жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мемлекеттік рәміздер
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: коммуникация, шығармашылық, таным
Оқу іс әрекет түрі: қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Мақсаты: 1.Балаларға Қазақстан Республика тәуелсіз, егемнді мемлекет екені туралы
түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.
2. Мемлекеттік рәміздердің мән- мағынасын түсіндіру арқылы есте сақтау
кабілеттерін дамыту.
3.Балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің
тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері: патриоттық сезімін ояту.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, мақал, өлең жолдарын айтқызу, қолшатыр әдісін қолдану
сұрақ- жауап бойынша жұмыс жүргізу.
Жаңа сөздер: Айқындау, елшік
Биленгвальді компонент: Мемлекеттік рәміздер -государственные символы,
мемлекеттік ту -государственный флаг, мемлекеттік елтаңба -государственный
герб, мемлекеттік әңұран -государственный гимн.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: демонстрациялық материалдар.
Іс әрекет бөлімі |
Тірбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
Мотивация лық қозғаушы |
Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері: Сәлем саған Жер Ана! Сәлем саған нұрлы күн! Аман есен болайық, Бейбітшілік қалайық. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Балалар, қонақжайлылықты ұмытпай әр қашанда бір бірімен және де келген қонақтармен амандасып жүріндер. Жақсы жарайды орнымызға отырайық. Көңіл күйлерін қандай? Бәріміз әдемі, тәртіпті болып отырайық. Ал, балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады? Біздің мемлекет қандай мемлекет? Президентіміз кім? Ал, бас қаламыз қай қала? Біздің мемлекетімізде тек қазақ ұлты тұрады ма? Дұрыс басқа да көптеген ұлт өкілдері тұрады, сондықтан біздің мемлекетіміз көпұлтты деп аталады. Балалар, біз білеміз Қазақстан мемлекетінде тұратынымызды, ал басқа мемлекеттер білмейді, елді айқындайтын белгілер болу керек, ол қандай белгілер? Қане кім біледі? Дұрыс жарайды керемет, жарайсыңдар. Ту, елтаңба, әңұран осы белгілерді мемлекеттік рәміздер деп аталады. |
Өлең жолдарын айтып бір бірімен амандасып орындарына отырады.
Басбармақтарын көтеріп көрсетеді
Қазақстан Егеменді ,тәуелсіз, еркінді
Ту, әңұран, елтаңба |
Іздену Ұйымдас тырушы |
Жаңа іс әрекеті: Бүгінгі іс әрекеті мемлекеттік рәміздері. Билингвальді компонент: государственные символы это флаг, герб, гимн. Балалар, осы тудың, елтаңбаның суретінде не бейнеленгенің біз көріп отырмыз. Бірақ осы суреттер нені білдіреді, авторлары кімдер екенін айтып берейін. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков(суреті)
Тудың түсі көк болуы бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен , айқара аспан ешқашан бөлінбек емес. Соған орай бүкіл адамзатқа біртұтас аспан көк түсті алғаным да сондықтан. Ал, күнге келер болсақ, ол да ортақ нәрсе. Бұлтсыз аспанда ғана нұрын шашқан Күн сәулесі баршаға нұрын төгеді.Күн жылуы Жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Сондықтан тудан Күн орын алуы тиіс деп шештім. Қазақ халқы қашанда қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ою өрнегі бейнеленген. Көк жүзінде ғаламға нұрын шашқан Күн сәулесі, астыңда қияңа қанат қаққан Қыран тыныштықтың, берекелі өмірдің рәмізі іспетті. Оның үстінде ұлттық ою өрнек қазақтың ұлттық танымын, қамиетін көрсетеді. Егер тудан ою өрнекті алып тастайтын болсақ, алтын түстес Күнмен Қыраннан басқа ештене қалмайды. Бұл жағдайда ұлттық дүниеден үлгі болмағандықтан, республика туын басқа мемлекеттің туынан айыру қиынға түсер еді.Екіншіден , халқымыздың қайсы затын алсақ та, бәрі ұлттық ою өрнекпен әшекейленген десе де болады. Және Мемлекеттік тудағы ою өрнек күнделікті тұрмыста жиі кездесетін оюды көшірмесі емес, қайта туға ұлттық ренк таныту үшін арнайы жасалынды. Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлы(суреті)
Қазақта «Шаңырағын биік, кереген кең , босаған берік болсын» деген сөз бар. Осы үш сөз негізге алынды. Елтаңба нышандарын өткен тарихымыздаң іздеп , оны бүгінгі күнімен байланыстыру керек болды. Елтаңбадан сол елдің тарихы, дәстүрі, рухы, толық танылып тұруы тиіс. Қазақ малсақ халық. Сондықтан қанатты пыраққа тоқтауымның басты себебі сол. Жеті буыннан тұратын мүйіз таңдалды Жеті буын бір жағы қазақтың «жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі» дегенің аңғарту. Жалпы, қазақ мүйізді қастерлеген. Оған қатысты түрлі ырым нанымдары аз емес. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Әңұраннің авторлары Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнің жазған Шәмші Қалдаяқов (суреті)
Әңұран салтанатты жағдайларда орындалады. Орындалатын кезде барлық адамдар орыннан тұрып он қолын төс кеудесіне қойып орындайды. Балалар, рәміздерді барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерге ғана ілінеді. Рәміздер сол елді айқындайтын белгілері. Мысалы: үлкен теңіз, мұхиттарда көп кемелер жүзіп барады. Олар өздерінің қай елден екенін білдіру үшін мемлекеттік Туын іледі. Әр түрлі спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар өз елінің туымен шығады.Барлық елдерде біздің елшігіміз бар. Сол елшіліктердің төбесіне ҚР Туы ілінеді. Спортшылар жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп , әңұран орындалады. Ал қазір біз осы әңұранды айтып көрейік(видео роликті қосу) Жақсы жарайды , орнымызға отырайық. Тапсырма: Қазақстан тәуелсіздік белгілерінің суреттерін тиісті сөздермен қос
Балалар, осы рәміздерде не туралы айтылған? Дұрыс, еліміз, жеріміз, отан туралы айтылған. Балалар, отан туралы қандай мақал, тақпақ білеміз? Жарайсыңдар! Ал, балалар отан туралы тақпақ, мақал білесіндер, енді қазақ мемлекетінің қалаларын білесіндер ме? Атап шығайық, дұрыс жарайсыңдар! Енді бір ойын ойнайық «Қолшатыр» ойынның шартын түсіндіру. Балалар, бүгін мен сендерге Қазақстан Мемлекетінің рәміздері туралы әңгімелеп бердім. Қазақта мынандай мақал мың рет естігенше бір рет көр дейді. Сондықтан айтқанымды осы суреттерден көріп есте сақтаңдар.
|
Балалар мұкият тыңдайды |
Рефлексия түзету |
Қорытынды. Балалар, бүгінгі іс-әрекетте не туралы айтылды? Дұрыс мемлекеттік рәміздер туралы. Д\о: Сөйлемді аяқта. Шартын түсіндіру. Мен Отанымды..... Менің Отаным.... Тапсырма: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін тауып белгіле. Дұрыс жарайды, жақсы. Ал, енді іс-әрекетті әнімен аяқтаймыз. Балаларды мадақтау, бағалау
|
жауаптары |
|
Орындайды: еліміздің рәміздерін құрметтейді; мақтаныш тұтады;
Түсінеді; елтаңбада берілген бейнелердің қандай мағына беретінін; әңұранның сөзінің мағынасын; олардың қай жерлерге ілінетінін;
Қолданады: өз елі, Отаны, туған жері туралы білетінін практикалық жұмыстарды орындауда, сұраққа жауап беру кезінде.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген