Материалдар / Мемлекеттік Рәміздер- ұлттық мақтанышымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік Рәміздер- ұлттық мақтанышымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан, Отан, туған ауыл, қала туралы әндер, тақпақтар айтқыза отырып, балалардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік, отансүйгіштікке, туған жерді, елді қадірлеу қасиеттерін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2021
295
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация.Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу қызмет: Сөйлеуді дамыту, ән -саз

Тақырыбы: Мемлекеттік Рәміздер- ұлттық мақтанышымыз

Мақсаты: Балаларға Қазақстан мемлекетінің рәміздері, Ел басымыз туралы түсінік беру. Туған елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, ой-өрісін кеңейту.

Қазақстан, Отан, туған ауыл, қала туралы әндер, тақпақтар айтқыза отырып, балалардың бойындағы адамгершілік, сүйіспеншілік, отансүйгіштікке, туған жерді, елді қадірлеу қасиеттерін қалыптастыру.

Шаттық шеңбер

Қазақстан- туған жер,

Сені қатты сүйемін.

Көлдер, таулар, даламды,

Отаным деп білемін!

Көрнекілік: Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Әнұраның және Елбасының суреті. Бейне рольик.


Тәрбиеші: Балалар бізде бүгін мереке.

Бүгін рәміздер күні. Рәміздер деген не?

Жауабын білу үшін бейне рольикке назар аударайық.

Бейне рольик – Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз

Балалар, бүгін біз өзіміздің Отанымыз- Қазақстан туралы, оның

Рәміздері- Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұраннымыз жайлы, туған

жеріміз туралы әңгімелейміз. Қазақстан Республикасының Әнұранын айтайық. Ендіше оң қолымызды жүрек тұсына қойып орнымыздан тұрып әнұранды айтайық.

Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын айтқызу.

Тәрбиеші: Балалар сендерге сұрақ қояйын, сендер дұрыс жауап беруге тырысыңдар.

Біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Ана тіліміз қандай?

Қазақ тілі

Тұңғыш елбасымыз кім ? Қазіргі елбасымыз кім?

Балалар: Н.Ә. Назарбаев. Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев

3.Астанамыз қай қала ?

Балалар: Елордамыз Нұрсұлтан қаласы.

Ауылымыздың аты қалай?

Құрық ауылы

4. Балалар Отан деген не? Отан неден басталады?

Балалар: Отан дегеніміз -ол туған жеріміз үйіміз жанұямыз ата- анамыз.

Отан- отбасынан басталады.

Хор

Отан деген – атамекен,

Отан деген – туған жер.

Отан – анам, Отан – панам.

Қазақстан – туған ел.


Тәрбиеші: Балалар әр елдің өзінің рәміздері болады, яғни Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар. Ал мына суретте не бейнеленген ?

Балалар: Елтаңба, Ту.Әнұран

Тәрбиеші: Елтаңба, ортасында шаңырық, ол бірліктің, достықтың белгісі. Күн шуағы – ашық аспанның белгісі. Қанатты пырақтар- еліміздің тірегі.

Нұржанат

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Ал Ту көгілдір түсті ашық аспан белгісі. Бүркіт- еркіндік белгісі. Тудың жиегінде қазақ халқының ою мен өрнектелген.

Амир

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Ал мынау Әнұран біз жаңа оқу қызметімізді әнұранмен бастадық. Әнұранды айтқанда орнымыздан тұрып оң қолымызды жүрек тұсына қойып құрмет тұтытып шырқаймыз.

Әмина

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Жүрсем егер дүние кезіп

Қатар шапқан қос тұлпар

Ай астында қазақ үй.

Ұжымдық жұмыс: Рәміздер

Сергіту сәті

Мен қазақпын (бейне көрініс арқылы жасау)

Балалар алдымызда тұрған тапсырмада мемлекеттік рәміздерді тауып белгілейік.


Ән «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен шырқайды.

Қортынды:Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады?

Елбасымыз кім?

Қандай тапсырма орындадық?

Балалар , біз әрқашан саналы, білімді білікті азамат болып өсейік. Оқу қызметке қатысқан балалардың еңбектерін бағалау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!