың сабаққа қатысуын есепке алатын журналы жүйелі түрде жүргізіледі.

Әлеуметтік психологиялық қызметтің жұмыстары келесі шаралар арқылы көрінеді: әр сыныпқа және әр оқушыға құрылған жетістіктер мен зерттеулер, кестелер сонымен қатар тұжырымдамалар, әлеуметтік психологиялық апталықтар, психологиялық тренингтер өткізіледі.






Ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

Тәрбие жұмысында ата-аналармен байланыс келесі жұмыс түрлерімен жүзеге асырылады: жиналыстар, кездесулер, сауалнамалар, тренингтер, дөңгелек үстел, отбасы жарыстары, мерекелік іс-шаралар өткізіледі.

Шағын орталықта ата-аналар жиналысы өткізіледі, жылдық жоспары бар, хаттамалары жазылған. Ата-аналар комитеті сайланған, жұмыс жоспары құрылған. Тәрбиешілер ата-аналарға арналған баяндамалар мен кеңестер беріп, сауалнамалар өткізеді. Аудандық, ауылдық ішкі-істер бөлімінің инспекторлары, еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастырылады. Қамқоршылық кеңесі құрылмаған, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктермен әріптестік байланыстары жоқ.



Қыркүйек

1 қыркүйек күні алғашқы қоңырау салтанатты жиылысы өтті. Алғашқы сабақ тақырыбы «Мәңгілік Ел». Барлық сыныпта алғашқы сабақ өтілді. 7 қыркүйек күні – Денсаулық күні аталып өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исин Р.Қ. ұйымдастырып өткізді

Мемлекеттік тілдер күніне арналған апталықты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері ұйымдастырып өткізді. Барлық сыныпта сынып сағаты болды. «Өмір қауіпсіздігін насихаттау Жолда жүру ережелері»онкүндігінің жоспары құрылып аса белсенділікпен өткізілді. «Жолда жүру ережелерін білесің бе?»барлық сыныптарда тәрбие сағаттары өткізілді.

«Ұстазбен өмір бойы біргеміз» атты онкүндіктің жоспары құрылып, онкүндіктің ашылу рәсімі өтті «Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау, өзгенің бақыты, аялау» атты шығармашылық байқау өтті. Жауапты бірлесітк жетекшілері ұйымдастырды. «Менің алғашқы ұстазым..» атты мақалалар, өлең жолдары конкурсы. Конкурсты «Жас тілші»үйірмесінің жетекшісі Шарипова Г.С өткізді. Әр ұстаздың сабақ беру барысы фотоға түсіріліп, әр пән мұғаліміне өлең жолдары арналған мектеп дәлізінде қабыраға газеті шығарылды. «Ал кәнекей ұстаздар!..» атты ұстаздар арасында спорттық ойындардан жарыс өтті. «Үздік сынып жетекшісі»сынып жетекшілер арасында байқау өткізілді .

Қазан

Қазан айы бойы қарттар күніне орай 6-10-сынып оқушылары ауылдағы қарттардың үйіне бөлінді. Қарттарға мейірімділік, қайырымдылық көрсету мақсатында оқушылар үй шаруашылығына көмектесті.Онда оқушылар отын жарып, су әкеліп, картоп жинасуға, үй алдын, үйдің ішін жинасуға көмек көрсетті. 7- күні ‘Мен әкемнің жалғасымын!’ тақырыбында әлеуметтік ұстаз 6 сынып оқушыларымен әңгіме сабақ жүргізді. «Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең» атты мерекелік концерт ұйымдастырылып, мұғалімдер және округтік әкімшілік жиналған қарттарға ыстық тамақ пен түрлі тәттілермен шай беріп, дастархан жайды. Мектебіміздің дәстүрлі мерекесі «Алтын күз» кеші өткізілді. Бастауыш сыныптар арасында Нурпауиденова Б.Қ өткізді. 5-7 сыныптар арасында Дюсенбина А.А және 8-11 сыныптар арасында Тәлімгер Шарипов Е.С өткізді.

Қараша

Мектебімізде 6 үйірме жұмыс істейді. Үйірмелер уақытылы өтіліп тұрады. Күзгі каникул кезінде спорт үйірмелері жұмыс істейді.

«Дарын 2016»фестивалі өткізілді.Фестивалге әлеуметтік ұстаз,мектеп психологы және тәлімгер жауапты болып ұйымдастырды. Фестивалде үйірме жұмыстарының жұмысы бақыланды.

Президенті күнін атап өтуге іс-шараларды жоспарладық. «Менің Отаным, менің Елбасым» атты кітапханада кітаптар көрмесін ұйымдастырылды. «Арманымды әуелеткен  арман қала – Астана» атты 1-4-сыныптар арасында тәрбие сағатттары өткізілді. « Қазақстанның үшінші жаңғыруы басекелестікке қабілеттілік » Елбасының халыққа жолдауы талдаулары әр сыныпта жүргізілді. Бірінші Президент күніне арналған спорттық жарыстарды дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Исин Р.Қ. ұйымдастырып өткізді. «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы » тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды.

«Діни экстремизм-әлем апаты» тақырыбында 8-11 сыныптарда сағатттар өткізілді. «Есте сақтауды қалайды» тақырыбында тәлімгер Магубаева А.Е 5-6 сынып оқушыларымен әңгіме өткізді.

Желтоқсан.

«1 желтоқсан дүниежүзілік ЖҚТБ –мен күрес күні» айлық жоспарланды. Айлыққа мектеп психологы Какимова А.Қ,әлеуметтік ұстаз Капарова М.Ж және медбике Кажгалиева Қ жауапты болды. « ЖҚТБ –ғасыр дерті» стенд жасалды. «Мен салауатты өмір салтын қалаймын» атты тақырыпта бастауыш сынып мұғалімдері спорттық ойындардан жарыс өткізді.ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне арналған тәрбие сағаттары жүргізілді.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған онкүндік іс-шарасы жоспарланды. «Тәуелсіздік -төрінеде», «Тәуелсіздік тірегім» атты барлық сыныпта Тәуелсіздікке байланысты сынып сағаты өткізілді. Спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. «Тарих тарту еткен Тәуелсіздік» мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Кітапханада көрме ұйымдастырылды. Тарих пәнінің мұғалімі Исабекова С.Р «Желтоқсан құрбандары» атты әңгімені жоғары сынып арасында өткізді. «Тәуелсіз елім – тірегім менің» көркемсөз сайысын қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова Н.С өткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған « Қазақстанның үшінші жаңғыруы басекелсттікке қабілеттілік» атты Жолдауы болып өтті. Жолдау – жоспарланған жұмыстарды жүзеге асырудың басты құралы, әр мекеменің алдағы міндеттерінің негізгі бағытын айқындайтын құжат болып табылатындығын мектебімізде жоспар құрылып, жұмыстар атқарылуда. Мұғалімдер арасында әр мұғалім өз ойларын айтып, ортаға салды. Жолдаудағы міндеттерді атқару бәріміздің ортақ парызымыз және міндетіміз екендігі айтылды.

Барлық сыныптарда сынып сағаттары өтіліп, болашақ жастарымызға жолдауда жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыру және жастар үшін үлкен мүмкіндіктер бар екендігі туралы оқушылар өз ойларын білдірді. Оқушылар ұйымында «Президент Жолдауы – халық қолдауы» атты дөңгелек үстелді аға тәлімгер Магубаева А.Е. ұйымдастырып өткізді.

20 желтоқсан күні 1 сынып жетекшісі Тасбулатова С.О «Әліппе әлемі, әріппен әдемі» атты 1 сынып оқушыларының әліппемен қоштасу ертеңгілігін өткізді. Ертеңгілік өте жақсы ұйымдастырылған оқушылар аса қызығушылықпен қатыстып ән айтып, би билеп және 1 жарты жылда әліппеден алған білімдерін көрсетті. Жаңа 2016 жылға дайындық жұмыстары жүргізілді. Мектепті безендіру және мектеп ауласында қысқы аққала қалашығы жасалды. «Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа нұр» атты жаңа жыл шырша мерекесі әр буында өткізілді. Жауапты ұстаздар Магубаева А.А-бастауыш буын, Шарипова А.Е-орта буын,Шарипов Е .С- жоғары буын. Әр буында шырша мерекесіне арналған бағдарлама құрылды.Ән айтып,би билеп түрлі қызықты тапсырмалар орындалды.Мектеп директорының бұйрығы бойынша мереке күндері бойы ұстаздар мен ата-аналар тарапынан кезекшілік ұйымдастырылды. Кезекшілер бұйрықпен таныстырылып, қолдары қойылды.

Қаңтар

Қысқы демалыс кезінде 3 қаңтар күні «Отбасында жасөспірімді тәрбиелеудегі қиыншылықтарды жеңу жолдары» ата-аналарға арнап мектеп психолгы Какимова А.Қ және әлеуметтік ұстаз Капарова М.Ж дәріс оқыды. 5 қаңтар күні «Әлем әйелдің кіңдігіне байланған» тақырыбында мектеп психологы Какимова А.Қ сән қуып жеңіл киінгеннен пайда болатын әртүрлі қабынулар туралы қыздармен әңгіме өткізді. Ата-аналарға арнап «ашық есік» күндері ұйымдастырылды. 6 қаңтар күні «Ең күшті, ең мықты» аққаладағы қысқы спорт түрлерінен жарыс өтті. 15 қаңтар күні мектеп тәлімгері Магубаева А.Е «Естен кетпес күндер» атты студенттермен кездесу кешін өткізді. 20 қаңтар күні кітапханада «табиғатты сүю- бұл Отанды сүю »атты кітаптар көрмесі өтті.24 қаңтар күні әлеуметтік ұстаз Капарова М.Ж

«ЖҚТБ, АҚТҚ оған апаратын жолдар» видиофильмдер көрсетілді.

Ақпан

Ақпан айында «Өзін –өзі тану : Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»тақырыбында онкүндік өткізілді.Онкүндікке Өзін-өзі тану мұғалімдері Какимова А.Қ, Магубаева А.А жауапты болып тағайындалды. 2 ақпан күні ашылу рәсімі Баядама оқылды және онкүндік жоспарымен таныстырылды. 02-12 ақпан аралығында «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды.Патриотизм, рухани –адамгершілік туралы жоғары сынып оқушылары арасында дебат өткізілді. «Адам болып өтейін» рухани адами құнлықтары бар көріністер сайысы. «Ана», «Достық», «Мейірімділік», «бейбітшілік» атты суреттер көрмесі және сайысы. «Арнаймын саған бұл әнді »атты әндер сайысы өтті. «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. «патриоттық тәрбие-ұрпаққа ұлағат» ауған соғысы жайында әңгіме. «Өткен мен болашақ арасындағы Ауғанстан »тәрбие сағаттары өткізлді. 16 ақпан күні «Бақыт деген не?» атты пікірталас өткізілді. 18 ақпан «Салауттылық біздің қалауымыз » тәрбие сағаттары , 20 ақпан «Ертегілер елінде» атты МАД тобында ертеңгілік өткізілді.27 ақпан «ХХІ ғасыр көсбасшысы» интеллектуалдық сайыс өткізілді.

Наурыз.

Наурыз айында «Ана өмірдің шуағы» тақырыбында стенд газеттер шығарылды. 2 – наурыз аралығында «Жас Ұландықтар»жалғызасты аналарға көмек көрсетті. 4-6 наурыз «Ана бесігі-әлем тербеткен» өлең, шығармалар байқауы өткізілді. 4 наурыз күні мектеп психологы қыздармен әңгіме жүргізді. 5 Наурыз күні 5-9 сыныптар «Бұрымды қыз» байқауы, бастауыш сыныптар арасында «Көктем аруы» , жоғары сыныптар арасында тәлімгер Магубаева А.Е «қазақ аруы» байқаулары өтті. 7 наурыз күні «Бар ізгілік бір өзіннен тарайды»атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекеге жауапты Жакетова Г.Р, Серикбаев А.Т, Шарипов Е.С болып тағайындалды.16 наурыз күні «Ертөстік» қазақ етрегілеріне саяхат бастаыш сыныптар арасында ұйымдастырылды. Мектеп кітапханасында 18-22наурыз арасында «Ұлыстың Ұлы күні»атты кітаптар көрмесі қойылды. «Ән домбыра, сән домбыра» атты дәстүрлі әндер байқауын музыка пәнінің жетекшісі Хасенов С.Х , спорттық және ұлттық ойындардан дене шын мұғ Исин Р.Қ өткізді. «Әз наурыз құтты болсын!» мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сәуір- мамыр

3 сәуір күні «Әнші балапан» әншілер байқауы өткізілді.Мектепішілік Мағжан оқулары өтті. «Жақсы дегенім немене, жаман дегенім немене»атты ашық тәрбие сағатын қазақ тілі маманы Абдрахманова Н.С өткізді. «Ұлы Отан соғысвның Жеңіс күніне 72 жыл»арналған айлық .Айлыққа жауапты АӘД жетекшісі Құрмашев Т.Н.Мектеп ауласына ағаш көшеттері отырғызылды. «табиғатқа достық көмек» атты сенбіліктер ұйымдастырылды. Халық араралық би күніне арналған «Биле,биле» атты сайыс өткізілді. Сайысты «forever dancing» би үйірмеснің жеткшісі Шарипова А.Е ұйымдастырды.9 сәуір күні айлықтың ашылуында «Ұлы Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ» атты баяндама оқылды. Ай бойы кітаптар көрмесі, суреттер көрмесі ұйымдастырылды. «Аты аңыз, сөзі нақыл, өзі батыр Бауыржан»атты сынып сағаттары өткізілді.Тарих пәнінің мұғ «Ұлы Отан соғысының қасіреті»атты ғылыми практикалық конференция өткізді. «Ер есімі ел есінде»атты шығрамалар сайысы , «Отты жылдар әндері»атты өлеңдер мәнерлеп оқу өтті. «Отан үшін отқа түскендер»атты жерлестеріміз жайлы альбом жасалды. «Баға жетпес батырлар» атты саханалап қойылымдар қойылды.Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 72-жылдығына «Ұлы Жеңіс ұрпаққа ұлағат» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. 25сәуір күні «Бір шаңырақ астында»атты баяндама оқылды. Қазақстан ассамблеясы 22 жыл аясында кітаптар көрмесі, суреттер көрмесі ұйымдастырылды. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» спорттық ойындардан сайыс, «»Ағайынбыз бәріміз» атты флешмоб би өткізілді. «Достық мерекесі» атты барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. «Гүлдене бер, менің Қазақстаным!»атты ұлттар фестивалі өтті. 25 мамыр «Ашық есік»күні , Салтанатты жиынға ауыл әкімі Жакупов қайыртай Әбілайысұлы және жас түлектер ата-аналары қатысты. Салтанатты жиында мектептің 19 озат және 27 екпінді оқушылар марпатталды. Аудан,облыс көлемінде жетістіктері бар оқушылар аталып, мадақтама қағаздарымен марпатталды. Мектепті 6 түлек бітірді. Мектеп түлектері мектепке, ұстаздарға ризашылықтарын білдірді. Ата-аналар сөз сөйледі. Мектеп түлектеріне 1 сынып оқушылары тілек тілеп, би билеп берді.Соңғы қоңырау тиыш, қауіпсіздік ережелері сақталып өтті. Ата-аналар мен ұстаздар арасында кезекшілік құрылды.


Жыл бойы жұмыс қорытындысы нәтижесі бойынша мектеп ұжымы мына міндеттерді алдына қоя отырып, жұмысын жалғастырады:


—- Білім беру үрдісін  оқу-тәрбие, әдістемелік және ғылыми негізде  ұйымдастыру

— -Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы  сапалы  білімге қол жеткізу

— -Бүгінгі күн талабына сай білім беру үрдісін ақпараттандыру

—- Қазіргі қоғамға  тән білім беру үрдісін ізгілендіру, дербестендіру  және саралау  нәтижеге бағытталған білім беру

— -Жас өспірімдердің шығармашылық қабілеттері мен   мүмкіндіктеріне қарай олардың одан әрі дамуы мен қаблеттерін   іске асыруына жағдай жасау

— -Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін  сабақ өту процесінде қолдану.

— -Ұжымда шығармашылық ахуал тудырып, мұғалімдерді  ғылыми – зерттеу  іс-әрекетіне баулу;

— -Замануи бағытта материалдық – техникалық базаны нығайту

- Оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейту, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!