400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мемлекет қорғанысының конституцялық негіздері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғашқы әскери дайындық бойынша конспекті. Мектеп оқушыларына көмегі бар.Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК - сының негізделген ережелері. Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР - ның Негізгі Заңында тіркелген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып №1. Мемлекет қорғанысының конституцялық негіздері.

Қазақстан Республикасының конституциялық негіздері, Конституция ҚР негізгі заңы. Қоғам және мемлекеттегі Қарулы Күштер
ҚРК құрылымының негіздері дегеніміз – Қазақстанды демократиялық, құқықтық, айырлы және біртұтас Мемлекет ретінде сипаттайтын ҚРК - сының негізделген ережелері.
Адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын мойындау, сақтау мен қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мұндай адам мен азаматқа бағытталған нақты мақсат бірінші рет Конституция мәтінінде – ҚР - ның Негізгі Заңында тіркелген.
ҚРК - да демократияның мәні – «халық билігі» деп атап айтқан. Халық өз билігін тікелей өз өкілдері арқылы жүргізеді. ҚРК - да халық атынан сөйлеу құқы Парламент пен Республика Президентіне берілетіндігі бекітілген. Яғни, ҚР Президентін және Парламентті халықтың өзінің сайлауы немесе мемлекет басшыларының тиісті лауазымдарға тағайындалуы ҚРК белгілеген тәртіп пен республика заңдары бойынша іске асырылады.
ҚРК жеке меншікке қол сұқпауға, жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, бәсекелестікті қолдауға кепілдік береді.
ҚРК - да «Діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Мемлекет қандай да болсын бір дінге немесе атейзмге артықшылық бере алмайды» делінген, яғни біздің мемлекетіміздің басшыларының қандай да бір діни ағымдарға тәуелсіз екенін білдіреді.
ҚРК мен заңдары өз аумағының бірртұтастығын, бөлінбеуін және қол сұғылмауын қамтамасыз етеді. Өзінің бұл міндетін ҚР шекаралық әскерлер мен ҚК - ді қолдану арқылы жүзеге асыруға құқылы.
ҚРК – ның жоғары заңды күші бар. ҚРК - на сәйкес барлық заңдар ресми түрде жарияланады. Жарияланбаған заңдардың күші болмайды. Кез келген адам мен азаматтың құқығын, бостандығы мен міндеттерін қозғайтын нормативтік актілер ресми түрде жалпы танысу үшін жарияланбаса, қолдануға жатпайды.
ҚР – республикалық басқару нысанындағы мемлекет. Республикалық басқару формасы дегеніміз – халық белгілі бір мерзімде сайлаған үкімет органдарының болуы. ҚР - да Парламент өкілеттілігін 5 жылға, Президент өкілеттілігін 7 жылға халық сайлайды. Өз кезегінде ҚР Президенті мен Парламенті, Конституцияда белгіленген тәртіппен, барлық басқа мемлекеттік органдарды қалыптастырады.
ҚР ҚК - і еліміздің қоғамдық құрылысын, аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін қарумен қорғау үшін арнайы құрылған мемлекеттік механизмнің құрамдас бөлігі болып табылады. Армия – мемлекеттің жоғары заң шығарушы және атқарушы органдары белгілейтін саясатты жүзеге асыру құралы. Республика Конституциясының 124 - ші бабында ҚР - ның егемендігі мен тұтастығын қорғауды ҚК жүзеге асырады деп атап көрсетілген.



ҚРК-Қазақстан Республикасының Конституциясы

ҚРҚК-Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері

ҚК-Қарулы Күштер

ҚР-Қазақстан Республикасы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.05.2022
2523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі