Мемлекеттік рәміздер мектепалды даярлық тобы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепалды даярлық тобы пән мұғалімдеріне арналған сабақ жоспары.Қоршаған орта саласы бойынша.Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепалды даярлық

Қоршаған ортамен танысу

Уақыты:15.05.2019 ж

Мейрембекова Ә

Тақырыбы

Мемлекеттік рәміздер

ҰОҚ оқытылу мақсаты:

Мемлекеттік рәміздерді атау.

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:

Мемлекеттік Гимнді жатқа айтады.

Қазақстан Республикасының рәміздерін атайды.

Елтаңбасы мен Туын сипаттайды.

Көпшілік тәрбиеленушілер:

Қазақстандықтар өз елінің рәміздеріне сүйіспеншілігін

танытады.

Кейбір тәрбиеленушілер:

Рәміздердегі әр элементтің мағынасын айтады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:

Қазақстан Республикасының рәміздері туралы; Гимнді жатқа айтады.

Көптілділік:

Рәміздер – символы – symbols

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

Еліміздің рәміздері

Пікір алмасу сұрақтары.

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

Еліміздің рәміздері қай жерлерге қойылады?

Жоспары

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 минут

II. Өмірлік тəжірибені

маңыздандыруМақсатты болжам.

Шаттық шеңбері

С. Әлімқұловтың «Отан» өлеңін айту.

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, ұлы Отан.

Елім – менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын,

Жүрегімсің сен, Отан.

Музыкалық

әуен.

Өлеңдер

жинағы.

Сабақтың ортасы

Негізгі бөлім

6-18 минут

Бүгінгі тақырып: Мемлекеттік рәміздер.

Рәміздер – мемлекеттік нышандар. Біздің мемлекетіміздің рәміздері – Ту, Елтаңба, Гимн. Әр елдің өзінің рәміздері болады.

Сөздік жұмысын жүргізу

Көптілділік:Рәміздер – символы – symbols, елтаңба – герб – coat of arms

1. Тыңдайды. 2. Қайталайды.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

1-тапсырма

Мемлекеттік рәміздер жайлы ақпарат беру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Біздің мемлекеттік туымыздың түсі – көк. Көк түс – аспанның белгісі. Бұл – бірлік пен ынтымақтың белгісі.

Күн бейнесі– байлық пен береке белгісі. Қыран бүркіт бейнесі қазақ халқының ұлттық дүниетанымында еркіндік, бостандық сүйгіштік, ерлік, жүрек тазалығы сияқты адамгершілік асыл ұғымдармен астасып жатады. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасындағы шаңырақ, жұлдыз, қанатты тұлпар нені білдіреді? Елтаңбаның негізгі бөлігі – шаңырақ. Шаңырақ – мемлекеттің түп-негізгі – отбасының бейнесі. Қанатты тұлпар – ұшқыр арманның,

жақсылыққа құштарлықтың көрінісі. Қанатты тұлпар уақыт пен кеңістікті біріктіреді. Ал бес жұлдыз барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған.Қазақстанның Гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздіңПарламентінде бекітілді. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

2-тапсырма: суреттерден Қазақстан Республикасының

Мемлекеттік Рәміздерінің бейнелерін тауып белгілейді.

Рәміздер – сол елді айқындайтын белгілер. Мысалы, үлкен теңіз, мұхиттарда көп кемелер жүзіп барады. Олар өздерінің қай елден екенін білдіру үшін мемлекеттік Туын іледі. Әртүрлі спорттық жарыстарда, олимпиадаларда спортшылар өз елінің туымен шығады. Барлық елдерде біздің елшілігіміз бар. Сол елшіліктердің төбесіне ҚР Туы ілінеді. Спортшылар

жеңіске жеткенде сол елдің туы желбіреп, гимні орындалады. Рәміздерді барлық жерге ілуге болмайды. Мемлекеттік маңызы бар жерлерде ғана ілінеді.

Балалар қай жерлерде Қазақстан Туының ілініп тұрғанын көргендерін айтады.

4-тапсырма: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын тауып белгілейді.

Б. Тәжібаевтың өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Мазмұнын түсіндіреді. Балаларға бірнеше рет қайталатып жаттатқызу.

Туған елім – гүл елім,

Қасиетіңді білемін.

Өзіңе деп жүремін –

Лүпілдеген жүрегім!

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу – тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.__

Әліппе-дәптер.






Мемлекеттік рәміздер









IV. Сабақ

қорытындысы

Рефлексия.

Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту.

Балалардан күнді кез келген түсті қарындашпен бояуын

сұрау:

ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл

қарындашпен.

Әліппе-дәптер





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.06.2019
3349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі