Мақала «Мемлекеттік тілдің: бүгіні мен болашағы»
Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тілейтініманамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына байлады. Себебі, тіл – халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз- қазақ тілі.Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде»,- деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін»,- деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралар ұйысдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Алайда жастар арасында, кейбір мекемелерде қазақ тілінің жайы ақсап тұр. Соны көріп жүрегің қан жылайды. Бір жағынан, әлі күнге дейін орыс тілінің ырқынан шыға алмай жүргендігімізден болар. Расында, қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Еліміз жетпіс жылдай Кеңес Одағының қарамағында болды. Ата-анамыз орыс тілін ұлықтады. Қазақ халқы өзінің тілін, дінін, тіпті салт-дәстүрін ұмытардай халге жетті. Дегенмен «сабақты ине сәтімен» деген.Тіліміздің түп тамырымен жойылып кетпегеніне шүкіршілік етуіміз керек тәрізді. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.Мағжан Жұмабаевтің тілінде айтсақ:«Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың....Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»Ана тілі – ананың ақ сүтімен әр қазақ баласының бойына сіңген тіл емеспе еді. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін. Алайда осыны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тіліндегі әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ жастары қаншама. Кейбір мекемелерге барсаң орыс тілінде сауатты жазылған сөз қазақ тілінде мүлдем ұйқассыз аударылып, есіктерінде ілініп тұрады. Мұны көргендердің бірі езу тартып күліп, енді бірі оған мән бермейді де. Біздің қоғамның басты кемшілігі осы болар, бәлкім. Бұған жауап ретінде ақын Оразақын Асқардың мына бір өлең жолдарын алар едім:«Ана тілінде ата-баба сыры бар,Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар.Өсе келсе құстың тілін білсең де,Ана тілсіз оның қандай құны бар».Қазіргі заман талабына сай үш тұғырлы тілді өмірімізге енгізу мақсаты жүзеге асырылуда.Осыған орай биыл біздің №11 орта мектебінің ұжымы бірауыздан атсалысуда. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша 1-сынып оқушылары бірінші болып үш тұғырлы тілдіктің табалдырығын аттады. Мектепте «Тіл құдіреті – сөз құдіреті» тақырыбына әртүрлі жұмыстарды өткізу барысында қызу дайындық үстіндеміз. Олай болса, «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп Қадір ақын жырлағандай қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі бар.Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл-қызы болайық, өзгенің емес, өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырайық!