Материалдар / Мемлекеттік қызметтік хаттар түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік қызметтік хаттар түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға,болашақ мектеп бітірушілерге берері мол.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
2069
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Сейилханова Нуршат Саришановна

Бейнеу ауданы,Сарға селосы

«Бейнеу»мектеп-интернаты»КММ

тарих пәнінің мұғалімі




Сыныптан тыс шара. 9-11 сыныптар.

Тақырыбы: Мемлекеттік қызметтік хаттар түрлері.

Мақсаты: оқушылардың заңдық жеке құжаттар жайлы алған білімдерін тереңдету. Іс түрінде пайдалана білуге үйрету. Жағдаяттарды шешу арқылы өз ойларын жеткізе білуге және еркін сөйлеуге үйрету.

Көрнекілігі: слайдттар.

Барысы: І. Ұйымдастыру .

ІІ. Кіріспе. Мұғалім сөзі: Саламатсыздарма? Бүгінгі құқық апталығының өтуіне байланысты 9,10,11 сыныптар арасында «Мемлекеттік қызметтік хаттар түрлері» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер.

Бүгінде ресми қағаздарды сауатты толтырып дайындау үшін кәсіби жетілдірілген қазақ тілін қолдану қажет. Бұл жерде жазу мәдениетінің рөлі орасан зор. Түрлі мекемелер мен ұйымдар арасында іс-қағаздарының ең жиі қолданылатын түрі – қызметтік хат. Сөз еткен мәселенің жазылу мақсатына қарай қызметтік хат бірнеше түрлерге бөлінеді, мысалы: ақпарат хат, шақыру хат, ілеспе хат, ескерту хат, ресми хат.

Тіл – сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы болғандықтан, қызметтік хаттың мазмұны айқын болуы тиіс. Іс-қағаздарын дайындау барысында жазу мәдениетін қатаң сақтау қажет. Ол дегеніміз, әр хаттың бойында реттілік, жүйелілік, түзулік, тәртіптілік, сәйкестік, қисындылық сияқты мағыналық реңктердің болуы. Қызметтік хаттардың сапасына қатты көңіл бөлген жөн. Хаттың сөзі шұбалыңқы, мазмұны түсініксіз болмауы керек.

Қатысушыларды үш топқа бөлу. Аттарын қою,мақсаттарын тыңдау.

Сабақты сұрақ қоюдан бастау.

1 тапсырма. Жалпылама сұраққа жауап.

  1. Іс жүргізу ұғымына түсінік,оның мақсаты.

с жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы.

  1. Іскерлік корреспанденция ұғымына түсінік бер

Корреспонденция - негізі және ең көне оперативті газет жанрларының бірі. Корреспонденцияның міндеті - өмірдің бір пұшпағын көрсету, оның мақсаты - бір немесе бір топ фактіні талдау, саяси, экономикалық және мәдени өмірден бір оқиғаны, құбылысты көрсету. Мақалалардан айырмашылығы корреспонденцияда фактілер мен мысалдар орталық, өзекті орынды алады. Фактілерді жинап, автор әуелі оларды сипаттап жазады және осы фактілерді талдау негізінде тиісті қорытындылар жасайды. Демек, корреспонденцияларда хабарлаған фактілерді басқа, тіпті тепе-тең фактілермен алмастыруға болмайды. Мақала мен корреспонденцияның арасындағы принципиальды айырмашылық туралы қысқаша былай деуге болады: мақалада автор жалпыдан жекеге қарай, ал корреспонденцияда жекеден жалпыға қарай айтылады. Корреспонденцияны жергілікті жерде болмай, хат жағдайын егжей-тегжейлі зерттемей, оның тақырыбына қатыстылардың бәрін білмей тұрып жазуға болмайды

  1. Құжат дегеніміз не?

Құжат (лат. documentum – куәлік, дәлелдеу) –

1) техникада – құрал-жабдықтың қысқаша сипаттамасы берілген техникалық төлқұжат. Құжатта құрал-жабдықтың белгісі, оның негізгі параметрлері көрсетіледі. Пішініне байланысты Құжат мәтіндік (кітаптар, қолжазбалар, т.б.), графиктік немесе кескіндемелік (сызбалар, сұлбалар, карталар, т.б.), аудио (грампластинка, т.б.), аудиовизуалдық (кинотаспалар), т.б. болып ажыратылады. Құжаттың мазмұны мен көлемі пайдаланылатын құрал-жабдықтың тегіне (арнаулы немесе әмбебап) байланысты жасалады. Құжат тұтынушыларға құрал-жабдықпен бірге беріледі. Технологияны жетілдіру және еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар Құжаттағы мәліметтерді, нұсқауларды дұрыс қолдануды талап етеді;

2) компьютерде – қолданбалы бағдарламалар көмегімен пернелер арқылы енгізілген тілшелерді пайдаланып құрастырылған немесе дискіде сақталып тұрған, бұрын даярланған ақпараты бар, кез келген материалдық нысан. Қазіргі компьютерлер мен олардың желілерінде пайдаланылатын ақпараттардың ішкі мазмұнына байланысты мәтіндік, график., дыбыстық, бейнелік Құжаттар (word-құжаттар) болады. Интернет желісінде гипермәтіндік (web-құжат) Қ. кең тараған. Оның ішінде басқа Құжатқа сілтеме түрінде ерекшеленіп тұрған түйінді сөздер орналасады

4. Деректеме ұғымына түсінік бер

Деректеме. Нақтылы геологиялық нысанды (ауданды, кенді, планшетті т.с.с.) зерттеу қорытындыларының жиынтығы. Бұл құжатта геологиялық түсірім, іздестіру және барлау жұмыстарының, бүкіл геофизикалық зерттеулер мен игерілу шараларының барша қорытындылары сараланады. Нысан бойынша жалпылама тұжырым жасақталып, болашақта шешілуге тиіс мәселелердің басы ашылады. Кендерді алдын ала және жан-жақты барлау жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда, сол кенге тиесілі пайдалы қазбаның қоры есептеліп, оның экономикалық маңызы туралы тұжырым ашылып көрсетіледі.

2 тапсырма. Сұрақ-жауап деп аталады.

Оқушылар,бүгін бізге алыстан хат тасушы ағай келген екен. Ол бізге көптеген хат түрлерін әкеліпті. Ол кісінің мақсаты қазіргі кездегі хаттар түрлерін және олардың халық арасындағы қолданысын білу екен.

Хат тасушы ағай сөзі: ал,балалар саламатсыздарма. Қалдарыңыз қалай? Сабақтарыңыз жақсыма?. Олай болса, мен сіздерге бірнеше хат түрлерін жазамын. Сіздер сол хаттардың білгенімізше анықтамасын айтып түсіндірейк. Олай болса бастайық.

Ресми хат. Ресми хаттар белгілі бір ортаның атқаратын жұмыстарына байланысты мәселелер жазбаша карастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынан жазылады және қызметтен тыс мәселені қозғамайды.

Ұсыныс хат. Ұсыныс хаттар. Бұл хаттар бір мақсатта ғана жазылады: қызметқерді белгілі бір орынға , қызметке үсыну жөнінде басшыға ұсыныс жасау. Аталған қызметкердің сол орынға лайық екендігіне қепілдеме беру. Хат ресми, өзіне тән қүрылымы сақталып жазылады. Бүл хатқа үсыныс жасаған тұлға ғана қол қояды.

Өтініш хат. Өтініш Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;

Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы. Қылмыстық, азаматтық не әкімшілік сот ісін жүргізуге қатысушылар іс жүргізуші мемлекеттік органға (анықтаушы, тергеуші, прокурор, сот) өтініш беруге құқылы. Өтініш жасау – процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың маңызды кепілі болып табылады. Сондықтан іс жүргізуші орган процеске қатысушыларға өтініш жасау құқығын түсіндіруге және өтінішті сол сәтте қарап, шешуге міндетті. Істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау жөніндегі өтініш орындалуға тиісті. Өтініш орындалмаған жағдайда өтініш беруші жоғары тұрған органға шағымдана алады

Сұраныс хат. Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да бір ғана мақсатпен жазылады: мекемеден кереқті ақпаратты немесе белгілі бір кұжатты жіберуін сүрау. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекетін көрсету, соған орай шара қолдануды сұрау мақсатында жазылады. Хат мазмұнының негізгі құндылығы онда көрсетілетін фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағым беруші адам, кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қол қояды.

Қызметтік жеке хаттар. Бұл хаттардың ерекшелігі айтылатын мәселе өрісінің кеңдігі және қызметтен тыс мәселелерге де арналатындығы. Дегенмен де қызметтен тыс мәселелер, адамның өз қызметімен, үйымның атқаратын қьтзметімен шеше алатын мәселелер орісімен тікелей байланыста болады. Бүл хаттар жеке түлға атынан жазылады.

Түйіндеме хат – қызметке алынатын үміткердің объективті мәлімет

деректері көрсетілген анықтамалық құжат.

Еңбек кітапшасы – қызметкердің еңбек қызметін растайтын негізгі құжат.

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Күнделікті қызмет барысында ақпарат немесе мәліметтің кейбірін екінші адамға я мекемеге жедел жеткізу қажет болатын жағдай жиі кездеседі. Қазіргі заманда ақпаратты жедел жеткізудің факс, интернет сияқты түрлері де болғанымен жеделхаттар да өз маңызын жойған жоқ. Себебі, хат ұзақ жүреді, интернет пен факс қызметі қымбаттау, оның үстіне біз чертеж я фотография жібермейтін болсақ факсты қолдану міндетті емес. Телефон арқылы жүргізілетін әңгімені іске тігіп қоя алмайсың, сондықтан ең ыңғайлысы жеделхат болып табылады.

Мұғалім: Көрдіндерме балалар,қазіргі дамыған заманда мына хат тасушы ағайларын секілді жаяу жүріп тасымаймыз. Егеменді ел болып,технологияның даму қарқынында барлық жеңілдіктер жасалуда.. мысалға алатын болсақ біреуге ақ қағаз бен қалам алып алыстағы туысымызға сәлем хат жазудың қажеті жоқ. Дамыған заманда сол сәлем хатты жазуда ұялы телефонымыздың атқаратын қызметі баршылық.

ІІІ тапсырма:. «Бас қатырғылар».

Үш топқа ситуациялық тапсырмалар беріледі. Тапсырманы тез арада орындап, шығу керек. Қате жібермей, дұрыс орындаған топқа 1 жұлдыз беріледі.

1 топ

1-тапсырма. Белгісіз бір себеппен сіздің қызметкеріңіз жұмысқа шықпай қалды. Осыған байланысты баяндаухат құрастырыңыз.

2 тапсырма. Бүгін досыңыздың туған күні осыған орай досыңызды құттықтап, құттықтау хат жазыңыз.

2 топ

1 тапсырма Сіз униврситет ректорысыз.Орталық кітапхананың директорына кітапханада кітап қорымен танысуға жағдй жасауңызды өтініш хат жазыңыз.

2-тапсырма. Сіз кітапханадан «Іс кағаздарын жүргізу» оқулығының бес данасын алдыңыз, оны екі күннен кейін қайтару керек еді, бірақ қайтара алмадыңыз, сол туралы түсініктеме жазыңыз.

3 топ

1 тапсырма. Сіз бір жерге жұмысқа тұруыныз қажет. Олар сізден түйіндеме талап етті. Сіз түйіндемені қалай толтырасыз.

2 тапсырма. Сіз жылжымайтын мүлігіңізді,яғни дүкеніңізді бір туысқаныңызға бергіңіз келді уақытша пайдалануға. Демек сіз нотариус арқылы сенімхат беруіңіз керек. Сенімхатты қалай толтырасыз.

ІҮ тапсырма: Сөздікпен жұмыс. Әр топтан бір оқушы шығады.

Қазіргі кезде құжаттар түрі екі тілде болатыны айқын. Сол себепті берілген құжаттың қазақшасының орысша атауын табу.

1 топқа: құқық-право,құжаттама-документация, түйіндеме-резюме,документ-құжат,мамандық-специалист,коллектив-ұжым, қол қою-подписать

2 топқа: келісімшарт-договор,мекенжай-адрес,үкімет-правительство,куәландыру-заверить,нұсқау-инструкция,үлгі-образец,сенімхат-доверенность

3 топқа: қаулы-постоновление,хабаламахат-письмо извещение,жеделхат-телеграмма,жарлық-указ,қолхат-расписка,заңгер-юрист,еңбек кітапшасы-трудовой

Ү тапсырма: Шешендік өнер. Берілген сөйлемдерден мәтін құрау

1 топқа: кәсіби,азаматтық,еңбек,заң жүзінде,мақсат

2 топқа: хабарлама хат,іс,хатшы,шешім,ұжым

3 топқа:уақытша,орын,нарық,қалтқысыз қызмет ету,кепілдік

ҮІ тапсырма: кім жылдам? Сұраққа тез ірі нақты жауап беру.

  1. Жеке тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын құжат:

а) ақпараттық в) қызметтік хатс) жарнамалық

2. Мазмұны мен мақсаты бір хат:

а) сұрату хат в) өтініш хат с) хабарлама хат

3. Хаттың мәтіні қандай бөліктен тұрады?

а) кіріспе в)негізгі с) кіріспе және негізгі

4. Хаттың тақырыптық бөліміндегі деректемелерді ата:

а) мөр в) құжаттың күніс) құжат түрінің атауы

5. Қызметтік хаттарға қандай хаттар жатады?

а) жедел хат,ескерту,хабарлама хаттарв) үлгілер с) кепілдіктер

6. Белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат:

а) өтініш хатв) сұраныс хат с) ресми хат

7. Өтініш хаттың анықтамасын көрсетіңіз:

а) іскер адамдардың қарым-қатынас жасауына арналған іскерлік хат

в) белгілі бір мекемеден атқаратын қызметіне лайық мәселелерді шешуге тілек-өтініш білдіретін хат

с) белгілі бір мекемеден қажетті ақпаратты жіберуді сұрайтын хат

8. Белгілі бір мекемеден керекті ақпаратты немесе құжатты жіберуді сұрау мақсатында жазылатын хат:

а) баяндау хат в) сұраныс хат с) ресми хат

Қорытынды Мемлекеттік тілде әзірленетін құжаттардың сауаттылығы мен сапасын қамтамасыз ету, әрбір іс-қағаздарын орындап отырған, тілін сүйіп, еліне жаны ашитын мемлекеттік қызметкердің ұлттық парызы, - деп, ойлаймын.

Жақсы, біз бүгін сабақта қызметтік хат түрлерін өттік, топтық жұмыс арқылы алған білімдерімізді бекіттік. ҚР-ның 1997 жылы қабылданған «Тіл туралы» Заңының 151-бабында былай делінген: «ҚР-ның мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тіл- мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі..

Сонымен қоса, «Тіл туралы» Заңда мемлекеттік тілді барынша нығайтуға, халықаралық беделін дамытуға әрбір мекеме, әрбір ҚР-ның азаматы міндетті делінген. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді өмірде орынды, сауатты пайдалана білсеңдер, сол тілді дамытуға қосқан үлестерің болып табылады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!