400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мемлекеттік рәміздер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер жайында
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мемлекеттік рәміздер»

Адаева Айганым Матмуратовна

Астана қаласы №58 мектеп-гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Жоғары санатты

Қай ел, қай мемлекетті алсақ та оның өз рәміздері болады.Оларға-ту,елтаңба,әнұран жатады.Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер.Рәмізге қарап олардың тарихын,мәдениетін ,дінін,тілін ,дәстүрін барлық құндылықтарын білуге болады.Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейін ең маңызды міндет тұрды.Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді.Сол кезден бастап еліміздің өз туы,елтаңбасы ,әнұраны бар.Бұлар ел үшін ,мемлекет үшін ең баға жетпес қазына,таусылмас байлық.Бұл байлықты әрбір «Мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет.Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі,айқын бейнесі.Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар.Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына.Басқа мемлекеттер рәміздері сияқты біз де өз рәміздерімізден көп нәрсені аңғаруға болады.Тудан қазақ елінің, көк аспанның астындағы бейбіт сүйгіш халқы екендігін, дала бүркітіндей еркін,қиядан-қияға самғайтындығын,ал алтын күн байлықты дархандық ұқтырғандай.Елтаңбаның көркемдігіне сөз жетер емес.Ондағы әрбір бейне қазақ бейнесін ала түсетіндей.Шаңырақ,уықтар,аңыздағы қанатты пырақтар,бесбұрышты жұлдыз.«Қазақстан» деген жазу өте ақылмен ойластырып ,бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан.Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы,салтанатты әні.Оның шырқалуы ,шарықтауы,мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор.Бұл рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына ,асыл мұра.

Қазақстан Рәміздері 1992 жылдың 4 маусымда дүниеге келді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері ештеңемен салыстыруға келмейтін нағыз өнер туындысы деп ойлаймын.Бұларды дүние жүзіне танымал әйгілі туындылармен салыстыруға келмейді және салыстыруға болмайды.Мен үшін ел рәміздерінің өз шығу тарихы бар.Қазақ қаншама қиындық кешіп,тәуелсіздікке ұмтылса,біздің рәміздеріміз де қазақ халқымен бірге күрескен.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы –ортасында шұғылалы алтын түсті күн,оның астында қалықтап ұшқан дала қыраны ,шетінде қазақ ою-өрнек бейнеленген көк түсті мата.Бұл жай ғана мата емес ,қанша қазақ аңсап күткен ,балалар қанын төккен киелі мата.Оның әр бояуында терең ой,философия жатыр.

1992 жылы еліміздің рәміздерін жасауға байқау жарияланды.Тудың жобасын жасауға ТМД елдерінен,Түркия,Монғолиядан,Германиядан 1200 суретші қатысып,одан қазақ суретшісі Шәкен Ниязбеков жеңіп шығады.Өз жобасын жасай отырып әр талғам бояуын үлкен Отансүйгіштікпен ,еңбекпен ,зор қуанышпен бояған деп сеземін.Тудың біркелкі көгілдір түсі –бірігу мағынасын берумен қатар бейбітшіліктің белгісі саналады.Біркелкі көгілдір түс- бұлтсыз ашық аспан мен оның астында өмір сүріп жатқан бейбітсүйгіш халықты еске түсіреді.Ортасында алтын түсті күн-байлықтың белгісі болса,қалықтап ұшқан бүркіт қазақ ұғымында дархандық ,қырағылық,бейбітшіліктің символы іспеттес.Бұл тудың биікке желбіреген сайын, бұлтсыз ашық аспан астында бірлікте өмір сүре береміз деп ойлаймын.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
414
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі