Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудегі қосқан үлесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тараз қаласы, №27 бөбекжай бақшасының

қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қанқожаева Қарлығаш

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім беру саласы: Коммуникация

ҰОҚ түрі: қазақ тілі

Тақырыбы: Атқа міну өнері


Мақсаты: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық болмысымызды сақтау идеясын іске асыру.


Міндеттері:
1. Білімділік: балаларға қазақ халқының атқа міну өнері жайлы мағлұмат беру.Төрт түліктің төресі жылқының ерекшеліктерімен таныстыру. Оның пайдасы жайлы әңгімелеу. Ат әбзелдерінің ерекшеліктері, мазмұны жайлы түсінік беру. 
2.
Дамытушылық : балалардың атқа мінуге деген қызығушылығын арттырып, қамқорлық қасиеттерін дамыту.
3.
Тәрбиелік : балаларды ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, жылқы малын бағалап қастерлей білуге, қолөнер туындылары ат әбзелдерін дұрыс қолдануға тәрбиелеу.


Технологиялық қамтамасыз ету: Ұста туындылары: ер,ауыздық,жүген,тоқым,үзеңгі. Суреттер, бейне таспа, слайд.Ойыншық ат.Қымыз, саумал.

Билингвалды сыңары: ер седло,ауыздық уздечка,жүген удела,тоқым папона,үзеңгі стремя.

Пәнаралық байланыс: таным, коммуникация
Әдіс тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, жасап көрсету.


ҰОҚ барысы: 


I. Кіріспе. Балалар домбыраның үнімен залға кіреді.

Амансыздарма еліміз тыныш, күндеріңіз сәтті болсын.
Шаттық шеңбері.

Ен даласын егін жапқан.

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім.

Күн сәулелі Қазақстан!



-Балалар біз қай елде тұрамыз?

- Біздің еліміз Қазақстан!

-Балалар, біз қазақ тіліндегі үйренген сөздерімізді еске түсірейік.

Сөздік ойын. Зима - қыс, зуб - тіс. Город- қала, снеговик- аққала. Мать- ана, ребенок -бала. Рыба- балық,народ -халық. Терезе -окна, сүт -молоко. Слова- сөз, глаза -көз.Уши- құлақ, родник- бұлақ. Осылайша күнде мен, қазақ тілін үйренем.

II. Негізгі бөлім.

- Суретте үй жануарлары көрсетілген, оларды атап шығайық.

Балалар:Түйе, жылқы, сиыр, қой ешкі төрт түлік малдар.Олар жайлауда жүр.Қыста қорада тұрады.Оларға адамдар жем шөбін дайындайды.

1. Балалардың назарын пернетақтаға аудару.

Мына видеода қазақ халқының сүйікті жануары жылқы туралы көрсетілген. Жылқы ежелден қазақ батырларының қанаты деп атайды. Батырлар атқа мініп елін қорғаған. Жылқы киелі көк пырақ.Ол пырақтарды еліміздің Елтаңбасынан көруге болады.

Жылқыны өсіруші, баптаушы кісіні «атбегі» деп атайды . Бұл жұмыстар ұзақ уақыт пен шыдамдылықты қажет етеді. Адам малдарды белгілі бір дыбыстау арқылы шақырады. Жылқыны шақырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Жылқының түсіне қарай атайды: Көк,жирен,күрең,боз, торы. Жүйрік аттарды Сәйгүлік, Тұлпар, Арғымақ, Саңлақ деп атайды.

Құрау-құрау биені сауатын кезде шақыру үшін айтылады.

Моһ- моһ жылқыны ұстау үшін айтылады.

Тәк- тәк жылқының үстіне ер салып мінгенше қозғалмай тұру үшін айтылады.

Тыр- р тыр -р жылқыны арба мен шанаға жеккенде тоқтату үшін айтылады.

Жылқының адамға қандай пайдасы бар Пікіріңді дәлелде!

Балалардың жауабы:Еті пайдалы жоғары сапалы тамақ.

Қымызы өте құнды шипалы табиғи сусын.

Терісінен торсық саба жасалады.

Балалар, біз бүгін атқа міну тәртібімен танысамыз.

Сараптама: жылқы етін дәмін тату, қымыз ішіп дәмін бағалау.

2.Балалар біз көрмеге барайық.

Мына заттарды ұстап қарап көрейік. Атқа мінуге қажетті заттармен танысамыз. Мына заттар қол өнер туындылары. Оларды дайындау үлкен өнер. Мына заттар «ат әбзелдері» деп аталады. Бұл заттарды жасайтын шеберді «ұста» дейміз. Ат әбзелдері әр түрлі металдардан жасалады. Олар: алтын, күміс, қола, темірден металдардан жасалып, ою өрнектермен, тастармен безендіріледі.Ат әбзелдерін жасау өте қиын. Ол шыдамдылықты, төзімділікті шеберлікті қажет етеді. Балалар, қараңдаршы олар қандай әдемі. Бұл бұйымдар атадан балаға мұралықпен беріледі. Балалар бұл заттардың көз тарталық әдемі болып көрінуі олардың ою өрнектері әсерінен, түстердің үйлесімділігінен бұл заттардың барлығы қолдан жасалады. Сондықтан бұл заттар қолөнер туындылары деп аталады.Бұл заттар атқа мінуге ыңғайлы болу үшін пайдаланады.

Балалар еңбек етіп жатқан кісіні көргенде қандай жақсы тілектер айту керек.

«Еңбегіңіз жемісті болсын», «Ісіңіз берекелі болсын» дейміз.

Атқа міну тәртібін бейне таспадан көрсету.

-Біз бейне таспадан не көрдік?

Cөздік қорды молайту: атты ерттеп мінді, ат әбзелдері, снарежение для лошади, обузданная лошадь

-Ал, енді балалар атқа мініп көрейік.

Сергіту сәті: «Тұлпарым» өлеңі

ІІІ.Қорытынды.

-Балалар сендер қандай қазақ халқының қандай өнерімен таныстыңдар?

-Атқа міну өнерімен таныстық.

1.Сұрақ - жауап.

«Ауыздық»

Ауыздықты неден жасайды?

Ауыздықты кім жасайды?

Ауыздықты қай жеріне қолданады?

«Жүген»

Жүген не үшін керек?

Жүгенді неден жасайды?

Жүгенді қалай әшекейлейді?

«Ер тұрман»

Неден жасайды?

ЕР тұрман қандай болады?

Оны кімдер пайдаланады?

«Ер тоқым»

Неден жасайды?

Тоқым қандай болады?

Оны қайда төсейді?
ІҮ. Балаларды мадақтау. Қоштасу. 

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2021
298
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12