400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақатанышым

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілеріне арналған жаңартылған білім мазмұнындағы тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым»

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылар тәрбие сағаты барысында ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін еске түсіре отырып, жаңа мағлұматпен танысады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ҚР Мемлекеттік рәміздерінің атрибуттары туралы білімдерін еске түсіріп, жаңа ақпарат алады.

Ресурстар: постер, маркер, фломастер, АКТ, бейнебаяндар, таныстырылым, фишкалар, топқа бөлу кеспе қағаздары, шар, Мемлекеттік рәміздер туралы суреттер, стикер.

Тәрбие сағатының түрі: топтық жұмыс (Блум таксономиясы бойынша)

Тәрбие сағатының барысы:

І. Білу. Сынып оқушыларымен амандасып, тәрбие сағатының тақырыбы мен мақсатымен таныстырып өту.

ІІ. Түсіну: ҚР Мемлекеттік гимн айту (бейнебаянды қосып, бірге айту)

Сынып оқушыларын «Қазақстан», «Ту», «Елтаңба», «Гимн» деп жазылған кеспе қағаздары арқылы топтарға бөлемін.

  • Топ басшысын сайлау;

  • Топқа сай ұран дайындау;

  • Топ мүшелерін әдемілеп таныстыру.

ІІІ. Қолдану: Орналасқан әр топ өз аттарына сай «Қазақстан», «Ту», «Елтаңба», «Гимн» тақырыптарында постер қорғайды. Мысалы:

Shape2 Shape1 Shape3

Ту

Көк түсті Қаралы жағдайда төмен түсіріледі

МShape4 емлекеттің

бShape6 Shape5 асты нышаны Қыран, күн, және ою алтын түстес

бояумен берілген

авторы: Ш. Ниязбеков


ІV. Талдау. «Кім көп біледі?» тақырыбында сұрақ-жауап сайысы. Берілген сұрақты топ таба алмаса басқа топтар жауап беріп, ұпай жинауына болады.




1-топқа:

Б ұл кімнің суреті? Ол кісі туралы не білесіңдер?


(Оқушылар жауабынан кейін «4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» атты бейнебаяндағы 01:00-01:34 аралығындағы дерек көрсетіледі.)




2 -топқа:

К імнің суреті бейнеленген? Ол кісі туралы не айта аласыңдар?


(Оқушылар жауабынан кейін «4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» атты бейнебаяндағы 01:38-02:04 аралығындағы дерек көрсетіледі.)



3-топқа:

А л мына атақты адамның аты-жөні мен ол кісі туралы деректі айта алсыңдар ма?







4-топқа:

А л 4-топ мына сурет бойынша не айта алар екен?







1 -топқа:

Ал сіздерге түскен сурет бойынша қанша мәліметті әр оқушы айта алар екен?

(Оқушылар жауабынан кейін «4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» атты бейнебаяндағы 02:05-02:59 аралығындағы дерек көрсетіледі.)


2-топқа: ҚР мемлекеттік Туының көлемі және туындағы күннің шапақ саны нешеу? (32 шапақ бар)


3-топқа: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қашан қабылданды? (2007 жылы 4 маусымда)


4-топқа: Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні қашан бекітілді? (2006 жылы 6 қаңтарда)


1-топқа: Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Гимн)


2-топқа: Гербтерді зерттейтін тарих ғылымының бір саласын не дейді?

(Геральдика)


3-топқа: Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта, құжаттарда т.б. не бейнеленген? (Елтаңба)


4-топқа: Президент резиденциясында, Үкімет үйінде және барлық мекемелерде бар. Ол не? (Ту)

4-кезеңді жинақтап, ұпай саны көп топты анықтау.


V. Жинақтау. Оқушылардың жоғарыда айтқан білімдерін толықтыру және нақтылығына көз жеткізу мақсатында «ҚР Мемлекеттік рәміздер – елдігіміз бен бірлігіміз» (01:25-09:54) атты бейнебаянды ұсыну.


VІ. Бағалау. Тәрбие сағатының мақсатына оралу. Оқушылармен ауызша сұхбат жүргізу.

  1. Тәрбие сағатының тақырыбы?

  2. Неге олай деп ойлайсың?

  3. Тәрбие сағатынан қандай ой түйдік?


«Көк тудың желбіреген» әнін бейнебаяннан тамашалап, бірге орындайды.


Кері байланыс: «Өте сенімдімін», «Сенімдімін», «Аздап сенімдімін», «Сенімсізбін», «Мүлде сенімсізбін» бейнелеріне стикерге өз ойларын жазып, бүгінгі тәрбие сағаты бойынша өз білім деңгейлерін бағалап шығады.



«Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кенті

ЖББ №17 орта мектебі» КММ










ТShape7

«Мемлекеттік рәміздер –

ұлттық мақтанышым»

ақырыбы:











Дайындаған: 5-сынып жетекшісі

ТҮСІП БАТИМА МАҚСҰТҚЫЗЫ












Қарағайлы – 2017 жыл




































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
847
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі