Cабақтың
тақырыбы: Мемлекетіміздің биік мәртебесі
– Мемлекеттік туы, Елтаңбасы, Әнұраны.
Мақсаты:
Бүгінгі сабақта оқушыларға Мемлекетіміздің
Рәміздері туралы , онда не бейнеленген
және нені білдіретіні туралы түсіндіру.
Оқушылардың
Еліміздің Рәміздері туралы білімін
одан ары дамыту.
Қазақстанның
әрбір азаматы еліміздің Рәміздерін
құрметтеуге міндетті екенін түсіндіру
тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекілігі: Рәміз
суреттері.
Сабақ
барысы. 1.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туы
ортасында 32 сәулелі, шұғылалы күн, оның
астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген
тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың
сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған
тік жолақ көктеп өтеді. Күн, шұғыла,
қыран және өрнек бейнелері алтын түстес.
1992
жылдың 4 маусымы тарихта және халық
жадында Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік Рәміздерінің туған күні
ретінде мәңгі қалмақ.
Тәуелсіз Қазақстанның
бүгінгі Елтаңбасы атақты екі архитектор:
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман
Уәлиханның қыруар еңбегі мен шығармашылық
ізденістерінің жемісі. Байқауда жеңіп
шығу жеңіл болған жоқ.
Шеңбер
өмір мен мәңгіліктің белгісі.
Елтаңбамыздың негізгі идеясын
көтеріп тұрған негізгі элемент – шаңырақ
болып табылады. Шаңырақ – отбасы
берекесінің, бейбітшіліктің, байсалдылықтың
белгісі. Аса шеберлікпен және әсем
орындалған түндік көгілдір, бейбіт
аспан аясындағы шұғылалы күнді көрсетіп
тұр.Елтаңбаның көк әлеміне шаңырақтан
тараған уықтар өмірдің бастауы мен
жылуын берер күн сәулелерін еске салады.
Шаңырақтың күлдіреуіштері оның беріктігін
қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін
білдіреді.
Елтаңба
композициясын құрап тұрған келесі бір
деталь – ай мүйізді,алтын қанатты қос
пырақ бейнесі болды. Ол арыстанның
айбатын, қыранның қырағылығын, өгіздің
күші мен қуатын, бұғының жылдамдығы мен
шапшаңдығын, түлкінің жауына қарсы
қолданар қулығы мен тапқырлығын
білдіреді.Тұлпарлардың алтын қанаттары
сондай-ақ бидайдың бауы мен алтын масақты
еске түсіріп, еңбектің жемісі – тоқшылық
пен жақсылықтың белгісін де меңзеп
тұр.
Елтаңбаның
ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан.
Ол тәуелсіз мемлекетіміздің бес құрлыққа
бірдей ашық, әлемдік өркениет көшіне
өз болмыс-бітімімізді сақтай отырып
ілеспек ниетіміз бар деген ойға
мегзейді.
Елтаңбаның
түсі – алтын және көгілдір түсті.
Алғашқысы халқымыздың жарқын да ашық
болашағымызға деген сенімді білдіреді.
Көгілдір аспан әлемнің барлық халықтары
үшін ортақ түс. Біздің Елтаңбамыздағы
көгілдір түс Қазақстанның жер бетіндегі
барша халықпен бейбіт, ынтымақтастықта,
достықта және бірлікте өмір сүруге
деген ұмтылысын
білдіреді.
Әнұран.
Сөзін
жазған : Жұмекен Нажімеденов,
Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын
күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің
дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден
ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын
бермеген,
Қазағым мықты
ғой!
Қайырмасы:
Менің
елім, менің елім,
Гүлің болып
егілемін,
Жырың болып төгілемін,
елім!
Туған жерім менің -
Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең
байтақ жерім бар.
Бірлігі
жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы
алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің
ел бақытты,
Біздің ел
осындай!
Қайырмасы:
Менің
елім, менің елім,
Гүлің болып
егілемін,
Жырың болып төгілемін,
елім!
Туған
жерім менің - Қазақстаным!
Әнін Шәмші
Қалдаяқов
|
Қортынды:
Мемлекеттік
рәміздер кез келген мемлекеттің дамуының
ажырамас бөлігі болып табылады және
ұлттық идея деп аталатын кез келген
мемлекеттің тұжырымдамасының, іргетасының
және құрыымының негізін көрсетеді.