Мектептің педагогикалық қоғамдыстықтағы жұмысын жоспарлау үдерсі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептің педагогикалық қоғамдыстықтағы жұмысын жоспарлау үдерсі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана

табысқа жете алатынын қаперден шығармаған абзал». 


Н. Ә. Назарбаев



Мектептің педагогикалық қоғамдыстықтағы жұмысын

жоспарлау үдерсі


Заманауи қоғамның тіршілігінде қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Қазіргі заманғы ұйымдар кәсіби қоғамдастықтың білім және инновциялар алмасу үдерісінде маңызды екендігін атап көрсетуде. Білім беру саласы ұйымдастырушылық оқшаулау дамуға кедергі келтіретінін мойындап отыр. Сондықтан мектептер арасындағы ынтымықтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүдесі үшін мектептердің «Білім алушылар қоғамдастығына» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі (Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «білім алушылар қоғамдастығына» мынадай анықтама берілген: «Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде , болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс- қимылдарды жоспарлау, жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер».

Біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін білім алушылар қоғамдастықтарында маңызды стратегия деп санайды.

«Қоғамдыстық» ұғымы үздіксіз оқытуды дамытуда аса маңызды.

ХХ ғасырдың басындағы білім беру саласы жалпылама және бірізді, механикалық үдеріс деген идеяға негізделген. Оқыту құрылымдар мен бөлімшелер аясында ұйымдастырылып , білім басқарылатын бөліктерге және тәртіптерге бөлініп,бағалау санмен өлшенеді.

Бүгінгі күні оқыту сипатына жаңаша қарап, оқушылар өздерінің тану ерекшеліктеріне неғұрлым сәйкес келеді деп есептейтіни тиімді оқыту стильдерінің жаңа тұжырымдамалары оқытудың іргеатасын қалауға тиіс деген пікір кеңінен таралған.

Шет елдерде, яғни Англияда мектептерде жоғарғы стандарттарға жету мақсатында білім алушылар қоғамдыстықтарын дамытуды қолдайды. Білім алушылар жақын арадағы қоғамдастықты құру арқылы, мұғалімдердің кәсіптік деңгейін едәуір көтеретіндігін және балаларды оқытуда жоғары көрсеткіштереге ие болғанына көз жеткізді. Білім беру стандарттарын көтеру осылайша жаңа деңгейге жеткенін дәлелдеп берді.

Мұғалімдер мен мектептерге ынтымақтастық құру үшін кәсіби қоғамдастықтың маңызы зор. Қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде кәсиби қоғамдастық құру қолдауға ие.

Кәсіби қоғамдастықты дамыту мақсатында жетістікке жету үшін нақты себебі қажет.

Қоғамдастықты құру үшін нақты бір заттарды қалай істесе болатындығын, оқыту үдерістерін қалай жоғары деңгейге жеткізуге болатындығын анықтап алу қажет.

Қоғамдастықты құрып табысты нәтижеге жеткендер деректерді зерделей келе идеяларын моральдық құндылықтарға негіздеу керектігін атап көрсете отырып ,қоғамдастықтың құрамындағы мектептер бірлесіп жұмыс жасағанда ғана балаларға терең білім береміз деген сенімде.

Мектеп тәжірибесіне енгізілген өзгерістің тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс істейтін қоғамдастық құру мақсатында.

Мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында бастама жасау негізінде ең әуелі мектеп әкімшілігімен кездесуден бастаймын. Қоғамдастықты құрып жұмыс жасауыма мектеп басшысы және әкімшілік тараптарынан қолдау көрсетеді деген ойдамын. Негізінде мен жұмыс ететін білім ордасында желілік қоғамдастығы құрылып, жұмыс жоспары жасалынған.

Бірақта жұмыстың жүйесі жоқтықтан, мектепте жұмыстың нәтижесіз жүріп жатқандығын ескере келе, осы олқылықты жою мақсатында өзімнің үлесімді қоса отырып, мектептегі білім сапасын көтеруге, мұғалімдердің кәсіби қоғамдастығы аясында жұмыс жасауға бастама жасап, оны жүргізуге мектептен құрылған қоғамдастық мүшелерімен бірлесе, олардың ой- пікірлерін ескере отырып, жоспар құруым қажет. Қоғамдастыққа мұғалімдер ешкімнің ықпалынсыз өз еріктерімен мүше болғаны дұрыс. Сонымен қатар оқушылармыздың ата-аналарынан , мұғалімдерінен түрлі сауалнамалар алып, мектебіміздің нақты қай жерде ақсап отырғандығын ескеріп жұмыс жасауға қадам басамын.

Кәсіби қоғамдастыққа білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің мүше болуы жұмыстың жүйелі жүргізілуіне ықпалын тигізіп қана қоймай , нақты қадам басуға апарар жол болар еді.

Қоғамдастық мүшелерінің теориялық және тажірибелік білімдерін дамытып отыру маңызды мәселе . Қоғамдастық мүшелерінің білікті мұғалім болуы, олардан келетін идеялардың құнды болуына, іс-шаралардың сапалы ұйымдастырылуына ықпал жасайды.

Кәсіби сұхбаттар кезінде бағдарлама негізінде құрылған жеті модуль туралы ақпараттар бере отырып, оларды сабақтарда қолдануға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдермен алмасамын. Әдіс-тәсәлдерді сабақта қолдану дағдыларын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлемін. Сонымен қатар мұғалімдер арасында түрлі тақырыптарда коучингтер өткізуді жоспарлап отырмын.

Қауымдастық мүшелеріне, коучингтерде жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің қатысуы маңызды, қоғамдастыққа жаңадан мүше болғандарға тәжірибе алмасу мақсатында.

Мектептегі тәжірибе кезінде стандартқа сай орта мерзімді жоспарымда түзілген тізбектелген сабақтар топтамасынан өткізілетін сабағыма қоғамдастық мүшелерін қатыстырып, олардың бақылаушы ретінде қатысуын қадағалаймын. Сабағыма қатысатын мұғалімдер бағдарлама негізіндегі модульдер бойынша қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін жете түсінеді және олардың бойында осы әдіс-тәсілдерді қолдану дағдылары қалыптасады деп ойлаймын, сонымен қатар олардың кәсіби дамуға деген ықпалы арта түседі. Мектеп аясында қоғамдастықтың жұмысын жүйелі жүргізе отырып, «тиімді желінің ең басты ерекшелігі сенімділік болып табылатынын ескере отырып,бірлесіп жұмыс істеген кезде желіге қатысушылар сенімге негізделген қарым-қатынас құрудағы мүмкіндіктерін ұлғайтады» деген ұғымды негізге ала келе, әріптестер aрacындa ынтымaқтacтық орнaтып, өзaрa тәжiрбие aлмacуды  жетiлдiру мақсатында біздің мектептің қарамағынан,қалалық мектептер тарапынан мына мектептерді №53, №79, №56, №59 іс-тәжірибе алмасуда желілілік қауымдастық ұйымын ұйымдастырсам деп жоспарлап отырмын.

Желілік қауымдастық мүшелерімен туындап отырған проблемаларымызды ортаға сала отырып ,ортақ жоспар жасап белгіленген тапсырмаларды орындау мақсатында қоғамдастық жұмысының жандануына ықпал жасайды, әрі оларды басқару, жұмыстарына бағыт-бағдар береді.

Кейбір ұйымдастырушылық қағидаттарын алдын – ала жоспарлай отырып, қоғамдастықтағы елеулі факторларды ескере келе, шақырылатын қонақтарға тиісінше ролдер беріп,барлығыныңда белсенді , бірлесе қатысуы аса маңызды екенін айтамын.

Сондықтан мектептер арасындағы ынтымақтастық, мектептерде оқитын оқушылардың ғана емес, барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алып жатқанын, білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналатыны белгілі. Әрине, бар болғаны 6 аптаның ішінде бұрыннан қалыптасқан жағдайларды бірден өзгертіп жіберу мүмкін емес, дегенмен бұл жұмыс елімізде болып жатырған білім саласындағы реформаларды жасаудағы алғашқы қадамдар болып саналады.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу – білімнің, соның ішінде болашағымыз бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік – экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой – пікірі бар жан – жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан – жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең - кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі – жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана – білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады. Білім – қоғамды әлеуметтік мәдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық.
Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу әр ұстаздың, әр бір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі, әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде. Мемлекет тарапынан көптеген қаражаттар бөлініп, еліміздің көп жерлерінде мұғалімдердің біліктілігін көтеру курстары өткізілуде. Мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үздік үлгіге сәйкес деңгейге көтеру көзделген. Жеке тұлғаның білім алу және рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру қарастырылған.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
348
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі