15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мемлекеттік тіл-татулық тірегі тәрбие сағаты
Мемлекеттік тіл - татулық тірегі
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті де аяулы
ұстаздар!
Ұстаз
мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз
деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық
болуына байланысты. Бүгінгі жаңа
дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне
қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар
білімдар да білікті, өз ісінің майталман
шебері болуымен қатар, жеке басының
мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік
тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі
боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі
ұстаздар арасындағы педагогикалық
шеберліктерін сынау сайысына түскелі
отыр. Бұл сәт - біздің ұстаздарымыз үшін
тәжірибе алмасу сәті деп айтуға болады.
Сондықтан бүгінгі сайыста ұстаздар
маңызды жағдаяттарды, әдістемелік
тиімді істерді, шығармашылық ізденістер
нәтижелерін ұсынады.
Сонымен,
мұғалімдер арасында өтетін «Мемлекеттік
тіл-татулық тірегі»
атты іс-шараға қош келдіңіздер! Бүгін
біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі
отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба
білген, білім нәрімен сусындатып қана
қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің
асыл қазынасын құя білетін ұстаздарымыз
сайысқа түскелі отыр.
Шақырып
жарыстарға сан салалы,
Жетекшілер
тобы бәріңе жар салады.
Ту
етіп достықпенен татулықты,
Сайыстың
қатысушыларын қарсы алайық.
Құрмет
пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді
ортаға шақырайық.
1.Еңбегіңіз
бар елеулі ауданда да
Әр
сөзіңді қалт жібермес барша бала,
Тәртіпті
қатаң ұстап үлгі болған.
Сыйлайды
шәкірттер де, ұстаздар да
Химия пәні мұғалімі
2.Спортшы
ұстаз, бейімді, өнерлі де
Еңбегімен
ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының
жемісін көрсетеді,
Мурат
ағай спортзалға кіргенінде.
Дене шынықтыру пәні мұғалімі
Ақырын
жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз
үнемі баламенен.
Компьютермен
жұмысы әрқашанда.
Информатика
ұстазы бола білген
3. Информатика пәні мұғалімі
Білімді
ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен
ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының
жемісін көрсетеді,
Әрдайым
мектебіне келгенінде.
4.Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Бала
– шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті
шәкірттерге асықты.
Бастауыштың
мұғалімі Барчинай апай,
Іскерлікпен
ісін алға тасытты
5.Бастауыш сынып пәні мұғалімі
Елгезек,
тіл алғыш қып тәрбиелеп,
Шәкірттерді
шығарды бірнеше рет.
Ине,
жіп, биссерменен гүл тоқытып,
Еңбегіне
қыздарын икемдеген
6.Еңбек пәні мұғалімі
Басқарып
бірлестікпен бірге келер,
Ал
тарихи түсінік және берер.
Жаңа
әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне
қосымша білім берер
7.
Бастауыш сынып пәні мұғалімі
Әділ
қазы мүшелері, армысыздар!
Қош
кепсіз, есен сау бармысыздар?
Сіздерге
үміт артқан мұғалімдер,
Әділдікпен
төрелік айтыңыздар.
Сайысымызды
бастамас бұрын төрелік ететін әділ
бағасын беретін әділқазы алқасымен
таныс болыңыздар.
Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1.Ширату.
2. Халқын сүйген – салтын сүйер
3. Мемлекеттік тілде іс жүргізу
4. Абай-мәңгілік поэзия
5.Еркін тақырып
1.Бірінші кезең «Ширату» деп аталады. Бұл кезеңде сайыскер мұғалімдер өздерін өлеңмен таныстырады. 8,9,10 деген ұпай сандарымен бағаланады.
"Халық-қалың
орман, әрі пана, әрі қорған", - деп
Қ.Мырзалиев ағамыз жырлағандай, әр
халықтың өзінің кәсібіне,сенім-нанымына,
тіршілігіне байланысты қалыптасып
ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
салт-дәстүрі болады. Қазақ халқы – салт
- дәстүрге өте бай халық. Ал,салт - дәстүрге
бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі
екенін айғақтайды.Салт - дәстүр – ел
өмірімен біте қайнасып кеткен рухани
және мәдени азық. Н.Ә.Назарбаев
«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру»
бағдарламасының ұлттық бірегейлікті
сақтау бағытында Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,
тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз,
жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда
ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға
тиіс деген болатын.
2. Екінші кезең
«Халқын сүйген –
салтын сүйер»
деп аталады. Бұл кезеңде сайыскер
мұғалімдер әділ қазы алқасының алдында
қазақтың бір салт-дәстүрі жазылған
қағазды таңдайды және қай салт-дәстүр
түссе сол салт-дәстүрдің мағынасын
ашады. Берген жауабына қарай 8,9,10 ұпаймен
есептеледі.Ойлануға 1минут уақыт
беріледі.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл
ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының
бірі — оның қоғамдық өмірдің әр алуан
саласында қызмет етуі және соған орай
іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс
қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет
атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи,
құқықтық, экономикалық маңызы өте зор.
Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын,
ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары
ақпараттың табылмас қайнар көзі бола
алады. Құжаттар фактілерді, оқиғаларды,
қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін
айғақ қызметін де атқарады.
3.Үшінші кезең «Мемлекеттік тілде іс жүрізу» деп аталды.Бұл кезеңде берілген қағазды таңдап алу арқылы бір іс қағаз жазу үлгісін жазып көрсету қажет.
Сөздері
шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай
деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі
бізге рухани азық секілді,
Абайдың
биік тұлғаны қайдан табарсың?
Абай
- жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға
қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай
- сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы
- зарын жырлай білген даламның.
4.Төртінші кезеңде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бір өлеңін, қара сөзін немесе поэмасынан үзінді жатқа мәнерлеп айтып беру қажет.
5.Бесінші кезеңде әр мұғалім өзінің шеберлігіне байланысты бір өнерін ортаға салады.
5 минут уақыт беріледі.
Ұшқыр
ойға серік болсын шеберлік,
Сөз
кезегін әділ қазыларға берейік.
Арамызда
білімді достар көп екен,
Солардың
біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі
сайысымыздың да өз шешімдерін шығарғанша
«ән - шашуға» кезек берейік.
Ұстаз
– бұл ұлы адам ел таныған,
Шәкіртін
үйретуден жалықпаған.
Кішкентайдан
қолынан жетектеп ап,
Сырлы
әлемге өзіңді алып барған.
Арманға
алда күткен асығамыз.
Біз
қалай толқын атпай басылармыз.
Ұстаздар
сайысының соңғы сөзін,
Естігенше
біз енді асығамыз.
Сайысты
қорытындылап оза шауып алға суырылып
шыққан ұстаздың есімін бірге білейік.
Сол үшін әділ қазы алқаларына сөз кезегін
береміз. Ж. ХХІ ғасыр – Білім ғасыры.
Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық.
Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты
ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл -
қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім
беруде шаршамай, талмай еңбек етіп,
еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер.
Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі
кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген