400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттердің құрылысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге керек сабақ өткізгенге.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Курс

I

Топ

С-12

Сабақтың №

2

Мамандығы-біліктілігі:

Мамандық: 1114000 «Дәнекерлеу ісі» (түрлері бойынша)

Біліктілігі: жоғары деңгей 1114042- «Электргазымен дәнекерлеуші

Орта буын маманы: 1114063- Техник-механик


Модульдің атауы

География


Сабақтың тақырыбы

Мемлекеттердің құрылысы

Күні


Ұзақтығы

2 сағ. /90мин/

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға дүниежүзінің саяси картасындағы мемлекеттердің құрылысымен толық таныстыру.

Білімділік:

Дүниежүзінің саяси картасы мемлекеттердің құрылысының әртүрлігі жөнінде түсініктер бере отырып, толық тақырыпты ашу, баяндау.

Дамытушылық:

Дүниежүзінің саяси картасындағы тәуелсіз және тәуелді мемлекеттерге кесте толтыру

Тәрбиелік:

Өзіміздің және басқа ұлтты және оның тарихын, тілін, дәстүрін құрметтеуді тәрбиелеу;

Күтілетін нәтижелер:

• Дүниежүзінің саяси картасының мемлекеттердің басқару форма түрлерін біледі;
• Мемлекттердің құрылымындарын ажырата алады;
• басқару формаларының түрлерін топтастыра алады;
• Мәтіндегі негізгі ойды айта алады; 
• Оқушылар бірін-бірі оқытуға үйренеді;
• Терминдер мен ұғымдарға анықтама бере алады.

Сабақтың түрі:

аралас

Қажетті жабдықтар мен құрылғылар:

Проектор , саяси карта, суреттер, сызба, кесте, үлестірме қағаздар және т.б.

Қосымша әдебиетттер:

Бейсенова Ә., Каймулдинова К., Әбілмажінова С., Баймырзаев Қ., Достай Ж., География. Дүниежүзіне жалпы шоу. ТМД елдері, Алматы,2014 жыл.






Сабақтың конспект-жоспары

Сабақтың барысы

Уақыты (мин.)

Іс-әрекет түрлері

Оқу ресурстары мен

материалдары

1. Ұйымдастыру кезеңі:


2 мин.

Амандасу. Тізім бойынша студенттерді түгендеу.


2.Үй тапсырмасын тексеру:

1. Саяси карта дегеніміз не ?

2. Саяси картадағы өзгерістер туралы не білесің ?

3. Саяси картаның қалыптасуы неше кезеңнен тұрады ?

4. Саяси картадағы жаңа, ең жаңа кезең туралы не айтасың ?

5. Бүгінгі сабағымыздың Қазақстанмен қандай байланысы бар ?

- Саяси картада не белгінеді?

20 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,

2) баяндама қорғау арқылы,

3) карточка арқылы,

4) тақырыпты ауызша мазмұндауы арқылы.

3. Жаңа сабақты меңгерту:

Жоспар:

1. Дүниежүзінің саяси картасындағы тәуелсіз мемлекеттер

2. Тәуелді мемлекеттер

3. Әкімшілік-аумақтық құрылым

1. Дүние жүзінің саяси картасының обьектілері. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының обьектілері қатарына мемлекеттік мәртебесі жарияланған және жарияланбаған 267 ел мен аумақ жатады. Оларды басты екі топқа : 1) мемлекет мәртебесі жарияланған, халықаралық деңгейде танылған тәуелсіз мемлекеттер ; 2) дербес басқару мәртебесіне ие болмаған тәуелді аумақтар деп екіге бөледі. Олар бір – бірінен жерінің ауданы, халық саны, әлеуметтік – экономикалық даму деңгейіне қарай айырмашылық жасайды. Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.

Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді. Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.

Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.

Монархия — жоғарғы мемлекеттік билік өмір бойы бір ғана басшының, яғни, монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару формасы. Монархияның өзгешелігі:

Бір ғана адам мемлекет басшысы, ол — монарх;

Билік мұрагерлік бойынша беріледі;

Монарх заңға бағынбайды (монархты биліктен аластатуға болмайды).

Монархиялардың түрлері

Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия (Ватикан) болып табылады.

Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді:

Сословиелік-өкілдік монархия — монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі (Ресейдің Земский соборы, Испаниядағы Кортестер) Конституцилық монархия — монархтың билігі белгілі бір арнайы Конституция актісінің негізінде шектелген монархия. Өз кезегінде конституциялық монархия екіге бөлінеді:

Республика — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын, не болмаса өкілдік мекемелері құратын басқару формасы. Бұл басқару формасында жоғарғы органдар сайлаушылардың алдында барлық жауапкершлікті алады.

Әрдайым бірнеше билік органдары болады, сондай-ақ органдардың арасындағы өкілеттілік жеке-жеке бөлінеді, яғни белгілі орган басқа бір органнан тәуелсіз; Мемлекет басшысы — Президент; Биліктің жоғарғы органдары және лауазым иелері халық алдында жауапкершілік көтереді.

Республика түрлері

Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).

Парламенттік республикалар — бұл мемлекеттерде мемлекеттік басқару билігіндегі елеулі орында парламент алады. Парламент үкіметті құрып, кез-келген уақытта таратуға құқылы. Бұндай мемлекеттердің президенттері елеулі өкілеттілікке ие емес (Израиль, Грекия, ГФР).

Аралас республика — бұндай басқару формасы бар елдерде президенттің өкілеттілігі парламенттің өкілеттілігімен тең дәрежеде болады, сондай-ақ президенттің әр бір атқарған ісі, үкіметті құруы немесе таратуы міндетті түрде парламенттің қатысуымен жүргізілуі қажет[5] (Ресей, Украина, Португалия, Франция).

2. Тәуелді аймақ (ағылш. Dependent territory) - басқа метрополиялы (көбіне бұл аймақтан алыста орналасқан) мемлекеттің қарауындағы айқындалған шекаралары бар жер телімі. Бұл аймақтың саяси тәуелсіздігі мен толық егемендігі болмағанымен ішінара автономиясы болады.


Көбінесе қазіргі заманның тәуелді аймақтары - бұрынғы колониялық империялардың қалдықтары. Ресми түрінде бұл аймақтардың тұрғындары метрополиялы мемлекеттің азаматтарымен құқықтары бірдей, бірақ шын мәнінде ол статусқа көбіне еге бола алмайды. Бұл аймақтарға екі қарама қарсы сипат тән: бір жағынан, көп жағдайда бұл аймақтардың экономикалық жағдайы көршілес деколонизациядан өткен тәуелсіз мемлекеттерге қарағанда жақсы болады. Мысалы, Франзуз Гвианасы немесе Пуэрто Рико. Бірақ, екінші жағынан Бұл елдерде жергілікті тұрғындарының табысы метрополиялы мемлекттің азаматтарының табысынан аз және лауазымды шендерге көбіне үлкен мемлекет тағайындаған, сырттан келген қызметкерлер қойылады.

3.Унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді. Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдік фактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (АҚШ, Австралия, Австрия, ГФР, Аргентина, Венессуэлла, Бразилия, Мексика) ұлттық негізде құрылған федеративті мемлекет (Үндістан, Бельгия, Нигерия, Пәкістан); аралас ұлттық-территориялық негізде құрылған федеративті мемлекет (Ресей, Канада, Швейцария). Федеративті мемлекетке тән, барлық федеративті мемлекеттер негізделген бес бастапқы принциптер: 1) федералды заңның жоғарылығы; 2) мемлекеттік құрылым негіздерінің бірыңғайлығы; 3) федерация аумағында адамдардың, тауар айналымының еркін қозғалысы; 4) федерация субъектісінің біржақты өз бетінше мәртебесін ауыстыруға тыйым салу; 5) мемлекеттік аумақтық тұтастыққа зиян тигізетін федерация субъектісінің бөлінуіне жол бермеу.

50 мин.

Жаңа сабақты түсіндіру

Дәптермен жұмыс

Саяси картамен жұмыс








































































































Тақырып бойынша талдау жасау

Сызба, кестелермен, үлестірме тапсырмалармен жұмыс жүргізу

4. Алған білімдерін бекіту:

Тесті орындайды.

1. Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қатарына қанша ел мен аумақ жатады ?

а. 300      б. 415      в. 267      г. 191

2. Дүние жүзінің тәуелсіз мемелекеттерін мемелекеттік құрылымы бойынша монархиядан басқа неге бөледі ?

а. федерациялы   б.республика   в.унитарлы   г. теократты монархия

3.2000- жылғы санақ бойынша қанша тәуелсіз мем-р бар ?

а. 215       б. 361          в. 191         г. 217

4.Монархиялық мемлекеттерде жоғарғы өкімет билігі кімнің      қолында ?

а.  президент     б.кароль     в. парламент      г. хан

5.Қай монархиялық мемлекетте мемлекет басшысы дін қызметін атқарады ?

а. теократтық  .   в. унитарлы    б. абсалюттік      г. федерациялы

6.Мына елдердің қайсысы  тәуелді аумақтарға жатады ?

а. Малайзия     в. Бруней       б. Нигерия       г. Мартиника

7.1919 жылы құрылған Ұлттар Лигиясы қай жылы өз жұмысын   тоқтатты ?

а. 1945      в. 1939       б. 1925      г. 2004

8.БҰҰ- ға 2000 ж. қанша мемлекет мүше болды ?

а. 188        в. 190         б. 119         г. 215

9.Аргентина қандай мемлекет ?

а. монархиялық      в. федерациялы       б. унитарлы      г.тәуелсіз

10.БҰҰ- ның бас хатшысы Бас Ассамблея қанша мерзімге

тағайындалады ?

а. 4 жыл            в. 6  жыл                б. 5 жыл                 г. 7жыл


10 мин.

1) сұрақ-жауап арқылы,;

2) студенттер жауап беру барысында өзінің және өзге де білім алушылардың берген жауаптарындағы қателіктерді анықтайды;

3) тақырып бойынша кесте толтырады;


7. Үйге берілген тапсырма:

3 мин.

Жаңа тақырып бойынша реферат, баяндама немесе шағын конспект әзірлеу.

8.Сабақты қорытындылау.

5 мин.

Студенттердің білімідерін бағалау



Пән оқытушысы қолы_________

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
24 маусым
1103
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі