400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік тілді дамыту-киелі парыз

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мемлекеттік тілді дамыту – киелі парыз


Ана тілін жақсы біліп тұрып, бөтенше жақсы
сөйлесең, ол – сүйініш, ана тілін білмей тұрып,
бөтенше жақсы сөйлесең, ол – күйініш.
Халел ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ


Салиқалы ойдың, салмақты сөздің мәйегі ана тілінде. Басқа тілдің бәрін білуің мүмкін, бірақ өзіңді толғандырған өрнекті ойдың кестесі туған тіліңде ғана әдемі өрнектеледі, бейнелі баяндалады. Ана тілі – бұл біздің мемлекеттік тіліміз. Оның қолданыс аясын кеңейтіп, қоғамдық қарым-қатынас тіліне айналдыру – біздің басты міндетіміз.Бүгінгі таңда басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік тілде оқыту өзектілігін жоғалтқан жоқ. Елбасымыздың «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» Қазақстан халқының тілдерін дамытуда көрсетілген үш негізгі мақсаттағы стратегиясының бірі – «Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту» өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілде оқытудың мақсат, міндеттерімен үйлесіп отыр.
Әр мәдениетті азамат үшін өз Отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білу парыз. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін оятады.Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өмірдің әр саласында кеңінен қолданылуы – ұлтты біріктіруге жетелейтін фактор екені баршамызға мәлім. Бұл жөнінде Елбасы 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауында «Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды! Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн» деген болатын. Түсінгенге бұл мемлекеттік тілдің баянды болашағына деген сенімді нықтай түскен әрі бүгінгі таңдағы мемлекеттік тілдің миссиясын мөрлеп берген сөз. Мұны осы бағыттағы жұмыстарға жасалған жаңа серпін деуге де келеді. Біз тіл мәселесінде ақырын жүріп, анық басып келе жатқан елміз. Бұл көздеген мұратқа, белгіленген межеге жетудің дұрыс жолы екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр. Сондықтан мемлекеттік тілді меңгеру әр қазақстандық үшін Отан алдындағы парыз.
Тіл маңызды коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын, ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Мемлекеттік тілді дамыту, оны кеңінен қызметте қолдану өскелең ұрпақ алдындағы парызымыз деп білемін.



Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры, Р.Маханов







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі