Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын жүзеге асыруда әлеуметтік
– бағдарлы білім беру процесін
ұйымдастыру.
Елбасымыз
қай Жолдауында болмасын, ең негізгі
фактор ретінде адам өміріне, оның
денсаулығына, білім алуына, әлеуметтік
қолдауға ие болуына баса назар аударып
келеді. Осы орайда 2011 – 2020 жылдарға
арналған білім беруді дамыту
бағдарламасында білім саласы жүйесін
жаңғыртуды жан – жақты қарастырған.
Біздің алдымызда тұрған маңызды
міндетіміз бәсекеге қабілетті, білімді
меңгерген, ой - өрісі дамыған ғана
емес, жоғары азаматтық және адамгершілік
ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен
әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан
зияткер ұлтты қалыптастыру. Қазіргі
таңда өскелең ұрпақты тәрбиелеу
маңызды мәселелердің бірі болып
табылады және олардың әлеуметтік
ортаға бейімделуін, қоғамда өз орындарын
дұрыс бағыттай алуын, құқықтарының
қорғалуын, үлкендер тарапынан зорлық
– зомбылыққа ұшырамауын.
Әлеуметтік
педагог – социумның «әлеуметтік
диагнозын» қою барысында оқушылардың
жас және психологиялық ерекшеліктерін,
олардың қабілетін қызығушылығын
зерттейді. Ресми емес ұйымдардың
балалар мен жасөсіпірімдерге тигізетін
онды және теріс ықпалдарын анықтайды.
Ол психологиялық медициналық құқықтық,
адамгершілк – этикалық және басқа да
сипаттағы проблемаларды шешуге
көмектеседі. Қоғам мен отбасы, бала
тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші
бола отырып, тәрбиеленушінің шынайы
өмірге қалыптасуына, балалар мен
ересектер арасындағы гуманистік,
рухани адамгершілік қарым – қатынастарға
ықпал етеді. Әлеуметтік педагог қызметі
балалардың дамуы мен қорғауды қамтамасыз
ету заңына негізделген. Әлеуметтік
педагог сонымен қатар өз қызметінде
Қазақстан Республикасы «Білім туралы»
заңын, БҰҰ «Балалардың құқықтары
туралы Конвенция», ҚР «Неке және отбасы
туралы заңы», басқа да нормативтік
актілермен құжаттарды, осы ережені
басшылыққа алады.
Қазіргі
таңда Қарақия ауданы № 5 орта мектебімізде
ата – анасынан айырылған 1 оқушы бар.
Бұл оқушының анасы мен әкесі қайтыс
болған. Бүгінгі таңда баланың статусын
заңды түрде дәлелдеу жұмыстары
атқарылып жатыр. Мұндай жағдайларда
балаларға қамқорлық жасау жауапкершілігін
қоғам мен мемлекет өз қолына алады.
Осы тұста мектебіміздегі жетім және
қамқорлығынсыз қалған балалардың
жағдайын айтар болсақ, балалар тегін
ыстық тамақпен қамтылған. Жазғы демалыс
күндерінде бұл балалар мектеп
жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде
тегін демалды. Биылғы оқу жылында
әдеттегідей бәріне бірдей керекті
қысқы жылы аяқ киімдер мен сыртқы киім
алу үшін ата – ана банкоматына ақшалай
қаражат 11449 теңге аударылды.
Жыл
бойы мектеп ұстаздары бала тәрбиесінде
негізгі міндеттерге жету үшін,
оқушылардың даралық ерекшелігін ескере
отырып, әлеуметтік педагогпен сынып
жетекшілермен бірлікте жұмыс атқарады.
Адамның тұлғалық қалыптасуының
әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі
ертеден – ақ дәлелденген. Бұл туралы
ғалым Л.С.Выготский өзінің зерттеулерінде
ерекше мән берген. Ол адам – әлеуметтік
ортаның негізгі құрамдас бөлігі деп
есептейді. Л.С.Выготский әлеуметтік
ортаны шартты түрде адамдар қарым –
қатынасының жиынтығы деп есептей
келе, әлеуметтік ортаның ерекше
өзгермелі жаңа мазмұны, түрлі тәрбиенің
өте икемді, қажетті құралы бола
алатындығын дәлелдейді.
Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында үздік әлемдік
тәжірибеге сай жалпы білім беретін
мектептердегі Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене бітімі және рухани
дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін әлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін жеке тұлғаның білім
алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл – ауқаты
үшін бәсекеге қабілетті адам ресурстарын
дамыту туралы атап көрсеткен. Бүгінгі
мектеп психологтары мен әлеуметтік
педагогтардың алдында үлкен де, күрделі
міндет тұр, оны шешу үшін кәсіби білім
мен іскерлікті меңгеру керек.
Қорыта
келе оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде
мектеп психологымен әлеуметтік
педагогтың рөлі ерекше деп атауға
болады. Өйткені олардың бірігіп
атқаратын жұмысының нәтижесінде жеке
тұлғаның жан – жақты дамуына және
қалыптасуына кең жол ашылады.