400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мемлекеттік тіл" 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – тұмар! Тұмар – халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Тіл – елдіктің туы! Туды жықпай, тек биікте желбірету керек. Осы бойтұмарды үкілеп болашаққа апару, ұрпақтар ісін жалғастыру дәстүрі саған да тән. Оған сен де үлес қосасың менің шәкіртім!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл
Сабақтың мақсаты: 
а) Қазақ тілінің ұлт мәдениетінің негізі, рухани өзегі екенін жете түсінуге жан - жақты бағдар беру, ана тілінің қалыптасуы мен дамуына қызығушылықты өрістету;
ә) сұхбатқа шақыру, ой тастау әдісі арқылы оқушының тіл білімінің сын - сипатын танып - білуге деген ізденісін дамыту арқылы талдау, зерттеу - зерделеу дағдыларына бағдар беру;
б) ана тілдің адам өміріндегі, ұлт тағдырындағы орны мен маңызы жөніндегі азаматтық пікірін қалыптастыруына ықпал ету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық іздену
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар, суреттер, кесте - сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, өнер, мәдениет
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Тіл – тұмар! Тұмар – халқымыз қастерлейтін киелі ұғым. Тіл – елдіктің туы! Туды жықпай, тек биікте желбірету керек. Осы бойтұмарды үкілеп болашаққа апару, ұрпақтар ісін жалғастыру дәстүрі саған да тән. Оған сен де үлес қосасың менің шәкіртім!
ә) «Еркін пікір алаңында» ой бөлісу:
Төмендегі Бауыржандай батыр бабамыздың сөзі туралы өз ойыңды айтып көрші.
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы
Жаңа сабақты түсіндіру.– бүкіл ғұмыры мен өмір - тіршілігінің куәгері, сырлас та мұңдас серігі;
– ұрпақтан ұрпаққа аманат ететін тарихы мен мәдениеті, өнерінің алтын кілті;
– қоғамның дамуын зерделеп, заман өзгерістерін саралап, бойына сіңіріп, өзіне таныс тілде сөйлете алатын қуатты күш;

«Жүздеген ғасырлардың тарихын тербеген дала төсінде өмір сүрген ата - бабаларымыздың көкірек сыры мен жүрегінің үнін жеткізген қасиетті аманаты – тіл. Баба аманатын киелі тұмар ретінде қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген парасат иелерінен қабылдап алдық. Ал бізге күш берер киелі тұмар тұрғанда ұлттық мәдениетіміздің де туы биік, ұлтымыздың да ғұмыры мәңгілік бола береді.»
1 - жаттығу. Теледидардан берілетін тіл туралы қандай бағдарламаларды білесіңдер? Өздеріңе ұнайтын телехабар жүргізушісі туралы пікірлеріңді жазбаша түрде даярлап, жолдастарыңа оқып беріңдер..
Мен қоғамдағы өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйрене бастағаны қуантады. Олардың іс - әрекеттері бізге де ой салуы керек деп ойлаймын. Өз ұлтымыздан шықса да намыссыз адамдарға ой салуы керек деп ойлаймын Халық арасында не бір жаңа сөз, жаңа ұғымдар туып жатады, бұл – табиғи процесс. Солардың шала туғандары өліп, мезгілін біліп туған өміршеңдері қанаттанып, азаматтық сөздер қатарына қосылады. Құдайға шүкір, сөздік қоры жағынан қазақ тілі ешкімнен кем де, кедей де емес, әдебиетіміздің қаулап өсуінің бір себебі осында жатқан сияқты.
(М. Әуезов)
Бекіту Туған жер – тұғырың, Туған ел – қыдырың.

Бағалау: жазбаша және ауызша жұмыстар негізінде бағалау.
Үйге тапсырма:. «Ана тілдің тағдыры: бүгін және болашақта» деген тақырыпта эссе



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
5 наурыз
620
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі