Материалдар / «Мемлекеттік қызмет қалай жүзеге асады»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік қызмет қалай жүзеге асады»

Материал туралы қысқаша түсінік
9-11 сыныптарға арналған дөңгелек үстел сайысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
656
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қатысушылар 9-11 сыныптар.

Армысыздар қадірменді оқушы қауымы!

Бүгінгі «Мемлекеттік қызмет қалай жүзеге асады» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялаймын.

Мектептің тарих және құқық пәнінің мұғалімі Бектан Зал «Мемлекеттік қызмет қалай жүзеге асады» тақырыбында оқушылармен ой бөлісті:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институ­ционалдық реформа­сындағы «100 нақты қадам» – Ұлт болашағы үшін жасалған батыл бағдарлама. Мемлекеттік идеяны мәңгілік етуге бет алып, даму даңғылына түскен біздің қоғамдағы басты құжат дер кезінде жарияланып отыр. Мемлекеттік қызмет пен кәсіби мемлекеттік аппарат құрудағы бастапқы 15 қадамның мемлекетке қызмет ететін мемлекетшіл тұлға қалыптастыруда қоғамның әрбір мүшесіне қатысы барын айрықша айтуымыз қажет. Мемлекетке қызмет жасау – ұлтқа қызмет ету ұғымымен астасып жатқанын, біздің жағдайымызда мемлекеттік қызметші Қазақстан халқының қызметшісі сөзінің баламасы екенін жадымыздан шығармаған абзал.

Күнделікті өмірде жиі қайталанатын «Отан» ұғымы санамыздың саңылауындағы ерекше сезіммен астасып, қас пен көздің арасында жүрек төрінде туған ел мен туған жер жайлы ойға жетелейді. Дала мәде­ниетінде мұндай дүр-сезім, нұр-сезім ба­лаға бесіктен белі шықпай тұрған шағында сіңдірілген. Күн тәртібіндегі мәселенің мәнісі – сол ішкі қасиетті тәр­биелеп, жетіл­діріп, оны іске асыру тетігін табу.

Бабаларымыздың айрықша бағалы отаншылдық қасиетін биікке көтеретін кезең келді. Егер ел қорғау, мемлекет құру, оның тетіктерін жетілдіру тәрізді қасиетті ұғымдар біздің ұлттық санамызда ертеден еніп, қалыптасып, өмір салтымызға сіңіп, орнықпаған болса, «Отан» деген өрелі ұғым тіліміз бен ділімізден ойып тұрып орын алмаған болар еді. Халықтың мықты мем­ле­кеті, билік жүйесі, заң қағидаты, өзіндік өркениетке негізделген мәдениеті, салт-дәстүрі мен ұлттық үрдісі болған жағдайда ғана Отан туралы қағида қалыптасады. Осыдан-ақ, 550 жыл бұрын хандық билік жүйесіне негізделген ұлы мемлекеттің ірге­тасын қалаған қазақ жұртының мемле­кеттік рәсім  мен мемле­кетшілдік үрдісті ерте бастағанын, оның өзіне тән бұлжымас қағидатын қалып­тастырғанын аңғаруға болар.

Қарастырғалы тұрған 15 қадамның алғашқысы – «Мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту. Мемлекет­тік қызметке қабылдау төменгі лауазым­дардан басталуы тиіс» деген екі тармақтан тұрады. Мұның біріншісімен байланысты нақты жұмыстарды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің   Алматы қаласы бойынша департаменті бастап та кетті. Жақында департаменттің «almaty-antіcorruptіon.gov.kz» сайтынан «Бос лауазымдарға конкурс» айдары ашылды. Мұнда қызметтік конкурсқа қатысушы талапкерлердің осы кезге дейін айтылған тілек-ұсыныстары ескеріліп, жұмыс іздеу­шілерге қолайлы жағдай жасау жолдары қарастырылған. Міне осылай, біздің қызметкерлер «100 нақты қадам» бағдарла­масында көтерілген күрделі мәселенің бірінен туындаған игі шаруаны қолға алып, бүгінде  тек белгісін бекітуге жақын тұр.



Жұртшылық көкейінде жүрген «Жаңа сайт қандай жаңашылдығымен ерекшеле­неді?» деген заңды сауалдың да жауабын іздеп көрдік. Біріншіден, мұнда іздеуші бос лауазымға қатысты берілген кез-келген хабарламадан бастап, бұрын мүлдем жауап берілмейтін: «Сынақтан не үшін өте алмай қалдым?»  делінетін сауалға да жазбаша жауап алудың тетігі қарастырылуда. Шын­туайтында, бұған дейін сынақтан сүрінген адамға сыннан өте алмау себебі түсін­дірілмейтін.

Мұндай қадам, әуелі, моральдық жағы­нан үлкен  демеу. Содан соң, талапкер өзінің шама-шарқын аңдап, келесі кон­курсқа қандай дайындықпен қатысу қажеттігін аңғарады. Жаңылысқан жан қателігінен сабақ алып, тәжірибе жинақ­тап, келесі жолы жетістікке қол жеткізуі әбден мүмкін. Содан соң, өзінің қызметтік сынақтан өте алмауына қатысты жазбаша жауап алған адамның билікке, оның тұтқасында отырған жауапты басшыларға деген сенімінің еселене түсеріне ешкімнің күмәні болмас. Мінекей, осындай қатпар-қатпар істің қарапайым түрге енуі билік пен халық арасында көзге көрінбейтін кей кедергіні біртіндеп жоймақ. Енді, бірнеше жылдың жүзінде бұл бағытта жүргізілген жұмыстардың жемісін бере бастайтынына бек сенімдіміз.

«100 нақты қадам» бағдарламасының бұл қағидаты конкурстан өту арқылы иеле­нетін қызметтің қай түріне де ықшамдалып жасалған. Мұндай шынайы мерито­кра­тия­лық қағидаға негізделген демокра­тиялық шешім болашақта ел-жұртқа осын­дай ыңғайлы жағымен қызмет етіп, келешектегі әкімшілік кедергінің бәрін еңсермек. Бұл да болса, посткеңестік кеңістіктен кейінгі бірден-бір бастапқы тәжірибе. Жұмыс түрін осы бағытта жүргізу арқылы Президенттің барша мемлекеттік қызметшіге   қойып отырған басты талап­тарының деңгейінен шығуға болатынын айтқымыз келеді.

Аталған сайт жалпы жұртқа түсінікті әрі керегіңді іздеуге оңтайлы. Сайтқа өзіңіз тұратын аудан атымен не сізге қажет меке­менің толық атауын теру арқылы кіре аласыз. Мамандық түрлерін көрсетіп, іздеу салсаңыз, соған қатысты бос лауазым мен жұмыстың толық тізімі көз алдыңызға келе қалады. «Кеңейтілген іздеу» бөлімінен жо­ғары, арнаулы орта, орта, негізгі  мектептік білімі барларға лайықты жұмыс түрлеріне  іздеу салып, қажетіңізді қол жеткізуге болады.

Керегіңізді лауазыммен: «басшы», «бө­лім басшысы», «бас маман», «жетекші маман», «маман» деп, не жұмыс өтілі, санат, тестілеуден өту туралы сертификат бағдарламасы арқылы іздестіре аласыз. Соның қай-қайсысын ендірсеңіз, қажет­тіңізді жаңылмай тауып, көкейіңізде жүрген жұмыс пен қызмет түріне өту үшін құжат тапсырып, емін-еркін бағыңызды сынап байқайсыз. Сайтта іздеген мемле­кеттік органның атауы, барғыңыз келетін жұмыс, атқаруды ойлайтын қызмет түріне қатысты кәсіби міндеттер, талап етілетін жұмыс тәжірибесі, мекеменің мекен-жайы мен анықтамалық телефонына дейін көрсетіледі.  Бастысы, құжатты қашан, қай уақытқа дейін өткізе алатыныңызға байланысты нақты мәлімет аласыз.

Мемлекет басшысының басты талабы­ның бірі – кәсіби мемлекеттік аппарат құру, са­уатты әрі жан-жақты мемлекеттік қызмет­шілер жасақтау. Бұл істе әлі де жетілдіре түсетін жұмыс тетіктері жеткілікті. Мемле­кеттік қызметке үміткер түйіндемесін тапсыру арқылы көздеген жұмысқа бара алатыны не мүмкіншілігі жоқтығы жө­ніндегі бастапқы мәліметті үйден, элект­ронды пошта арқылы алса, уақыт та  үнемделер еді.

Келешекте мемлекеттік бос лауазымға конкурс өткізілетін жерді орталықтандыру да күн тәртібіне қойылар. Бұл ретте біздің департамент қызметкерлерінің конкурсқа бақылаушы болып қатысатынын ескерсек, істің ұтымды жағына шығуға мүмкіндік молаяды. Біріншіден, қала бойынша бір ғимаратты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы онлайн-жүйеде жұмыс істеу конкурстың барынша ашықтығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, бейнебақылау орнату арқылы талапкердің жауабын салыстыруға болады. Бізде әлі күнге дейін бақылаудың бұл түрі қалыс қалған. Үшіншіден, бұл жүйе – екі жақтың да уақыт үнемдеуіне  таптырмас   тәсіл.

















10- сынып оқушысы:

Қазақстаным!

Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,

Бойына жиған имани тазалық нәрін.

Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,

Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,

Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –

Қазақстаным!

Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,

Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.

Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,

Қариялардың ұрлаған даналық шамын,

Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –

Қазақстаным!

Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,

Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.

Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,

Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,

Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!

 Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,

Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.

Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...

Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,

Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –

Қазақстаным!,- міне, осындай патриоттық өлең жолдарымен отырысымызды одан әрі жалғастырамыз.























Тарих пәнінің мұғалімі Отарина Айман оқушыларға мемлекеттік қызмет жайлы толық мәлімет беріп өтті:

Мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтінімдері немесе өтінімдерісіз орындалатын жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) заңды құқықтары мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық тәуелді ұйымдарының және өзге заңды және жеке тұлғаларының іске асырушылық функцияларының бір түрі.

1999 жылғы 23 шілдедегі  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік  қызмет туралы» Заңында: «Мемлекеттік  қызмет - мемлекеттік қызметшілердің  мемлекеттік органдардағы мемлекеттік  биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдылық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі», - деп көрсетілген.  

Мемлекеттік қызметші -  заңда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті мемлекеттік органда атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.                                                 

Ең бастысы, мемлекеттік қызметте адамның араласуын азайтып, бұл істі тех­никамен қамтамасыз ету арқылы сыбай­ластық қауіп-қатердің алдын алу мүм­кіндігін молайту. Осындай сынақ атаулы­дан өткен мемлекеттік қызметшіге «еңбек­ақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу» – айтулы мәселенің бір түйіні. Елбасы айтудайын айтып жүрген нақтылы  талаптың бірі – осы.

Кез-келген дамушы елдің патриот ұл-қызы алдымен,  өз мемлекетіне, оның мем­лекеттің құрылымдық жүйесіне, Һәм басты идеологиясына қызмет етуі тиіс. Сонда ғана, бұл мемлекеттің шаңырағы биіктеп, керегесі кеңейіп, айналасындағы ұлт пен ұлысқа  құшағы айқара ашылмақ. Дамы­ған 30 елдің қатарына қосылуға бел буған Қазақстан – міне, осындай мемлекет.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың біздің мемлекеттігімізге, оның тарихына, мемлекеттің қос босағасын биіктете түсетін адал мемлекеттік қызметшілер мен кәсіби мемлекеттік аппарат тұрғысындағы ой-тұжырымының астарында тарихи негіз жатыр. Олай болса, Елбасы қағидаты мен бұл  бағытта жасалып жатқан тұжырым­дамалы өзгерістерді еліміздің барша аумағында түрлі әкімшілік-мемлекеттік қызметте жүрген әріптестеріміз бен осы қызметке келіп, халық үшін еңбек етуді ойлап жүрген талапкер жастар біліп, түбегейлі түсінуі тиіс. Өйткені, мемлекеттік қызмет пен оның кәсіби аппараты басқа қызмет түрінен өрелілігімен өзгеше, жүгімен жауапты. Бұл – тек, белгілі бір саладағы қызмет түрі емес, ұлт ұжданының алдындағы мәртебелі міндет!

















Оқушылар өздерінің түсінбеген жерлері мен қызыққан мәліметтері жайлы сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтарына нақты жауаптарын алып, алған білімдеріне дән риза болды.

Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.Назарбаевтың сөздерімен аяқтайық: «Біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі донгелек үстел жиынымыз аяқталды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!