Материалдар / «Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым»

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушы мен ұстаздар қауымына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2018
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышым»

Мақсаты:

Білімділігі: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінінің тарихын, мемлекеттілік нышандардың маңыздылығын мәнін, мағынасын оқушылар санасына толыққанды жеткізу.

Дамытушылық. Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, елінің, жерінің патриоттары болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер, ҚР картасы, ҚР рәміздерінің авторларының фотосуреттері т.б.



Сайыс барысы. Сайыс бес топтан құралған. Әр топтың топ басшысы, топ белгісі және топ ұраны болу керек. Сайыс төрт кезеңнен тұрады.

І кезең: Таныстыру.

ІІ кезең: алдын ала салынған қабырға газетін қорғау.( мемлекеттік рәміздер)

ІІІ кезең: патриоттық өлең оқу.

ІV кезең: викториналық сұрақтар.

Сайысты бастамас бұрын ҚР Әнұраны орындалады.



Енді бүгін өлген туым тірілді,
Әнұраным  алды жаулап  ғұмырды .
Босағада  қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.



Ұшсса құс қанаты талатын, шапса ат тұяғы сынатын, ұлан- ғайыр, кең-байтақ қазақ елінде де тәуелсіздік таңы атып, көгілдір көгінде көк байрағы желбіреп, көк аспанда қыран құсы еркін қалықтап ұшып жүр. Бабалардың қанымен, аналардың көз жасымен, білетің күші, найзаның ұшымен келген бұл тәуелсіздікті қорғап, құрметтеп, жауға бермей, досқа ұсынбай сақтау ол біз бен сіздің негізгі міндеті. Әр тәуелсіз елдің өзінің негізгі шекарасы, мемлекеттік нышандары, яғни елтаңба, әнұран және туы болады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылы өзінің шекарасын, мемлекеттік нышандарын, төл теңгесін белгілеп, нығайтып алған мемлекет. Мемлекеттік рәміздер Қазақстан Республикасының заңымен қорғалады.

«1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

     Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде "Қазақстан" деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ "Қазақстан" деген жазу - алтын түстес. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні - осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-поэтикалық туынды. 
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақталады» делінген.

Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                 Ну орман, тауы,өзені, көлі бар

                 Қазағымның елін жерін қорғайтын

                 Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

«Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышым» атты патриоттық сайысқа қош келдіңіздер. Сайысымызды бастамас бұрын, сайыста қазылық ететін қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Қазылар төрағасы: Арықта орта мекетбінің тарих пәнінің мұғалімі Кульбаев Әскербай Ермекұлы. Қазылық мүшелері Арықты орта мекетебінің директорының патриоттық тәрбие жөніндегі орынбасары Омаров Асылхан Сатуринұлы және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сеитова Айгерим Тахировна. ұпай сандары әр екі кезең сайын саналып, ұпай сандарына түсініктемелер берулеріңізді сұраймыз.

Мектепішілік сайыста жеңген топ, аудандық «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым»-атты патриоттық акцияға қатысуға жолдама алады.

Сайыста Әр топтың топ басшысы, топ белгісі және топ ұраны болу керек. Сайыс төрт кезеңнен тұрады.

І кезең: Таныстыру.

ІІ кезең: Алдын -ала салынған қабырға газетін қорғау.( мемлекеттік рәміздер)

ІІІ кезең: Патриоттық өлең оқу.

ІV кезең: Викториналық сұрақтар.

Ал ендеше, сайыс жолдары түсінікті болса, бастайық. Бірінші кезең таныстыру. Топ аты, топ белгісі, топ ұраны.

  2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін
дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан
Республикасының заңнамасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.

Сайысымыздың екінші кезеңі келіп жетті. Қабырға газетін қорғау.

Әділ қазылар ұпай сандарын жариаласаңыздар.
      3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін 
              бекіту

      Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесі (осы Конституциялық заңға );
 
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі (осы Конституциялық заңға );
 
      3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық редакциясы мен мәтіні (осы Конституциялық заңға) бекітілсін.

Сайысымыздың үшінші кезеңі: патриоттық өлең оқу.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
               рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру

      1. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Республика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 
      2. Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны - Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарламаларына енгізіледі.
 
      Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәтіні орналастырылады.

Төртінші кезең: викториналық сұрақтар. Сұрақтар үш түрлі түспен, яғни сұрақтын күрдлігіне байланысты қойылады. Экранға назар аударыңыздар.

Қызыл түс кұрделі, жасыл түс орташа, сары түс жеңіл сұрақтар топтамасы. Сұрақтар.

1. Мемлекеттік рәміздерге не жатады? (елтаңба, әнұран, ту).

2. Елтаңба авторлары? (Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов).

3. Қазақстан Республикасына биылғы жыл? (Тәуелсіздікке 25жыл),

4. Қазақстан республикасының тәуелсіздік күні? (16 желтоқсан),

5. Қазақстан Республикасында қанша әнұран болды.(екі).

6. Ту авторы? (Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков).

7. Қазіргі Әнұран қай жылы айналымға енді және авторлары? (2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Гимн3 ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

8. Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күні? (1 желтоқсан)

9. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қай елдің президенті? ( Қазақстан)

10. Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген?(елтаңба)

11. Мемлекеттік ту қай кезеңде шетелдерде көкке көтеріледі? (Елбасы шетелге шыққанда және спортшалар жеңіске жеткен кезде).

12. Қазақстан мемлекеті қай жылы тәуелсіз ел болып жариаланды? (1991 жылы, 16 желтоқсан).

13. Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде нешінші орын алады?(9орын)

14. Қазақстанның ұлттық валютасы қалай аталады? (теңге)

15. Қазақстанның мемлекеттік тілі қай тіл? (қазақ )

Осымен төртінші кезеңде аяқталды. Ұпай сандары дайын болса. Сайыс жеңімпазы аудандық «Мемлекеттік рәміздер мақтанышым» атты патриоттық акцияға қатысуға жолдама алды.

Қортынды: Бүгін міне сіздерге «Ешқашан жалықпайық», «Білім алу жолында талмайық», «Бір – бірімізге дос – бауыр деп қарайық» дегім келеді. Сонда ғана өз отанымыздың нағыз азаматы бола аламыз.

Президент Н.Ә.Назарбаев «Мемлекеттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы байланыстың жарқын бейнесі» деген еді.
Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! (сайыс соңында Атамекен әні орындалады)













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!