400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым!

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау. Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанынының патриоты етіп тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты

Тақырыбы:



DrawObject1












Мақсаты: оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздермен жан-жақты таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.

Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екенін, оны құрметпен мақтан тұту керектігін ұғындыру, ой-өрісін кеңейту, Отанды сүюге, рәміздерін құрметтеуге үйрету, өз Отанынының патриоты етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, нақыл сөздер.

Барысы.

1-оқушы: Оқушылар АНТы:

«Мен Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы, әділетті, өркениетті болуы үшін сапалы білім аламын.Жоғары мәдениетті азамат боламын.Туған халқымның ата-дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетіміздің Президентін құрметтеймін. Конституциясы мен заңдарын бұлжытпай орыдаймын, елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап, қастерлейміндеп АНТ етемін!!!»

Тәлімгер: ҚР Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. 9-бөлім, 98-баптан тұрады. 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы, Әнүранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі конституциялық заңмен бекітілген. 34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерн құрметтеуге міндетті екні айтылады.

Әнұран орындалады.

Тәлімгер: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздердің назарларыңызға «Менің елімнің рәміздері» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.

Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Алдымен халқымыздың өткен күніне шолу жасайық.

1-оқушы: XV ғасырда қуатты қазақ хандығын құрдық. Алайда қазақ елі тыныш өмір сүре алмады. Жоңғар, қалмақтар тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел «ақтабан шұбырынды» болды.

XVIII-XIX ғасырлада халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айырылды. Ұлы сайын даламыз империя меншігіне айналды.

1923-1933 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта халықтың көп бөлігі опат болды.

1937-1938 жылдардағы қасірет.

1941-1941 жылдардағы адамзат тарихында болмаған алапат соғыс.

2- оқушы: Аспанда жарқ-жұрқ еткен жасындар,

Аққан судай зымырады ғасырлар.

Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер,

Бел-белестер, қилы-қилы асулар.

Ұлы жолда аз болды ма шығындар,

Қыршынынан қиылған сан ғұмырлар.

Атой салып жауға аттанды құрсанып,

Қабанбайлар, Бөгенбайлар, Сырымдар,

Маған қарап тура меңзеп оқтарын,

Қасарысты тағдыр құрып қақпанын.

Сталинград па, Ленинград па, Берлин бе,

Кім айтады, көкелер қайда жатқанын.

3-оқушы: 1989 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Сол отты оқиғадағы жастар ерлігі тәуелсіздігіміздің бастауы болды.

Қатігездік жұдырығы түйіліп,

Қамшы үйірілді, жасқан, жеңін, бұйырып

Желтоқсанда шықтық үлкен алаңға,

Ата-баба аруағына сыйынып.

Қалса да қайда елің, қайда жерің,

Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

Айырылып күндіз күлкі, түнде ұйқыдан

Күткенін осы еді ғой қайран елім!

4- оқушы:1990 жылы 24-сәуірде Республикаың Жоғары Кеңесі Қазақстанның тұңғыш президентін сайлады.

1991 жылы 16-желтоқсан- Қазақстанның мемлекеттік тәуесіздігі, әділеттің, ақиқаттың, имандылықтың салтанаты ел өмірінде тарихи түбірлі өзгерістердің жүзеге асуына негіз болды.

Ән: «Өшпес тарих»

Жүргізуші: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылап, өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.

Осы бір белгілердің мәнін әрбір адамзат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

5-оқушы: Мемлекттік Ту- 1992 жылы 4-маусымда қабылданып, 6-маусымда күшіне енді. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы күн халқымыздың нұры болып, шапағатын шашып тұр. Қыран құс- ерліктің белгісі.

6-оқушы: Ту

Мөлдір, бұлтсыз аспан күмбезін,

Бейелеген алтын шапақ күн көзін.

Адалдық пен пәктік көңіл нышаны,

Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім.

Көгілдір түс мөлдір, таза пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын,

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

7- оқушы: Қазағыма таныс өрнек ежелден

Қуат берген, зұлымдықтан жебеген.

Қастерлеген «Қошқар мүйіз» өрнегін,

Қасиеттің бір күніне теңеген.


Қыран құстай маңғазы да қырағы

Болса екен деп бейбітшілік тұрағы,

Сондықтан да көк туымда қалықтап,

Қыран бүркіт қанат жайып тұрады.


8- оқушы: Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат іспеттес.

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай

Елеміздің әнұраны

Жүректерге жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың

Жан серігі халқымыздың.


9- оқушы: Әнұраным

Әйгілісін әуенінмен әлемге,

Әнұраным, пәктігінді дәлелде.

Қазағыма қайсар шабыт бергендей,

Ұран болып айтыла бер әр елде.


Жүрегінен орын алып елімнің,

Шартараптан шарықтаумен көріндің.

Әсем әнді әуенінмен тербеткен,

Белгісісің кең жазира жерімнің.


Әрлі әуенің шартарапты шайқады,

Күштілігін бүкіл халық байқады.

Шабыт берген Әнұранды әрқашан

Маңғыз елім мақтанумен айтады.


10 – оқушы: Біздің Елтаңба- әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Шаңырақ: Отан отбасыдан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал уықтар: үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел- жұртқа да бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ай мүйізді алтын қанатты, қос шырақ арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің қара күшін, еліктің шапшандалығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымызды ашатын жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманың арқалып тұр.


Өр қанатты сұңқардың

Қанатымен шырқарым

Қазақстан- Отаным,

Әлем білген атағын.

Жарқыраған әр таңда

Мемлекеттік Елтаңба.

Халқымыздың бейнесін

Кең таныта өрлесін.


11- оқушы: Елтаңба

Көгілдір түс аясында шаңырағым шарықтап,

Жүйрік пырақ қанатты тұр

қанатымен қалықтап.

Сәулесіндей күннің алтын уықтар тұр

шаншылып,

Қасиетті Елтаңбаға қарап тұрсақ анықтап.

Түн төрінде жұлдызым тұр

жаңа жанған бағымдай.

Мәңгі бақи тұрса екен өз орнынан алынбай.

Ортасында «Қазақстан» деген жазу жазылған,

Шаттандырып шабыт берген

жүрегімнің қанындай.


Шаңырақ тұр арқау болып,

бар жүгінді арқалап,

Шаңырағым биік болса шарықтайды шартарап.

Елім үшін шексіз өмір, тіршіліктің нышаны,

Қазақ елі бар әлемге үлгі болып тарқамақ.


Көк кілемде желдей ескен қанатты бар пырағы,

Елтаңбада екі жаққа мойын бұрып тұрады.

Желмаядай жүйрік болған, ай мүйізді пырағым,

Сол пырақпен бейнеленген ата- баба тұрағы.


Жарық жұлдыз жарқыраған елтаңбаның төсінде,

Баршамызға бағдар берген айлы түннің кешінде.

Міне осындай суреттелген Елтаңбасы елімнің,

Әлі талай сақталады бүкіл әлем есінде.

Ән: «Елтаңбасы елімнің».


Жүргізуші: Мемлекеттің рәміздердің авторларына тоқталып кетейік:

Мемлекеттік туымыздың авторы кім?

1- оқушы: Шәкен Ондасынұлы Ниязбеков.

ҚР Мемлекеттік Туының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12- қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем- өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.

Жүргізуші: Қазақстан дейтін Отан- анамыздың Елтаңбасының авторы кім?

2- оқушы: Жандарбек Мәлібекұлы.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді аулында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтынын сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми- зерттеу жобалау институтынын қала құрылысы шеберханасының жетекшісі, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі, қазір Астанада тұрады.


3- оқушы: Шотаман Ыдырысұлы Уәлихан.

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші. Мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.

Жүргізуші: Ал Әнұранымыз қалай өмірге келді? Авторлары кімдер?

4- оқушы: Шәмші Қалдаяқов.

Шәмші Қалдаяқов есімі аталғанда аузымызға бірден халқымыздың әнұранына айналған «Менің Қазақстаным» әні түседі. Иісі қазақтың көкірегінде жыр болып төгіліп, сыр юолып өріліп, әндерінін қай- қайсысы да халықпен бірге туғандай біте қайнасып, оның бөлінбейтің бөлшегіне айналып кеткен. Халқымыздың жүрегін осыншалықты сыршыл да кәусар саздың құдіретімен баураған ұлы сазгер есімі ұмытылмайды. Халық жүрегінде мәңгі сақталады.

5- оқушы:

Жүмекен Нәжімеденов

1960 жылдардан бері қазақ поэзиясы мен прозасына өзінің ұлттық бояуы қанық, айшықты қолтаңбасын қалдырған дара тұлғалардың бірі. Ол 1935 жылы Қазақтың Құрманғазы атындағы консерваториясында оқып жүрген кезінде курстас досы Шәмші Қалдаяковтың «Менің Қазақстаным» атты әніне сөз жазған. Бұл ән қазақ халқының ұлттық әнұранына айналып, күні бүгінге дейін ұрпақ санасын отаншылдық рухымен жаңғыртып келеді.

Жүргізуші: Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев- достықтың, бірліктің, бауырмалдықтың туын берік ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған ғасыр куәсі болған адам. Елбасының болашаққа деген талпынысы, еңбекке ерте араласуы балалық кезден басталған екен. Елбасы өмірімен таныс болыңыздар.

6-оқушы: Қазақстан топырағы киелі. Сонау зеңгір көк аспанмен таласып, Алатау баурайында Үшқоңыр биіктері «Мен мұндалап» қол бұлғайды. Қазкелең тауынан бастау алып, қар суымен толысып, сай-салаға бөліне еркелей Шамалған өзені ағып жатыр. Осындай табиғаты тамылжыған өлкеде, жер жаннаты Жетісудің төскейінде, Шамалған ауылында болашақ тәуелсіз мемлекетіміздің басшысы дүниеге келген. Ол 1991 жылдан бері ҚР Президенті болып келеді.

Ән: «Үшқоңыр»

Жүргізуші: 1992 жылы 4-маусымда Мемлекеттік рәміздер Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді.

Сонымен жүрналымыздың келесі беті «4-маусым» деп аталады.

7-оқушы: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні » болып белгіленді.

Мұндай жаналықты Нұрсұлтан ағамыз Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде өткен еліміздің мемлекеттік рәміздердің 15-жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» атты Республикалық жастар форумында жария етті.

Тәлімгер: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы, ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерін, сендердің күш жігерлерін және сендердің білгендерін қажет...

Отан сендерге зор үміт артады. Сендер оны ақтап шығатындарына сенімдімін. Отаншылдық сезімі, өз еліне деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер күні жалпыхалықтық сүйікті мерекелердің біріне айналсын. Әрбір қазақстандық отбасында, әрбір үйде атап өтілетіне сенімдімін» - деді форум делегаттарына арналған сөзінде.

Жүргізуші: Қазақстан! Туды алтын дәуірін,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңын құтты болсын бауырым,

Туған күнің құтты болсын, Алыбым.

Байрағың биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын.

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер

Ьасыңнан мәңгілік бақытың таймасын.

Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызжы жұмылдырып, рухтандырып тұрады.

Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді.

Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Қош, болыңыздар!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі