Материалдар / мемлекеттік іс қағаздары пәні бойынша тест
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мемлекеттік іс қағаздары пәні бойынша тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
1621
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тест тапсырмалары

І нұсқа

1.Менің өтініш жазу.... керек

а) –ың д) –ім

в) –ға е) –м

с) – ым

2. Іскер адамдардың қарым-қатынас жасауына арналған іскерлік құжаты

а) өмірбаян д) жазба

в) мінездеме е) қолхат

с) визит карточкасы

3.Тілек білдіру мақсатында жазылатын құжаттың түрі қандай?

а) құттықтау хат д) жеделхат

в) ұсыныс хат е) сұраныс хат

с) өтініш

4. Қызығушылық тудыру мақсатында жазылатын құжат түрі

а) бұйрық д) өтініш

в) жарнама е) өмірбаян

с) хаттама

5. Өмірбаянның мәтіні ...... деген сөзден басталады

а) сен д) мен

в) сіз е) біз

с) ол

6. «Расписка» деген қазақша

а) кепілхат д) жеделхат

в) сенімхат е) телефонхат

с) қолхат

7. Талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат

а) өтініш д) өмірбаян

в) түйіндеме е) мінездеме

с) визит карточкасы

8. Визит карточкасының анықтамасын көрсетіңіз

а) іскер адамдардың қарым-қатынас жасауына арналған құжат; в) белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттайтынқұжат;

с) қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылған құжат;

д) белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрайтын құжат;

е) мекеме басшысының атына жазылған құжат.

9. Мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшылық жасайтын құқықтық акт .... деп аталады

а) хаттама д) мінездеме

в) бұйрық е) сенімхат

с) өтініш

10. Қандай құжатқа тән: Мен, азамат Керейұлы Мұса (мекенжайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10 пәтер, жеке куәлік №________ Қазақстан Республикасының ІІМ берген) қалалық кітапхананың сирек кітаптар қорынан төрт томдық энциклопедияның бірінші томын уақытша пайдалану үшін алдым.

Келісілген мерзімде қайтаруға міндеттенемін.

а) куәлiк в) өтiнiш с) қолхат д) мiнездеме е) өмірбаян

11.Өтініш мәтінінің дұрыс құрастырылған нұсқасын табыңыз

а) Өтiнемiн жұмыстан шығаруыңызды денсаулығыма байланысты

в) Өтiнемiн денсаулығыма байланысты жұмыстан шығаруыңызды

с) Денсаулығыма байланысты өтiнемiн жұмыстан шығаруыңызды

д) Жұмыстан шығаруыңызды өтiнемiн денсаулығыма байланысты

е) Денсаулығыма байланысты жұмыстан шығаруыңызды өтiнемiн

12.Бұйрықтың мазмұнын анықтаңыз

Иванова С.Л. маркетинг бөлiмiнiң инженерi қызметiне 00.00.00 ж. бастап қабылдансын.

а) материалдық көмек көрсету туралы д) Іссапарға жіберу туралы

в) үстемақы төлеу туралы е) жұмысқа қабылдау туралы

с) Демалыс беру жөнінде

13.Сенімді тұлғаға тапсырушының (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс- әрекеттерді жасауға құқық беруі туралы құжат

а) қолхат

в) өтініш

с) сенімхат

д) түйіндеме

е) өмірбаян

14. Қолхат белгілі бір ненің алынғанын куәландыратын ресми құжат.

а) шешімдердің

в) құндылықтардың

с) міндеттемелердің

д) ақының

е) құжаттың

15. “Растау” сөзінің синонимін белгілеңіз

а) куәландыру

в) тіркеу

с) рәсімдеу

д) жүргізу

е) басқару

16. Мазмұны жағынан бұйрықтар неше түрлі болады?

а) негізгі қызмет бойынша, жекелік

в) нормативті, жекелік

с) негізгі қызмет бойынша, жеке қызметкерлер құрамы бойынша

д) белгілеуші

е) жарлық

17. Мәліметтері еңбек кітапшасына, өмірбаян мәліметтерімен дәлме-дәл сәйкес жазылатын, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетілетін құжатты көрсетіңіз.

а) еңбек шарты

в) өмірбаян

с) еңбек келісімі

д) жеке іс парағы

е) өтініш


18. Басқа жұмысқа ауысуына байланысты, ауырып қалуыма байланысты, ауыр материалдық жағдайыма байланысты, отбасы жағдайыма байланысты тұрақты тіркестері қандай іс қағазының түрін жазуда жиі кездеседі?

а) келісім

в) хаттама

с) жеке іс парағы

д) өтініш

е) бұйрық

19. Жеке адамның өмір жолы хронологиялық тәртіпте жазылған ресми құжат қалай аталады?

а) өтініш

в) өмірбаян

с) күнделік

д) арыз 

е) қолхат

20. Мекеменің кадрлар бөлімінде барлық жұмыскерге және қызметкерге толтырылатын құжат қалай аталады?

а) түйіндеме

в) өмірбаян

с) жеке іс парағы

д) арыз

е) бұйрық

21. Өзіңізді жұмысқа қабылдау үшін ресми құжаттардың қай түрін

жазасың?

а) өтініш , қолхат в ) өтініш, түйіндеме

с) мінездеме, арыз д) хаттама, өмірбаян

е) қолхат, сенімхат

22. Белгілі бір адамның өз өкілеттілігі мен құқығын екінші бір адамға бергенін жазбаша растайтын құжат...

а) сұраныс хат

в) кепілхат

с) сенімхат

д) қолхат

е) телефонхат

23. Мына сөз тіркестерін қазақшаға аудар.

Писать доверенность, подпись начальника, поставить печать.

а) қолхат жазу, бастықтың рұқсаты, мөр

в) арызын қабылдау, қол қою, мөр басу

с) сенімхат жазу, бастықтың қолы, мөр басу.

д) өтініш жазу, куәландыру, рұқсат ету.

е) өтініш жазу, мөр қою, басшының қолы

24. Қолхатта сандық номиналдар қалай жазылады?

а) сөзбен, жақшамен

в)санмен, қолмен

с) санмен, сөзбен

д) санмен, жақшамен

е) санмен


25. Бір нәрсе жайында ауызша және жазбаша жариялау ...... деп аталады

а) жарнама

в) жарнама, хабарландыру

с) хабарландыру

д) бұйрық

е) өтініш

26. Анықтама ..... беріледі?

а) кімнен д) кімге

в) кімде е) кіммен

с) кімнің

27. Визит карточкасының құрамына не кіреді?

а) аты-жөні д) мекенжайы

в) қызметі е) барлық жауап дұрыс

с) ғылыми дәрежесі

28. Отбасы ........ байланысты

а) шартына д) мүшелеріне

в) жағдайына е) құрамына

с) қаулысына

29. Сенімхатқа қол қояды?

а) сенімхатты көшіруші д) сенімхат алушы

в) сенімхатты теруші е) сенімхат беруші

с) сенімхатты тіркеуші

30. Жұмыстан босату...... сұраймын

а) -да д) -ыңызды

в) -ды е) -ың

с) -ға




























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!