Материалдар / Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышымыз.

Материал туралы қысқаша түсінік
Рәміздер күні арналған шараның сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2024
210
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз

«AQYL-BATTLE» ойыны



  Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз»
  Мақсаты

І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мұғалім кіріспесі.
3. Рәміздер туралы топтық жұмыс.
4. Қорытынды.


Кіріспе бөлім:

Отан –жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді..

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді- демекші бүгінгі іс шарамыз отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Әнұранымен бастайық. (Әнұран орындалады)

Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) жатады.
Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.
Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.
Әнұран – өлеңге жазылған салтанатты ән.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.
1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Әнұран қабылданды.

«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

Ендеше, мерекелік шарамызды бастаймыз.

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»



Бүгінгі біздің шарамызда топты 3 топқа бөлеміз.

  1. «Көк аспан»

  2. «Алтын дән»

  3. «Қыран». 

«Көк аспан» тобы Мемлекеттік Ту туралы, 

«Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы,

 «Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекерін ортаға салып, мемлекеттік рәміздер туралы жобамызды қорғап шығамыз.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір азат елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
2-бөлім:  Туымен - Тұғырлы, Елтаңбасымен - Еңселі, Әнұранымен айбатты ел!

1 тапсырма. «Көк аспан» тобы тұғырлы Туымыз туралы жинаған деректерін ортаға салады.  

 «Алтын дән» тобы Мемлекеттік Елтаңба туралы

Қыран» тобы Мемлекеттік Әнұран туралы жинақтаған дерекеріңізді ортаға салады.

1 топ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Туы туралы

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі. Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті. Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

2 топ «Алтын дән» тобы еңселі Елтаңбамыз туралы

Ал бүгінгі таңба Елтаңбамызда не бейнеленген екен, соған тоқталайық, ол үшін сөзді «Алтын дән» тобының мүшелеріне берейік (Тақтадан мемлекеттік елтаңба, оның авторларының суреттерін көрсетіп тұрады) Біздің Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Отанымыздың байлығы іспеттес. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елтаңбаның авторлары - Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.





3 топ «Қыран» тобы асқақтаған Әнұран.

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған. 1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді. 2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

3- бөлім: 2 тапсырма

1.Мына сөздерден басқа сөздер ойлап жазыңдар:

1-топ 2-топ 3-топ

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран
Ел                                           Бай                                  Ән
Таңба                                      ай                                     Ұра
Таң                                          қар                                   Ұн
Аң                                           ар                                     нан

4-бөлім.3 тапсырма «Кім зерек?» тапсырмасы.

Мұғалім: Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.

1. Барлық мемлекеттік құжаттарда бейнеленеді............ (Елтаңба)
2. Мемлекеттік мекемелердің барлығының төбесінде ілулі тұрады. ..........(Ту)
3. Республика,облыс, аудан көлеміндегі салтанатты жиындарда орындалады. ........... (Әнұран)

5-бөлім. 4 тапсырма Білімдінің көзі ашық. Сұрақ-жауап айдары

Қай топ бірінші қол көтеріп жауап береді сол топтың жауабы қабылданады.

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?
 – Еліміздің бас қаласы?
 
– ҚР президенті?
 – ҚР туының авторы
?
 – ҚР елтаңбасының авторлары
? Жандарбек Мәлібекұлы.
 – Әнұранымыздың авторлары: Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазғандар:   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.
 

Сіздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан дегеніміз не?

-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.

– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз,  Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.

Жақсы балалар, олай болса, келесі тапсырма


5 тапсырма «Отан» жайлы мақал-мәтелдерді жалғастыру

  1. Отан отбасынан (басталады)
    2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
    3. Отан - елдің анасы,  (Ел - ердің анасы)
    4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
    5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
    6. Отан оттан да (ыстық)
    7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
    8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
    9. Ел іші - (алтын бесік)
    10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)
    Отан – жерім, Отан - суым,
    Отан қуат, нәр береді..
    Отан - ұран, Отан - туым
    Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Пазл құрастыру (Суреттер беріледі)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:
- Құрметтеуге:
- Мақтанышпен қорғауға:
- Тұмардай сақтауға:
- Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!