400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы тәрбие сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы : Мемлекеттік рәміздер –ұлт мақтанышы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін  кеңейту, Қазақстан Республикасының рәміздері  туралы  түсініктерін қалыптастыру;

Дамытушылық: Ой - өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту;

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнді қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгіме, талдау - жинақтау

Көрнекілігі: кітап ,ту,елтаңба суреттері

Күтілетін болжам: Еліміздің мемлекеттік рәміздері  туралы қосымша мәліметтер алады, түсініктері кеңейеді.

 Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабаққа психологиялық дайындық жүргізу.

Қазақстан туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
Әнұран орындалады.

 ІІ. Мақсат қою кезеңі:    

 Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

2. Қандай елміз?  Неше елмен көршілеспіз?

3. Мемлекеттік тіліміз қай тіл? Қай тілде сөйлейміз?

 

  «Кім жылдам» ойынын  ойнаймыз. Отан туралы қай топ көп мақал-мәтелдер біледі?

Мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.

 

1.  Отан- елдің анасы,  (Ел- ердің анасы)

2. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).

3.  Отанды сүю- (отбасынан басталады)

4.  Отан оттан да (ыстық)

5.  Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)

6.  Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)

7.  Ел іші- (алтын бесік)

8. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)

 

Рәміздерім - елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы  ең кіші.

Ән ұран, көгілдір Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.

 Бұрынғы заманда Ту әскердің киесі саналғандықтан, шайқас кезінде оны ұстау ең батыр адамдарға тапсырылған. Ту желбіреп тұрса әскер жеңіске жетеді, ол құласа жеңіледі деген ырым болған. Мысалы, Абылай хан заманында Қабанбай, Бөгенбай, Жәнібек, т. б. әйгілі батырлардың өз Туы болды.

- Мемлекеттік Тудың авторы кім?

 Шәкен Ниязбеков- ҚР Мемлекеттік Туының авторы      

Ту

Күнді құшқан қос қыран,

Аясында қалқыған.

Аспан түсті туым бар,

Көк теңіздей шалқыған.

-Тудың бейнесін сипатта?

Мемлекеттік Ту – 1992 жылы 4-маусымда қабылданды. Тудың ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген. Ту ортасындағы шұғылалы күн халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан қыран құс – ерліктің белгісі.

Мемлекеттік елтаңбаның  авторы кімдер?

Жандарбек Мәлібекұлы,  Шота Уалиханов

Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.

Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр.

                                Елтаңба

                       Өр қанатты сұңқардың

                       Қанатымен шырқар кім?

                       Қазақстан – Отаным,

                       Әлем білген атағын.

                       Жарқыраған әр таңда

                        Мемлекеттік Елтаңба.

 

Мемлекеттік әнұранның авторы кімдер?

Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

     Мемлекеттік Әнұран – еліміздің музыкалық  эмблемасы

Жеңістерге қолбасыдай,

Ерліктердің жолдасындай.

Еліміздің әнұраны,

Жүректерде жаңғырады.

Жаршысындай даңқымыздың ,

Жан серігі халқымыздың.

 

«Сен білесің бе?» ойыны        

 – ҚР тәуелсіз мемлекет пе?

 – Еліміздің бас қаласы

 – ҚР президенті

 – ҚР туының авторы 

 – ҚР елтаңбасының авторлары Жандарбек Мәлібекұлы.

 – Әнұранымыздың авторлары Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов

 Сөзін жазғандар   Нұрсұлтан Назарбаев,  Жұмекен Нәжімеденов.

 – Еліміздің көрікті жерлері

 – Отан туралы өлең

 – Отан туралы мақал-мәтел

 -  ҚР  мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Әнұран  


Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз  бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады.

    Мерейлі қазақ елінің Елбасы ел-жұртын жұдырықтай жүрегіне сыйғызып, қыран қанатының астына алып, барша жұрттың теңдігін, татулық пен тыныштықты сақтауды мақсат етіп, бүгінгі қазақ елін осы дәрежеге жеткізді

Елімізде мәңгі  тыныштық, бейбітшілік болсын!- деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Сынып сағатымызды қорытындылай келіп,  ант қабылданады.

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті, өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз, мәдениетті адам боламыз. Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»\
























































13.01.2017 жылы мектепішілік жиналысқа қатысқан
3 «ә» сыныптың ата-аналар тізімі.


1.________________________________________

2.________________________________________

3.________________________________________

4.________________________________________

5.________________________________________

6.________________________________________

7.________________________________________

8.________________________________________

9.________________________________________

10.________________________________________

11.________________________________________

12._______________________________________

13.________________________________________

14.________________________________________

15.________________________________________

16.________________________________________

17.________________________________________

18.________________________________________

19.________________________________________

20.________________________________________




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
1745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі