I -
жүргізуші:
Ассалаумағалейкум! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!
II - жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас
ұландары!
Өткір тілді дархан пейілді
Қазақстан Республикасы халықтарының « Тілдер мерекесі» күніне
арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!
(Әнұран)
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.
ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім.
Алғашқы құттықтау
І – жүргізуші:
Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен
ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана
тілі емес, мемлекеттік тіл! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тіл тағдыры
өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын баршаның ортақ ісі » деп
атап көреткен.
22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер
мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт
өкілдеріне көрсетілген құрмет.
ІІ-ж
Тіл –тәуелсіздік тірегі .Халық
өмірінің өлшемі де тіл.Тәрбие тілден басталадыТілсіз ештене
дамымайды.Республикада ана тіліміз қазақ тіліне мемлекеттік тіл
деген мәртебе беріліп Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы ал екінші рет
1997 жылы шілденің 11 жұлдызында қабылданды.Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының
тілдері күні болып жарияланды
Бүгінде Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына 27 жыл толып
отыр.
(пауза жасалады).
І – жүргізуші:
Ана тілде ата-баба сыры бар Ана тілін жырлап өткен
талайлар
Қазағымдай қазақ тілін кім
ұғар? Жырлап өткен Ыбырай мен
Абайлар
Өсе келе құстың тілін білсең
де Қасиетті менің ана тілімде
Ана тілсіз оның қандай құны
бар Өшпес мәңгі алаулаған арай бар
ІІ
жүрг
Өлең жырмен арайланса таң
күліп
Ардақтымды жырлап өтем ән
қылып
Мағжан Қасым Мұқағали
жырларын
Жалғастырып жаза берем
мәңгілік
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, батпаққа батырмай,
құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған
сөз байлығын, күйі мен жырын бізге
жеткізді.
І-ж
Ана тілі көңіліңе гүл
егер
Ана тілім ғұмырым деп біле
бер
Өзге тілде сөйлей білу бір
өнер
Ана тілде таза сөйлеу шын өнер
–дегендей ана тілімізде таза сөйлеп ,бүкіл құнары мен нәрін
бойымызға сіңіре білейік
І-ж
Ана тілім сенен биік шың бар
ма
Сен арқылы жарып кіргем
мыңдарға
Сенсіз маған әуен қайда жыр
қайда
Мен шалқимын құдіретің
тұрғанда
ІІ-ж
Тілім менің тірлігім мол
мұрамсың
Ата рухын жаныма
қондырасың
Өзіңменен таныдым
тарихымды
Кемелденген өзіңмен толды
жасым
І
жүрг
Тілім менің ғасырлардан
аманат
Ар намысқа келтірмейік жаман
ат
Қазақ болып туылдың ба
ендеше
Өз тіліңді өзгелерге
бағалат
І – жүргізуші:
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік
тіл өте қажет.
Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке
ұйымдастырудың басты құралы.
Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің,
мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен –
кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу
арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.
Елімізде қазақ тілінің мәртебесін өсіріп, мемлекеттік тілді
қастерлеп, мемлекеттік тілдің өз тұғырына қонуына атсалысып жүрген
өзге ұлт өкілдері қаншама.
ІІ
–ж
Жөргегімнен жыр боп енген
қазақ тілін айналдым
Қазақтардың нұр боп өрген азат
күнін айналдым
Кең далада кер жусанның жұпар
иісін айналдым
Кербез қыздың бұлаң қаққан
ғажап биін айналдым
Би
І-жүрг
Несіне мен қазақпын, өз
тілімді білмесем.
Өз елімде жарқылдап, еркін сөйлеп жүрмесем.
Құт мекенім қасиетті ата - бабам жерінде,
Нағыз қорлық - деп білемін, басқа тілде тілдессем.
Ана тілдің қасиетін айта білген түсінер,
Өз тілінде сөйлейді өмір көрген кісілер.
Жойған күні тіліңді, жойылады қазақ та,
Жоя білген адамдар - құлдыққа да
түсірер.
ІІ-ж
Мансап үшін өз тілін құрбан еткен адамдар,
Басқа тілді қастерлеп, ана тілін жамандар.
Ондай жандар ортадан аулақ болса сол дұрыс.
Қазақ емес шіріген жұмыртқа деп санаңдар!
Ана тілін сатқандар опасыз - деп білемін,
Білген жанға өз тілің - қуанышың, тірегің.
Қазақ тілі қор болса, қор болғаным менің де.
Ол жойылса мәңгілік тоқтап қалар
жүрегім.
І-жүрг
Керек емес байлығын, керек емес алтының,
Менің жалғыз тілегім, тілін сақта халқымның.
Ана тілім бар жерде сақталарын білемін
Қазақ үшін қасиетті ата - дәстүр
салтымның.
ІІ-ж
Ана тілін тартқылап салып жүрген көкпарға.
Ойлаңдаршы қазағым, осы бізде бет бар ма?
Ана тілін ту етіп, көтер қазақ көгіне.
Айқасқа түс, сол үшін айтыс болса шегінбе.
Ана тілді сыйламай, өгей бала болмайық.
Өз тіліңде сөйлемей, өзің туған
жеріңде
І – жүргізуші:
Туған тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде!
Туған тілім! Ана сүтінің жұғымы да сенде!:
Туған тілім! Райхан гүлдің жұпары да сенде
Туған тілім! Мәжнүн ғашықтың іңкәрі де сенде!
Туған тілім! Қыран құстың жанары да сенде!
(Пауза жасалады.)
І – жүргізуші:
Біз – ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз!
Біз - ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген халықтың
ұланымыз!
Біз – алтын күн бедерленген көк байрақты әлем биіктерінде
желбіреткен бейбітшіл елдің азаматымыз!
ІІ – жүргізуші:
Біз – кең байтақ жерінде бірлігі жарасқан алуан ұлт ұлыстан тұратын
бір тұтас халықпыз!
Біз – атадан мұраға қалған қасиетті тілімізді қадірлей білетін
ұрпақпыз!
Ана тілі – біздің ар-ождан, адамгершілігіміздің айнасы. Адам ана
тілімен бақытты, ана тілімен асқақ .
І – жүргізуші:
Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыры - қуат, сөзі – ана уызындай,
Бірге: Жасай бер, Ана тілім
– Қазақ тілім!
І – жүргізуші:
Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін!
ІІ– жүргізуші:
Ана тіліміз тек биіктерден көрініп, өркендей берсін!
Салтанатты жиынды жабық деп
жариялаймыз.