жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!" ашық сабақ 7-сынып
Тақырып: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш!
Мақсаты: оқушыларға еліміздің өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұматтар бере отырып келешекке сеніммен қарауға, елжандылыққа,ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету; адамгершілікке мейрімділікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, қалыптастыру.
Көрнекілігі: кітап көрмесі, еліміздің рәміздері, қанатты сөздер, слайд, буклеттер, қабырға газеті;
Мұғалім сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар, кадірменді қонақтар! Баршаларыңызды 16 желтоқсан «Тәуелсіздік» мейрамымен құттықтай отырып, 6-«А» сынып дайындаған «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты ашық сабаққа қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік-бастауы бар бақыттың,
Тәуелсіздік-ұлттың менен ұраның.
Шартарапта шаттығыңдай азаттық,
Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!
Көк Байрағы,Елтаңбасы,бірлігі,
Шалқи берсін Әнұраны Қазақтың!
Әнұран орындалады
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар және оқушылар. Бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Жасыл, шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем жер, лепі жұпар ерке жер, Қазақстан көркем жер!
1-оқушы:
Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел, сөйлеп тұрған-күн шығыстан жомарт өңір Қазақстан, жұмырт жердің байтақ өлкемнің елім келбетті нұр сәулелі Қазақстан!
2-оқушы:
Әрбір отбасының,әулеттің, рудың, ұлттық дәстүрлік, салт-саналық белгілері-әдепті сыйласым мен ар-намыстың, парыздық,борыштық іс-әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: Елтаңба, Әнұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен арым белгілер.
3-оқушы:
Шығу тарихына үңілсек, ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері-малға ен салу,таңба басу. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Елтаңба отбасының, әулетінің, рудың меншігіндегі мал-мүліктерді қадірлеп қорғай білүге жасалынған салттық көріністер еді.Бүгінгі ашық тәрбие сабағымыз рәміздер жайында болмақшы.
Қазақыстан Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
-Туы , Елтаңбасы және Гимні бар» делінген
5-оқушы
Сондай-ақ осы заңның 34-бап,2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті делінген
6-оқушы
Кез –келген мемлекет өз Елтаңбасымен еңселі , әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз
«Қайда-қайда» биі
7-оқушы
Қазақ жеріндегі сонау көне замандағы жартастарда қашап ойып салынған ту бейнелерін сөз етпегінің өзінде, біздің дәуірдегі Мөде,Бумын,Елтеріс, Жәнібек, Керей, Қасым ,Есім , Тәуекел,Тәуке ,Әбілқайыр,Абылай сынды қолбасшы баһадүрлеріміздің туралы болған
8-оқушы
Түркі тектес халықтарда жалау, ту түстері негізінен көк,ақ,сары ала болып келген.Мысалы, көк түс күң аспанда,ақ түс шындық, бақыт,қуанышты,сары түс ақылды,қара түс қаза мен қайырымды білдіреді.
9-оқушы
Туды бейбіт кезде үлкен қошеметпен сақтап, тек жаугершілікте ғана көтеріп шыққан .Жоры қтарда бас туды сақтаушы ретінде беделді сұлтандар мен батырлардың біреуі сайланатын. Тудан айырылу өліммен бірдей.Ол туралы аңыздарда көп.
10-оқушы
Матасы қандай, матасы көк түстерден таңдалған,
Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.
Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,
Туымды менің көргендер қызыға қарап таңдаған.
11-оқушы
Тудың түсі көк болуы: бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мем лекеттерге бөлінгенімен аспан ешқашан бөлңнбек емес. Ал күнге келер болсақ, ол жаһанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік аталуыға ортақ. Қазақ халқы қашанда қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. «Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биіктегі ғұмыры ұзақ болсын» деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді.
Өзбек ұлттық аспаппен күй тартады
Өзбек «Лазгі»биі
12-оқушы
Қазақстанның елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Көк аспан-кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді.
13-оқушы
1992 жылдың 4 маусымы –тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс,67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шотаман Уәлиханов жасаған бүгінгі Елтаңбамызға ауды.
14-оқушы
Қазақ елінің әрбір ру-тайпасының таңба-белгілері, жалауымен қатар әнұраны да болған. Қытайлар гимнді «го-ге»,мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі.Ал гректің «гимн» сөзін қазақшаласақ «ұран», «ұран салу», «жар салу» деген ұғымды береді.
15-оқушы
1992 жылдың 11-желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Оның сөзін жазғандар-Т. Молдағалиев, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Дәрібаева. Әнін жазғандар Л. Хамиди, М.Төлебаев. Е.Брусиловский болатын. 2006 жылы желтоқсан айында жаңа әнұран қабылданды. Жобаны талқылау кезінде депутаттар ұсынысымен парламент әнұран мәтінінің авторлары Жүмекен Нәжмеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев екенін айғақтайтын шешім қабылдады.
16-оқушы
Қазақстан Ата заңының 34-бап, 2-тармағында «Әркім республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» делінген. Олай болса рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтың міндеті, борышы.
Қазақ ұлттық аспабы «Домбыра»мен күй тартады
1-оқушы
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа, суың да.
Жаса,Қазақстаным!
Белді бекем буын да!
2-оқушы
Елтаңбасы елімнің,
Неткен көркем әдемі.
Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі.
3-оқушы
Мақтансаң мақтан «елім» деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Елтаңба,Туың, Әнұран
Шырқатты биік арманды.
Тәуеліздікке тән белгі-
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух, мән берді.
4-оқушы
Көгілдір түс мөлдір, таза, пәктігім,
Ырымдыды болсаекн деп сәтті күн.
Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын
Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.
Өрнекпен тұр қолтаңбасы дәуірдің,
Қадам бастық, артта қалды ауыр күн.
Әлі күнге көкейінде бауырдың.
5-оқушы
Қазақстан, туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.
Алтын заңың құтты болсын,бауырым,
Туған күнің құтты болсын Алыбым.
Байрағың биікте желбірей жайнасын,
Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын...
Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,
Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!
«Алға Қазақстан»биі
Мұғалім сөзі:
Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!
Рәміздер қай кезде қолданылады? (Заңнамадан үзінді слайд)
1991жылдан 2015жылға дейін тарихқа шолу жасау слайд арқылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген