400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық пәнінен 9-сыныпқа арналған ҚМЖ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі:

...................................

«......» ............... 2019ж


ҰМЖ бөлімі: Қоғамның саяси өмірі

Мектебі: Е.Айшуақұлы атындағы орта

мектеп


Күні: 29.01.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағанбет Гауһар Шағырбайқызы

Сынып: 9 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

&17 Мемлекет және оның қоғамдағы рөлі


Мақсаты,

күтілетін нәтиже

- Оқушылар мемлекет және оның қоғамдағы өмірі жайлы айта келіп,

түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, ойын тиянақтай білуге

дағдыланады. Тақырыптың маңыздылығымен танысады.

- Тапсырмалар бойынша атқарушы ұғымын меңгерте отырып

тапсырмаларды орындауда машықтанады және тақырып ұғымын,

түрлерін ажыратуға дағдыланады.

-Топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Тілдік мақсат

Адамдардың өзара әрекеттесуі нәтижесін, ,оның басқалармен қарым-қатынас жасау мәдениетін, сөйлеу мәдениетін зерттейді.

Негізгі ұғымдар: Мемлекет, мемлекет функциялары, мемлекетті басқару реформалары, монархия, республика, диктатура, құқықтық мемлекет.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. А.Смиттің сипаттамасы бойынша мемлекеттің атқаратын функциялары қандай?

  2. Абсолюттік және конституциялық монархиялардың арасындағы ұстанымды айырмаларды табыңдар

  3. Басқарудың президенттік республика мен парламенттік формалары арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай?

  4. Құқықтық мемлекетке сипаттама беріңіз

Диалогке арналған тіркестер:

Мемлекет дегеніміз...

Мемлекеттік билік...

Диктатура...

Құқықтық мемлекет ....

Жазылымға арналған тапсырма: «Үлестірмелі тапсырмалар», «Бес саусақ», «4 сөйлем»

Құндылықтарға баулу

Азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

Тарих, география

Тақырып бойынша алдыңғы білім

-Саясат және билік туралы және халық бұқарасының мүддесін қорғау заңдылықтары туралы біледі.

-

Сабақ жоспары

Жоспарланған кезеңдер

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

1 минут


4 минут

Ұйымдастыру кезеңі (сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру)

Топтастыру «монархия», «диктатура», «республика»

«Сұрақ бізден, жауап сізден» -үй тапсырмасын тексеру

  1. Саясат дегеніміз не?

  2. Билік ұғымын қалай түсінесің?

  3. Саяси билікті жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды ата

  4. «Халық-билік қайнары» деген ұғыммен келісесің бе?

  5. Қайткенде халық өз қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғайтын күшке айналады?

  6. Саяси жүйедегі басты институт?



Адам. Қоғам. Құқық

Қ.Жүкешов

Ғ.Сапарғалиев

Г.Асанбекова



Бағалау парағы

фигуралар

Ортасы

20 минут













































3 минут



7 минут


Мәтінмен жұмыс

Әр топ мәтінді оқи отырып, өз тобының атауын мысал келтіре отырып түсіндіреді. (Коллаж жасау)

Терминмен жұмыс

Термин сөздер анықтамасымен дәптерге жазады

Ағылшын экономисі А.Смиттің тұжырымдамасы:

Мемлекет 3 функция атқаруы керек:

  1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау;

  2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелері тарапынан болатын езгіден сақтау;

  3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау.


Мемлекетті басқару формалары

Прямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 3 Прямая со стрелкой 10


Монархия республика диктатура

Прямая со стрелкой 11 Прямая со стрелкой 12 Прямая со стрелкой 13 Прямая со стрелкой 14

Абсолюттік президенттік


Конституциялық парламенттік


Монархия-(грек. Monarchia-өзі билейді)-билік атадан балаға мұра ретінде қалады.

Абсолюттік монархия- мұраланған тақ иесінің ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі.

Конституциялық монархия-билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауыпбасқаруы.

Республика (res- іс, publicus-қоғамдық, жалпыхалықтық)- билік тізгінін ұстайтын адам билікке ұмтылушылар арасынан еркін сайлау жүргізу арқылы таңдалады.

Парламенттік республика-парламент жетекші рол атқарады, заңдарды ұсынады және қабылдайды.

Президенттік республика- президентті және парламентті халық сайлайды. Негізгі билік президентте.

Диктатура(лат.dictare-нұсқау беру)-бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру.

Құқықтық мемлекетте- адам және азамат құқығы мен бостандығы беріледі.


Сергіту сәті

«Әлем елдеріне саяхат» Қай елде тұрғың келеді?

Пікірлерін білу


«4 сөйлем» әдісі арқылы сабақты қорыту

  1. Пікір

  2. Дәлел

  3. Мысал

  4. Қорытынды


Интерактивті тақта


Мәтін 97-102 беттер


Флипчат,

Маркер


Слайд






































видео








5 минут







Кері байланыс- «Бес саусақ» әдісі сабақ туралы

Бас бармақ – басты мәселе

Балалы үйрек – бірлесу

Ортан терек – ойлану

Шылдыр шүмек – шынайылық

Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:

1.«Бас бармақ»- басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе

не болды?

2. «Балалы үйрек»- бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге

көмек бердім, кімді риза қылдым?

3. «Ортан терек»- ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе

алдым?

4. «Шылдыр шүмек»-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма?

Неліктен?

5 «Кішкентай бөбек»-көңіл-күй ахуалы.

Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?



Үйге тапсырма: &17

бағалау












Қосымша ақпарат

Саралау-сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсет-пексіз? Сіз басқаларға қара-ғанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау-сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары мен оқыту мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз уақытымды ұтымды пайдала алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқытуға қатысты)

1.

2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді? (оқыту мен оқытуға қатысты)

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін білдім



















 

                         I деңгейлік сұрақтар.

  1. Мемлекеттің үш функциясы?

  2. Билікке келу жолдары?

  3. Мемлекеттің басқару формалары?

  4. Монархияның екі түрі?

  5. Абсолюттік монархия дегеніміз не?

  6. Конституциялық монархия дегеніміз не?

  7. Республикалық басқарудың екі түрі?

  8. Диктатура дегеніміз не?

  9. Мемлекеттің құрылуының түрлері?

 

                  II деңгейлік сұрақтар.

  1. Абсолюттік монархияның конституциялық монархиядан айырмашылығы неде?

  2. Президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңдар?

  3. Тоталитаризмнің авторитаризмнен айырмашылығы неде?

          

             III деңгейлік сұрақтар.

 

  1. Тарих пәнімен байланыстырып буржуазиялық революцияға дейін монархиялық атап өтіңдер?

  2. Ең бірінші рет парламенттік республика қай елде, қандай тарихи оқиғадан кейін орнатылды?

  3. Фашистік диктатура қашан, қандай елдерде орнатылды, көсемдері-кімдер?

 

 











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.03.2019
1377
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі