400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мемлекеттік емтиханды тапсыруға дайындық бойынша психологиялық кеңес"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп бітірушілерге психологиялық кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мемлекеттік емтиханды тапсыруға дайындық бойынша психологиялық кеңес


Мектеп бітірушілерге емтихан тапсыруға дайындық бойынша ақыл-кеңес:

  • Алдымен сабақ оқуға ыңғайлы орын дайында: үстелдің үстінен артық заттарды ал, керек кітаптарды, дәптерлерді, қағаздарыңды, қаламдарыңды ыңғайлап жина.

  • Бөлмеге сары, ақшыл көк түстерді енгізуге болады. Ол түстер адамның интеллектуалды беделін көтереді. Бұл түстерді қолдану үшін сол түстердегі қандай да бір суретті қоюға болады.

  • Сабақ жоспарын құр. Алдымен анықтап ал, үкісің ба? немесе бозторғайсың ба?

  • Осыған байланысты таңғы немесе кешкі уақыттарыңды максималды түрде жұмса.

  • Дайындықтың әр күніне жоспар құрып, оқылатын тақырып нақты және анық болу керек;

  • Ең қиыннан, өзің нашар білетін тақыбыңнан баста. Егер саған қиын болса өзіңе қызық және ұнайтын тақырыптан баста.

  • Оқу мен демалысты ауыстырып жүр. Қырық минут сабақ оқу, он минут демалыс. Осы уақытта ыдыс жууға, гүлге су құюға, денеңді шынықтыруға, душ қабылдауға болады.

  • Оқығаныңды жаттап алу міндет емес. Мүмкіндігіңше қағазға жоспар құрып, схема сызып, материалдың құрылымын дайындаған жөн.

  • Әр пән бойынша әртүрлі жарияланған тесттерді көбірек орында. Бұл жаттығулар сені тесттердің құрылымымен таныстырады.

  • Емтиханға дайындалу кезінде ешқашан тапсырманы орындай алмаймын деп ойлама, керісінше ойша өзіңе салтанатты жағдайды елестет.

  • Емтиханға дейін барлығын қайталауға, ең қиын сұрақтарға тоқталу үшін бір күн қалдыру керек.


Емтихан қарсаңында:


  • Тестке 1 күн қалғанда жақсылап ұйықтап демал. Таза ауада достарыңмен, ата-анаңмен серуенде.

  • Тест күні күндегіден ерте тұру керек.

  • салқын сумен жуыну керек;

  • гимнастиакалқы жаттығуларды жасау керек;

  • дұрыстап тамақтану керек.

  • Тамақтану үлгісі

-аса майлы тамақ жеуге болмайды немесе мүлдем тамақтанбауға да болмайды;

  • жеңіл көкеністен жасалған тағамдар жеген дұрыс.

  • Қатты қобалжығандықтан сендерде тәбеттің болмауы мүмкін, бірақ аудитория атмосферасына шыдау үшін тамақтанбаса болмайды.

  • Емтихан бұл-өмірлік күресте өз мүмкіндігіңді, қабілетіңді көрсете білу.

  • Емтихан тапсыратын жерге кешікпей жарты сағат ерте баруың керек.

  • Емтиханда 3,5 (үш жарым) сағат отыратыныңды ұмытпа, қажетті құралдарыңды алып кел.

  • Ойыңды жинақта! Бланкті толтырғанна кейін, өзіңе түсініксіз жағдайларды анықтағаннан соң, ойыңды жинақтап және айналадағыларды ұмытуға тырыс.

  • Сен үшін тек қана мәтін тапсырмасы ,сағат және тестті орындау регламенттік уақыты болуы керек. Уақыттың қаталдығы сенің сапалы жауаптарыңа әсер етпеуі керек. Жауап жазар алдында сұрақты екі рет қайталап, және өзің дұрыс түсінгеніңе, сенен не керектігіне көзіңді жеткіз.

  • Ең оңайынан баста! Көп ойланатын сұрақтарға тоқталмай, өзіңе оңай деген сұрақтардан баста. Содай кейін сен тынышталасың, басың анық және жақсы жұмыс істей бастайды, жұмыстың ырғағына кіресің.

  • Тапсырманы аяғына дейін оқы. Асығыстық жасамай тапсырманың шарттарын түсінуге тырыс. Әр жаңа тапсырама ұпай жинауға берілген мүмкіндік деп ойла.


Емтиханға қатысу! Психологиялық кеңес. АФФИРМАЦИЯ:

АФФИРМАЦИЯ-(өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады.)

  • Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.

  • Әрбір күн, әрбір сағат сайын менің өмірім жақсырап барады.

  • Жақсылық, дұрыс таңдау және амандық үнемі менің қасымда.

  • Болып жақтан істің барлығы-менің игілігім үшін жасалуда.

  • Қазірдің өзінде мен үшін өте сәтті мүмкіндіктер қалыптасып келеді.

  • Мен қандай болсам, өзімді сол қалпында жақсы көремін.

  • Менің қабілетін әр күн сайын жақсаруда.

  • Менің өміріме сәттіліктің, атақ-даңқтың келуін қуана қабылдаймын.

  • Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.

  • Өзімен деген сенімділік үнемі менің жанымда.


Мектеп бітірушілерге тестке қатысты психологиялық кеңес:


  • Тестке кіретін кезде өзіңе сенімді бол.

  • Тестке барарда алдын-ала өзіңді-өзің іштей тыныштандыруға дағдылан.

  • Қобалжымай, өз ойыңды жинақтап, ең жақсы меңгерген пәніңнен баста.

  • Үш жарым сағат уақыт беріледі, сол уақытыңды тиімді пайдалан.

  • Біреуден көмек болар деп жалтақтама, өзіңе сен.

  • Қайта жаңғырту арқылы оқығаныңды есіңе түсір.

  • Жеңілден ауырға деген принцип бойынша, алдымен толық білетініңді белгіле.

Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру туралы психологиялық кеңес:


  • Емтихан туралы жағымсыз ой қалыптастырмаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болыңыз.

  • Емтихан сіздің жеке қасиеттеріңізді емес, білімдеріңізді тексереді.

  • Алдын-ала: «Тапсыра алмасам не болады?»-деп уайымдамаңыз.

  • Емтиханнан өмірлік мәселе жасамаңыз.

  • Іске сәт!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі