Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қызылорда медициналық жоғары колледжі


Оқу сабағының жоспары №2

Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері.

(сабақтың тақырыбы) Мағынаны тану: ДЖИГСО әдісін қолдана отырып, топтарға 5 түрлі мәтін таратылады. Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту.


      Модуль /пән атауы: Денсаулық сақтаудағы экономика және құқық негіздері

      Педагог: Усманова Асия Серикболовна дайындады

     2023 жылғы "___" ____________

      1. Жалпы мәліметтер

      Курс:1,2, Мамандығы: «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі», «Ортопедиялық стоматология», «Фармация», «Стоматология»

Топтар:

      Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту

      2. Мақсаты, міндеттері: Мемлекет пен құқық теориясы туралы түсіну. Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде білу. Конституцияның заңдық қасиеттерін анықтау. Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлерін ажырату. Құқықтық институттардың мақсаттарын анықтау

     3. Күтілетін нәтижелер: Мемлекет пен құқық теориясын түсінеді. Конституциялық құқықтың маңыздылығын анықтайды. Конституциялық құқық нормаларын және олардың түрлерін ажыратады. Құқықтық институттардың мақсаттарын анықтайды.

4.Тәрбиелік мақсаты: Білім беру ортасында жағымды психологиялық –педагогикалық ахуал қалыптастыру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолдау көрсету

      5. Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта   

1.Қ.С.Есенғалиева «Экономика негіздері» оқулығы 2013жыл

2.Ә. Абдуллаев «Экономикалық теория» Оқу құралы 2004жыл

3.Ж.Р.Қазақбаева «Құқық негіздері» Оқу құралы 2019ж


      5. Сабақтың барысы:

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекеттер

Басы

20 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі.

Аудиторияның, кабинеттің және топтың сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа қатыспаған студентті белгілеу, студенттерді сабақтың мақсатымен, жоспарымен таныстыру

2. Үй жұмысын тексеру.

Экономикалық теорияның негізгі бөлімдеріне сипаттама беріңдер:


Экономикалық теорияның бөлімі

Зерттеу деңгейі

Санаттар

Зерттеу мақсаттары

Микроэкономика




Макроэкономика




Әлемдік экономика




ІShape2 ІІ топқа тапсырма: Ассоциация құру

Shape3

Экономикалық ресурстар





Shape4


ІҮ топқа тапсырма: Тапсырма: «Иә», «Жоқ»

Ү топқа тапсырма:

1. Меншіктің заңдық және экономикалық жақтарының айырмашылықтарын анықтауға қандай факторлар әсер етеді?

2. Адам мен қоғам өміріндегі меншіктік қатынастардың рөлі мен мәнін негіздеңіз?

3. Мына ойды қалай түсіндіруге болады: «Жеке меншік — жекеленген, ал қоғамдық — иесіздендірілген»?

4. Сіздер қалай ойлайсыздар, болашақта ҚР-да меншік­тің қай формасы бекітіледі?

5. К.Маркс түсінігін негіздеңіз — «Шенеуініктер жеке меншік сияқты мемлекеттік және саяси билікті меншіктенеді? 

Дескрипторлар:

1.Экономика түсінігі. Экономиканы неге оқуымыз керек?

2.Негізгі экономикалық мәселелерді анықтайды

3.Нарықтық экономикаға жалпы сипаттама береді

4.Нарықтық экономикаға өту жағдайы. Қазақстан Республикасындағы ауыспалы кезең сипаттамасын береді.

5.Өндіріс мүмкіндіктерінің қисығын сызады.

3. Білім алушыларды оқу мақсатымен бағалау критерийлерімен таныстыру.

Қолдану: тақтамен жұмыс атқарады.

Анализ: мәтінді талдау, сұрақтарға жауап береді.

Бағалау: Экономика, микроэкономика, макроэкономика түсініктерін қалыптастыру.

Ортасы

50 мин

5. Жаңа сабақты түсіндіру

Мағынаны тану: ДЖИГСО әдісін қолдана отырып, топтарға 5 түрлі мәтін таратылады. Топтар мәтінмен жұмыс жасайды. Жаңа білімді оқушының өзі игеруі, бірін-бірі ұжымдық оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Мемлекет пен құқық теориясы туралы түсінік

2.Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде

3.Конституцияның заңдық қасиеттері.

4.Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлері.

5.Құқықтық институттар.

5.1 Тақырыпқа сәйкес терминдермен жұмыс (сабақтың тілдік мақсаты)

Мемлекет – Государство - The state

Құқық – Право - Right

Конституция – Конституция - Constitution

Заң – Закон - Law

Құқықтық норма – Правовая норма - Legal regulation

6. Жаңа сабақты бекіту

1-топ: Сұрақтарға жауап беріңіз

1.Мемлекет ұғымы туралы қандай теориялар бар?

2.Мемлекеттің мәнін түсіндіретін әдістерді атаңыз

3.Мемлекеттің қандай негізгі белгілері болады?

4.Құқықтық және әлеуметтік мемлекетті сипаттаңыз

5.Мемлекеттік басқарудың түрлері қандай?

6.Құқық ұғымының белгілерін айтыңыз

7.Құқықтық номативтік актілердің қандай түрлері бар?

8.Құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті сипаттаңыз

9.Конституция дегеніміз не?

10.Қонституциялық құқық дегеніміз не?

11.Конституцияның үстемдігі дегенді қалай түсінесің?

12.ҚР Конституциясының қалыптасу кезеңдері


2-топ: Тест тапсырмалары

1. Конституциялық құқық жүйесі өзіне мыналарды қамтиды:

A) Конституциялық құқықтың нормалары

B) Құқықтық әдет-ғұрып

C) Жалпы және ерекше бөлімдерді

D) Әділ соттылығының конституциялық қағидалары

E) Конституциялық-құқықтық нормалар, қағидалары мен институттары.

2. Белгілі теориялық принциптердің жиынтығын, логикалық әдістер мен тәсілдерін, конституциялық-құқықтың әсер ету нысандарын қолдану және конституциялық құрылыс негіздерінің, тұлғаның құқықтық дәрежесінің, мемлекет құрылымының заңдық негізін зерттеу – бұл:

A) Конституциялық құқықтың қағидалары

B) Конституциялық құқықтың әдістемесі

C) Конституциялық құқықтың жүйесі

D) Конституциялық құқықтың ғылымы

E) Конституциялық құқықтың нормасы.

3. Конституциялық құқықтың нормалардың байланысы мен өзара келісімділігін көрсететін және оларды жеке құрылымдық құқықтық институттарға бөлетін объективті құқықтық құбылыс не?

A) Конституциялық құқықтың нормасы

B) Конституциялық құқықтың әдісі

C) Конституциялық құқықтың жүйесі

D) Конституциялық құқықтың қағидасы

E) Конституциялық құқықтың пәні.

4. Қоғамдық қатынастардың белгілі бір түрін реттейтін және конституциялық құқық саласының бөлігі болып табылатын конституциялық құқықтық нормалардың жиынтығы – бұл:

A) Конституциялық құқықтың әдісі

B) Конституциялық құқықтың пәні

C) Құқықтық институт

D) Құқықтық құбыластар

E) Заңды факт.

5. Конституциялық – құқықтық қатынастардың субъектісінің мүмкін және міндетті мінез-құлқын анықтайтын, мемлекет бекітетін және қорғайтын міндетті мінез-құлық ережесі – бұл:

A) Конституциялық құқықтың жүйесі

B) Конституциялық құқықтың әдістемесі

C) Санкция

D) Конституциялық-құқықтық нормалар

E) Конституциялық – құқықтық қағидалар.

6.Конституциялық-құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады:

A) Заңды факт

B) Іс-әрекет еркіндігі

C) Территория және меншік

D) Жағдай және шарттар

E) Барлығы дұрыс.

7.Дұрыс жауапты көрсетіңіз. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қайнар көзі болып  табылады:

A) Федерация субъектілерінің заңдары

B) Конституция мен заңдар

C) Соттық прецедент

D) Құран

E)  Конституциялық әдет ғұрып.

8.Төменде көрсетілген құқық салаларының қайсысы ҚР ұлттық құқық жүйесінің ядросы болып табылады:

A) Мемлекет және құқық теориясы

B) Конституциялық құқық

C) Еңбек құқығы

D) Азаматтық құқық

E) Халықаралық құқық.

9.Қаз КСР Конституциясы қашан қабылданды:

A) 1977 жылы

B) 1934 жылы

C) 1978 жылы

D) 1993 жылы

E) 1917 жылы.

10. Қазақстан Республикасының қай Конституциясы бойынша Конституциялық сот конституциялық бақылау органы болып табылады:

A) 1993 жылы

B) 1978 жылы

C) 1977 жылы

D) 1995 жылы

E) 1991 жылы.

11. 1995 жылғы Конституция құрылымы бойынша келесілерден құрылады:

A) Преамбула және өтпелі ережелерден

B) Преамбула және 7 тараудан

C) Преамбула, негізгі, өтпелі ережелерден және қорытынды бөлімнен

D) 8 бөлімнен

E) 10 бөлімнен, қорытынды және өтпелі ережелерден.

12. Қазақстан Республикасында биліктің жалғыз қайнар көзі және субъектісі болып табылады:

A) Азамат

B) Халық

C) Адам

D) Демократия

E) Өзін-өзі басқару.

3-топ: Термин сөздерге анықтама беріңіз

  1. Мемлекет

  2. Құқық

  3. Заң

  4. Нормативтік актілер

  5. Заңдық нормалар

  6. Конституция

  7. Құқықтық институттар

  8. Конституциялық құқық

  9. Онтологиялық қызметі

  10. Гносеологиялық қызмет

  11. Методологиялық қызмет

  12. Эвристикалық қызмет

Дескриптор:

1.Мемлекет пен құқық терминдерін біледі;

2.Конституциялық құқық заңнамаларын анықтайды;

3. Конституциялық құқық- Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде біледі;

4. Конституцияның заңдық қасиеттерін анықтайды; 5.Конституциялық құқықтық нормалар және олардың түрлерін ажыратады;

6.Құқықтық институттардың мақсаттарын анықтайды.

Соңы

20 мин



Қорытындылау

«Мемлекет» түсінігі туралы біліміңізді үш сөйлеммен беріңіз.

1. Мемлекет бұл ________________________.

2. Құқықтық мемлекет бұл ________________________.

3. Конституция бұл ____________________.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім ?

- немен жұмыстыжалғастыруқажет?

Рефлексия.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмыстыжалғастыруқажет

-Сабақ барысында мен үшін ......қызықты болды…

-Бүгінгі сабақта мен ..............білдім….

Құқықтық мемлекеттің қажеттілігін, қасиеттерін жоғары бағалап, Констиуцияның маңыздылығын өзіме қажет етемін. Себебі,...

-Сабақтамағанқиынболды…

-Бірақ, мені... таңқалдырды.

Бағалау:Мадақтау сэндвичі.

  • міндетті бағыт бойынша:

Қ.И.Оспановтың «Құқық негіздері» оқулығынан «Мемлекет пен құқық теориясына кіріспе. Конституциялық құқық негіздері» тақырыптарын (236-252 беттерін) конспектілеу

тереңдетілген бағыт бойынша:

  • Мемелекет пен құқық теориясына қатысты видеороликтер жинақтап, презентациялау

  • «Конституциялық құқық» тақырыбында презентация дайындау

  • шығармашылық бағыт бойынша:

  • «Менің құқығым мен міндетім» тақырыбында эссе жазу




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.01.2025
246
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі