15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Сабақ жоспары
Күні:22.09
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2-4 сыныптар
1.Оқушыларды
мемлекеттік
тілдің
қадір-қасиетін біліп, мемлекеттік
тілдің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсініп, оның адам өміріндегі маңызын
ұғуға үйрету.
2. Сөздік
қорларын молайтып, шешендік өнерге баулу.
3.Ана тілін қастерлеуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл
сөздер, слайд.
Тәрбие сағатының мақсаты:
Тәрбие сағатының барысы:
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ.Кіріспе
сөз:
- Құрметті оқушылар,
ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие
сағаты. «Мемлекеттік тіл – менің тілім»
атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік
тіліміздің мәртебесін көтеру.
Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп
аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз
әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар
тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев
басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт
өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика
болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында
жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте
Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған
ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ
тіліне мемлекеттік мәртебе берілді.
Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып
жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан
Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды.
Оқушы тақпақтары:
1-оқушы:
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
2-оқушы:
Білу керек әр қазақ ана тілін
Анадай мейірімді дана тілім
Ана тілі арқылы халық үшін
Белгілі бар күреске баратыным
3-оқушы:
Асанқайғы,Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл
Жәнібек пен Қойлыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл
4-оқушы:
Туған жері-түп қазығы,айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр,салт – санасы-тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі...
5-оқушы:
Қазақ тілі-өз тілім,дана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым,дара тілім!
6-оқушы
Тіл дегенім – түсіністік құралы
Тіл арқылы адам бәрін ұғады
Татулық та,бірлік,достық,береке
Бәрі,бәрі осы ұғымға сияды
7-оқушы
Ана тілім-Шежірем,Өсиетім,
Аз ба, көп пе,білмеймін,қасіретің,
Ата-баба түгілі кейінгілер
Анасының білмейді қасиетін...
8-оқушы
Сүйемін туған тілді –анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнін
9-оқушы
О,адамдар,қадіріне жетіңдер!
Ана тілің - анаң.Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
10-оқушы
Қазағым тіліңменен жана берші
Әуендетіп,әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.
Мұғалім:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқөының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»
Ғ.Мүсірепов
.
«Ана тілін білмейтін адам бір қолы
жоқ шолақ адам секілді».Ғ. Мұстафин.
«Ана
тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен
де, болашағынан да қол үзеді.» Ғ.
Мүсірепов.
«Әрбір
саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі
мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін
білмеу-мәдениетсіздік». М. Әуезов.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-баба мызды, тарихымызды ұмыту».Б. Момышұлы.
Мұғалім: Жастайыңнан
қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып
ертегілер, шыншыл да сыршыл
аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген
батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат
еткен өткір де өміршең шешендік сөздер,
халық даналығы – мақал-мәтелдер ана
тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол
ана тілінде жетіп отырады.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына,
Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген
жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына,
Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне
сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
Тіл
тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен
басқа тілдің сөзімен шұбарламау.
VІ.Қорытынды:
Мұғалім: Адамды
жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат
беретін де, ой-сана беретін де осы сөз.
Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де,
болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай
даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті
емес пе?!
Олай болса,
біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Сәкен Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектеп
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
Мемлекеттік тіл – менің тілім!
Сыныбы: 2-4 сыныптар
Мұғалімі: Ногайбаева Б.Б.
Алматы 2017

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген