400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ »

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тіл мамандарына арналған материал
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ »

Аманбек Нұржан

Қазақ тілі-ананың ақ сүтінен дарыған ана тілі.Қазақ тілі-қазақ халқының байлығы, тарихы.Қазақ тілі-қазақы тәрбиемен,қазақтың дастарханымен дарыған ана тілім.

Адам баласы туғаннан бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, оның мәнін, мағынасын түсіне бастайды.тәрбиелік, әдептік, мәдени, рухани байлықтарды бала ана сүтімен бірге қабылдап, туған тілі арқылы жеткізіп, игілігіне жаратады.

Қазақ тілі арқылы адамдар бір-бірімен сөйлесіп, ойын жеткізеді, пікір алысады.Ана тілімізде халқымыздың әдеби, мәдени туындыларын оқып, өзіне тәлім-тәрбие алады. Осы шығармаларды оқи отырып, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін біліп, қазақ даласының исін сезеді.

Әрбір қазақ , қазақ тілін білу керек, қазақ тілін ұмытып, қазақ тілінде сөйлемеген, ана тілінде тәлім-тәрбие ала алмаған адамның келешегі жоқ.Келешегі жоқ дегеніміз, ол адамның өз ана тілін сыйламағаны.

Өз ана тілін білмеген, қадірлемеген адам, өз анасын, өз елін, өз Отанын сүйе алмайды.

Тіл ең алдымен адамдар арасындағы қатынас құралы. Тіл адамдар арасында қоғамдық қызмет атқаады.Адамдардың бір-бірімен сөйлесіп қатынас жасауы.Адам өмірінде тілдің алар орны, атқаратын қызметі орасан зор.Егер белгілі бір тақырыпқа орай пікірталас туар болса, орамды ой, толғамды пікірге құлақ салып, миымызға құйып қана қоймай, өзіңде пікір айтуға тырысу керек.Жасырары жоқ айтар ойыңды жеткізе алмай қалатын тұсында болады.Осы кезде Абай атамыздың бір айтқан сөзі аузыма келеді: «көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады» деп тамаша айтқан. Сондықтан айтарыңда ойланып, жеткізуге тырысу керек. Тіл өнерінің қыр-сырын тануға мән беру керек. Келісті сөз, орамды ой айтуға талпыну, дамыту, қайталап айту керек. Осының бәрін үйрену үшін адам ең бірінші- білімді болу керек, білімді бойға сіңіру керек. Сол білімді орынды қолдану, орынды жұмсау болып табылады. Кітаптарды оқу арқылы, өз ойыңды толық жеткізе алсаң, осы кезде өзіңе сенім, жауапкершілік, ізденушілік пайда болады. Сонда нәтижесі жемісті болады. Көргеніңді көңілге түйіп, жақсы сөзі жадыңда сақтап, оны қажетті сәтте қолдана білесің.

Әркімнің сөйлеу мәнері әр түрлі болады.Дүниеде өзіңе таныс тілден таныс не бар.Әр бір елдің өзінің ана тілі бар. Біз өз тілімізді құрметтеуіміз керек. Басқада елдердің тілдерін біліп, сол елдердің тілінде құрметтей білуіміз керек, бұл адамдық қасиетімізді білдіреді. Басқа елдің адамдары бір-бірімен сөйлесіп жатқанда кейбір адамдар күледі, ол дұрыс емес, ол адамның тәрбиесін, санасының төмендігін көрсеттеді. Өз тіліңді қалай құрметтейсің, басқа елдің тілін де солай құрметте.

Тілді сақтап, оның келешектің керегіне жарату үшін қызмет ету-өз халқын сүйетін кез-келген азаматтың парызы. Қазақ тілі даму барысында түрлі жайларды басынан кешірді. Қоғамдық қиыншылықтарға орай басып-жаншу, зорлық-зомбылықты басынан кешірді. Кешегі кеңес дәуірін еске алсақ, қазақ тіліне сөйлеуге намыстанған немесе орыс тілін білмесе болашағы жоқ деп санаған.Басқыншылық пен отарлау саясатынан жапа шеккен, бірақ соның бәрін басынан өткізсе де ел басымыздың басшылығымен өзінің келісті келбетін сақтап қалды. Ел басымыздың күшімен қазақ тілі өз күшін сақтап қалды.Алайда, орыс тілін үйрену барысында ана тілінен айырылған ұрпақ өкілдері әлі де арамызда бар.Қазақ тілі, қазақ жеріндегі адамдар жүз пайыз сөйлейді деп айта алмаймыз. Ел басымыздың басшылығымен қазақ тілін үйретуде арнайы іс- шаралар жүргізуде.

Тіліміздің қолдану аясын кеңейту, беделін арттыру, үшін-ата-аналар балаларымен ана тілінде сөйлесу, қоғамдық орындарда және басқада жерлерде ана тілімізде сөйлеуді қалыптастыру.Жас ұрпақтың құлағына сіңіру керек.

Балалар таза тақта сияқты, сол таза тақтаға не жазсаң , сол қалпында қалыптасып кетеді, сондықтан баланы кішкентай кезінен ана тілінде сөйлеуге үйрету, халқының әдет-ғұрпын бойына сіңіру.Ол балабақшада қалыптасады, ата-ананың да, тәрбиешінің де ықпалы болады.Бала біртіндеп үйрене бастайды. Сондықтан баланы жастайынан үйреттетін болсақ , «Қазақстанның болашағы жастарда қолында »- деп, ел басымыз бекер айтпаған.

«Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ.Егер қазақ тілін білсең, дін де осында, ғылым-білім де осында,әулиелік те осында»,- деген Мәшhүр Жүсіп.Сондықтан қазақ тілінің өркендеуіне ат салысайық қазақ жастары!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
708
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі