400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

Материал туралы қысқаша түсінік
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Гимн бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп:

Көктұма қазақ орта мектебі

ПедагогтіңТ.А.Ә.

Дүйсенбаева А.Д.

Күні:13.10.2023ж

Қатысушылар саны:11

Қатыспағандар саны:

Сынып:

10А

Ашық сынып сағатының тақырыбы

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

Сынып сағатының мақсаты

1. Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздермен жан - жақты таныстыру, ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау;
2. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой өрісін кеңейту;
3. Отанды сүюге, рәміздерді құрметтеуге үйрету, өз Отанының патриоты етіп тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ой қозғау

Құрметті оқушылар! Бүгін сіздердің назарларыңызға «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Отан –жерім,Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Оқушыларды екі топқа бөлінді.

«Барыс»және «Қыран » топтары.

Біздің маңызды құндылық тұралы ортаға ой айтылды

«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.




Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

«Инстаграмм» әдісі арқылы тақырыпты аштық











Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшеді


Постер жасады






Мадақтау

Слайд

суреттер

Ортасы
















































Сұрақ жауап



























Сергіту сәті






Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Гимн бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 - маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді.
ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 - тамызда референдумда қабылданды. 9 - бөлім, 98 - баптан тұрады. 9 - бабында ҚР мемлекеттік рәміздері - Туы, Елтаңбасы,Гимннің сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34 - бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады. Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туын, Гимн -
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның мына біздер,- деп тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырамыз.
Көк жүзінде көгілдір
Гүл жайнаған мөлдір нұр.
Қазақстан жалауы -
Азаттықтың алауы.
Желбірейді аспанда,
Отан орны асқарда.

Ендеше елтаңба жайлы, оның мағынасы жайлы түсінік беріп отейікші

Мемлекеттік рәміздерге байланысты қызықты ақпарат пен деректер

Жалпылама Қазақстан туралы білімдеріңді жинақтайсыңдар балалар
1. ҚР тәуелсіздікті қай жылы алды?
2. Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?
3. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? 4. Еліміздің жер көлемі
5. Қазақстанда қанша облыс бар? 6. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
7. ҚР - сы неше мемлекетпен шектеседі? 8. ҚР - ның тұңғыш президенті кім?
9.. ҚР - ның жаңа Астанасын атаңыз 10. ҚР - ның рәміздерін атаңыз

11. Қазіргі мемлекетіміздің президенті? Қасым-Жомарт Тоқаев
Қазақстанға саяхат
Қазақстанның өзендері, көлдері, облыстары, таулары, жазықтарының аттары аталады. Картадан көрсету керек.
Мұнайлы өлке(Батыс Қазақстан), Қазақтың ұсақ шоқысы (Сарыарқа), Күріш өсіретін аймақ (Қызылорда облысы), Ең ірі өзен (Ертіс), Еліміздің бас қаласы орналасқан өзен (Есіл), ең ірі тау (Тянь Шань)


Оқушылардың патриоттық сезімін оятуға байланысты

Оқушылар өз ойларын жеткізуде


Рәміздер туралы

ас ақындардың өлең шұмақтары














































Оқушылар берілген сұраққа жауап береді














Карта арқылы елді-мекен көрсетілді










«Ерке сылқым» күйі шертіледі

Және «мереке» күйі

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



Қосымша мәліметтер



Презентация








Аяқталуы

Кері байланыс

" Үлкен саусақ» әдісі

«Инстаграмм» әдісі арқылы кері байланыс өтілді.


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін айтады



Тақырыпты бекіту




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
03.12.2023
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі