400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш" іс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Отаншылдыққа,ұлтжандылыққа өз елін,тарихын сүюге тәрбиелеу.Педагогикалық шеберлігімді дамыту.Аттестатцияға өтуден үлкен көмек болып табылар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:03.02.2017

Тақырыбы: «Мемелекеттік рәміздер –ұлттық мақтаныш»

Мақсаты: Білімділік : Тәрбиеленушілердің мемлекеттік рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу,оларға мемлекеттік рәміздерін аса маңызды екенін ұғындырк,оны ерекше құрметтеп,мақтан тұтукеректігін ашып көрсету.

Дамытушылық: Ой-өрісін,танымдық қабілетін,жеке дара тұлға ретінде дамыту.

Тәрбиелік: Отаншылдық,ұлтжандылыққа ,өз елін тегін,тарихын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздер авторларының суреттері,дәміздер суреттері,таңба белгілер.

Іс шараның барысы:

ҚР-гимні орындалады

Қазақ елі ұлан-байтақ.Осындай кең байтақ жерге ие жас,егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі»бар Ол –көтерген Туы мен Елтаңбасы,асқақтата әулеткен Әнұраны.Еркіндікке ұмытылған қай ел,қай халықта өз дауысымен сөйлеуді ,өз даусымен сөйлеуді,өз үнімен жар салуды армандайды.ҚР-ның Ата заңының 9 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-Туы,Елтаңбасы және Гимні бар»-делінген.

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді ,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Отан-жерім,Отан-суым,

Отан-қуат,нәр береді..

Отан, -ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші,тәуелсіздігіміз тұғырлы болып ,еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндеті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын ,ұлттық салт-санасын ,қаhармандығы мен даналығын,болашаққа үмітін ,арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып,қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр” деп атап көрсетті.

-Балалар Мелекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер

Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең,босағаң берік болсын»деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздері басшылыққа алған.

Республиканың Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.ҚР-ның бір бөлігі ертегідегі қанатты тұлпар.Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрыш –бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі.Төмен жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді.

Тудың авторы-Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументшы –суретші.Біздің туымыз-көгілдір түсті,тік төрбұрышты мата .Ол бірлік пен аман-сендікті көрсетеді.Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн –тыныштық пен байлықтың белгісі.

Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын,қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.Тудың сабын бойлай ұлттық ою өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын,танымдық бейнесін көрсетеді.

Ислам:

Бейнелеп сан ғасырды

Елтаңбасы елімнің,

Таратады хас үлгі

Киесіндей жерімнің

Дилинур:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды.

Балалардың орындауында ән «Әрқашан күн сөнбесін»

Айман:

Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем әдемі,

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Балаларға сұрақтар қойылады:

-ҚР президенті кім?

-ҚР-ның елордасы қалай аталады?

ҚР-ның мемлекеттік туының авторлары кім?

-ҚРның мемлекеттік гимннің авторы кім?

-ҚРның мемлекеттік елтаңбасының авторы кім?



Қорытынды:Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы.Мелекеттік рәміздерді құрметтеу-елді,халықты ,тарихты,әдет-ғұрыпты,салт-дәстүрді қастерлеу болып табылады. Осымен балалар біздің оқу іс әрекетіміз соңына жетті.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
936
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі