400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Аудандық білім бөлімі

«Бозанбай орта мектебі» КММ







Shape1

Shape2





«Бозанбай орта мектебі» КММ

«Бастауыш сынып мұғалімі:

Алимбаева Алмаш Иренгалиевна











2014-2015 оқу жылы

Бозанбай ауылы











Тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі
Мақсаты: 

І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,

буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер. Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:

Әнұран орындалады

Кіріспе бөлім:

Сәлеметсіздерме.Құрметті ұстаздар мен оқушылар.Бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер-» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Салтанат:«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».Ернар неге біз бұлай айта аламыз?

Ернар:Салтанат,өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.

«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!

Ал Отан дегеніміз не? Сен осыны маған түсіндірші.

Салтанат:Отан дегеніміз-туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз. Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Салтанат: Бүгінгі бізің тәрбие сағатымызда үш топ жұмыс істейді, олар «Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы және «Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға сала отырып, топ болып жұмыс істеп, мемлекеттік рәміздер туралы өз білгендерін ортаға салады.Қане «Көк аспан», «Алтын дән» , «Қыран» топтары өзідеріңізді ұрандарыңызбен таныстырсаңыздар.Алғаш болып өздерін таныстыратын «Көк аспан» тобы.Рахмет.Ендігі кезекте «Алтын дән» тобы сөз кезегі өздеріңізде. Ал Қыран тобы өз топтарыңызды таныстырсаңыздар.







Ернар: Салтанат сен білесіңбе?«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек,қасиет тұтуымыз керек.Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын,Елтаңбасын,Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы,біздің ең киелі құндылықтарымыз.»деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев рәміздер туралы өз ойын білдірген болатын.



Салтанат:Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:

1. Отан отбасынан (басталады)

2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)

3.  Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

5.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

6.  Отан оттан да (ыстық)

7.  Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

8.  Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

9.  Ел іші- (алтын бесік)

10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)

Ернар:Ал ендігі кезекте оқушылар «Отан» жайлы өз ойларын тақпақтар арқылы жеткізбек.

Дамир: Отан менің ата-анам

Отан досым бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан аудан ауылым

Абай:  Отаным алтын бесігім

Тербеттің мені төсіңде

Жүреді сенің есімің

Ер жеткен кезде есімде

Салтанат:Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Бірге:Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.








Слайд:Ернар:Ал қазір монитор бетіне назар аударсақ.Қатысушы топтар бұл сіздердің білімдеріңізді тексеруге арналған сұрақтар.

Е:1-Бөлім:Тұңғыш Президент.

1.Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

С:2.Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының тұғыш Президенті болып қашан сайланды?

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Е:. «Президент» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

ҚР Конституциясы - 1995 жылы 30-тамызда қабылданды.
Конституция 9 бөлім, 98 баптан тұрады.
9-бап: ҚР мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұран заңмен бекітілген
29-бап: ҚР азаматтарының өз денсаулығын сақтауға құқығы бар
30-бап: Тегін орта білім алуға кепілдік береді
34-бап: Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті

20-бап: Баланың міндеттері:

Әрбір бала Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандығын,ар-ожданы мен қадір қасиетін,Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға,тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтауға,табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға міндетті

Ернар:Ал қазір оқушыларға сөз кезегін берсек.Олар өздерінің мақтаныш сезімін тақпақтармен жеткізбек.

Нұрай: Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген

Мақтанамын анам туған тіліменен

Дүниеге жар саламын айқайлап

Сәби жүрек пәк періште үніммен

 Ақбота: Қазақстан қасиетті мекенім

Өзіңді жырлап мәңгілікке өтермін

Елім үшін, жерім үшін жан пида

Республикам, Отаным, Атамекенім

Еділ: Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

Астанамен айшықталған ортасы.

Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Салтанат:Ернар қазір біз не тамашалайтынымызды білесіңбе?

Ернар:Жоқ білмеймін.Бірақ оның қандай нәрсе екенін білгім келіп тұр.

Салтанат:Ендеше жарайды айтамын.Біз қазір «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты көріністі тамашалаймыз.Қарсы алыңыздар.

Ернар:Иә шыныменде қазір тәуелсіз заман. Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 25 жыл .

Салтанат:Келісемін. Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
2-бөлім: Туымен-Тұғырлы, Елтаңбасымен- Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

Ернар:«Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.  
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.


Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті.


Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.


Ернар:
- Міне, балалар, өздерің айтқандай, мемлекеттік туымыз бүгінде Б¥¥- ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерді.

Салтанат:Ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.

Рұқсат етсеңіздер оқушылар ту туралы ойларын білдірмек.

Әлібек:                                          Иманжан:      

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні

Біздің тудың бояуы                       Егеменді елімнің

Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы

Биікке іліп қояды.                        Түсіндей боп көгімнің

Салтанат:  Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Экраннан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады)

Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.
Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты.Елтаңбаның авторлары-

Ж .Мәлібеков,Ш.Уәлиханов.

(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)

                               Нұрлы: Елтаңба

                       Өр қанатты сұңқардың

                       Қанатымен шырқар кім?

                       Қазақстан – Отаным,

                       Әлем білген атағын.

                       Жарқыраған әр таңда

                       Мемлекеттік Елтаңба.

Ернар:«Қыран» тобы асқақтаған Әнұран туралы ойларыңызды білдірсеңіздер.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы –Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы,бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған.Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы,  Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.

Салтанат:Иә.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.Келесі кезекте әнұран туралы тақпаққа берсек.

Әлихан:Әнұраным –жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Бақыт-бірлік күн талабы.

Тоқтамайды дабыр әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам Әнұраны!

Слайд.Салтанат:Ендігі кезекте монитордан біз тапсырмалар орындаймыз.

3- бөлім: Ш/т:

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңыздар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

4-бөлім. Ернар «Кім зерек?» тапсырмасы.

: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
Салтанат:1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
Ернар:2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)
Салтанат:3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

Ернар:4.ҚР Мемлекеттік ту қандай жерлерге ілінеді?

Мемлекеттік Ту ҚР Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, бас прокуратурасының, Ұлттық Ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай - ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, Конституциялық мекемелерінің орналасқаи жерлерінде ұдайы тігіледі.(Экраннан мемлекеттік ту тігілген ғимараттар мен мекемелердің суреттері көрсетіледі)
Салтанат:5-бөлім. Білімдінің көзі ашық тапсырмасы.

 С: ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

 Е:– Еліміздің бас қаласы

 С:ҚР президенті

 Е: ҚР туының авторы 

 С:ҚР елтаңбасының авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы.

 Е:Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

 Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

 С:Еліміздің көрікті жерлері

 Е: Отан туралы өлең

 С:Отан туралы мақал-мәтел

 Е:ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран конституциялық заңмен бекітілген.  Нешінші бабында?    9 бап.

С:Әркім  республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.Нешінші бапта?   34 бап 

Ернар:Қорыта келе біздің бұл тәрбие сағаты арқылы түсіндіргіміз келгені мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Салтанат:Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:

-Құрметтеуге:

-Мақтанышпен қорғауға:

-Тұмардай сақтауға:

-Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:

Елімнің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»

Ал қане балалар барлығымыз Көк тудың желбірегені әнін орындаймыз.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
447
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі