400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Мемлекеттік тіл - менің тілім"

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

"Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты тәрбиелік іс-шара


Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Мемлекеттік тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру.


"Тіл - ұлттың басты негізі" атты бейнеролик көрсетіледі.

Хор: Қыздардың орындауында "Ана тілім" әні орындалады.

Жүргізушілер:

«Қазақ тілі» Авторы: М.Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 

Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 

Қан суынған, жүрек солғын соғады. 


Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, 

Күндей күшті күркіреген ел тынды. 

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 

Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 


Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 

Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 


Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 

Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 

Таралған түрік балаларын бауырыңа 

Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!


Жүргізушілер:

- Қайырлы күн, құрметті де аяулы ұстаздар мен оқушылар. Тіл-тәуелсіздік тірегі. Халық өмірінің өлшемі де тіл. Тәрбие тілден басталады.Ұлттық өнердің барлығы да тілден басталады. Тілсіз ештеңе дамымайды. Республикада ана тіліміз - қазақ тіліне «мемлекеттік тіл» деген мәртебе беріліп, Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы, ал екінші рет 1997 жылы шілденің 11-жұлдызында қабылданды.


Қазақ тілі –қазақ халқының ана тілі. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілінің құдіреттілігі - оның орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында. Қай халықтың болмасын тілі - өзіне тән қымбатты да қимас байлығы, қазынасы. Сол сияқты біздің де мемлекеттік тіліміз – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.


1-жүргізуші:  Тіл деген – алып мұхит түбі терең,

Піспегі толқын шашқан күбі ерен.

Қадірін тілдің сұра сақаулардан,

Көзіне жас алып бір күбірлеген.


Тіл деген – жарық жұлдыз аспандағы,

Арманның қиял жетпес баспалдағы.

Қадірін тілдің сұра мылқаулардан,

Көлінен ұшпай қалған қасқалдағы.


Тіл деген – адастырмас темірқазық,

Өрісі магнитінің өмірге азық.

Қадірін тілдің сұра кереңдерден,

Сөйлеуді арман еткен көңіл жазып.


2-жүргізуші: Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

Қазақ даласындағы тіл жанашыры болған ұлы тұлғаларымыздың Тіл туралы өлеңдері.

«Қазақ тілі»
Авторы: М.Жұмабаев

Күш кеміді, айбынды ту құлады, 
Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. 
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, 
Қан суынған, жүрек солғын соғады. 

Қыран құстың кос қанаты қьірқылды, 
Күндей күшті күркіреген ел тынды. 
Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, 
Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! 

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың 
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... 
Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, 
Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! 

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, 
Таралған түрік балаларын бауырыңа 
Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!


«Қазақ тілі»
Авторы: С. Торайғыров

Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутімнен
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген
Сол тілменен бірінші білгізілген:
«Ана» деген сүйгендік сөз әм менен
Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін
Сол тілменен ойнадым далада еркін
Сол тілменен бірінші сыртқа шығып
Өмірде ен далада ұққан көркім.


Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев
Ең бірінші бақытым - Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.
Түтін түтет,
Өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер.
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!
Үш бірдей бақытым бар алақанда,
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!

Қазақ биі.


Жүргізушілер:

- Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің  тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.

- Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып,  ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.

Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген мемлекеттік тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.

Бейне ролик көрсетіледі.


Жүргізуші:

- Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімнің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Ендеше, тілге деген махаббатын өлеңмен жырлаған, қазақ халқын күллі әлемге таныта алған, біртуар ақын Абай Құнанбайұлының жыр жолдарына кезек берейік.


Бейне ролик. Абайдың өлеңі.


Жүргізушілер:

- Әрине, бүгінгі таңда Абай атамыз туралы сөз қозғамасақ болмайды. Өйткені, биыл қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толып отыр.

Сахна көрінісі. 6-7 сынып оқушылары.


Жүргізуші:

Тарихы бар дастанымдай ерліктің,
Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің.
Қазақстан – алтын бесік Отаным,
Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің


9 сынып оқушысы. Ән

Жүргізуші:

Тіл – ұлттың жаны, халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні. Оны құрметтеп, қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл - қыздары бізге ғасырлар бойы ата - бабаларымыздан жеткен аманат.


6 "Г" сынып оқушысы Бадамбаев әні.

Жүргізуші (қорытынды сөзі)

Осымен «Тіл мерекесі» өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын, ағайын!


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қаңтар
687
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі