Күнтізбелік тақырыптық
жоспардың
сабақ
жоспары
№_______
Сабақтың
тақырыбы: Мемлекеттік тіл менің - тілім
. Тіл туралы заң.
Сабақ
мақсаттары
Оқушылардың барлығы
мынаны істей алады: тақырып бойынша мәліметтерді
жинақтайды, үлгі бойынша постер құрайды.
Оқушылардың көбі мынаны
істей алады: Тақырып бойынша мәліметтерді
жинап, постер жасайды.
Оқушылардың кейбіреулері
мынаны істей алады: Тақырып бойынша қосымша
мәліметтерді жинап, постер жасап ұсынады.
Тілдік
мақсат
Тақырып бойынша мәліметтерді
жинақтау,білу;
Іріктеліп жиналған
ақпараттарды түсіну;
Жиналған ақпараттарды постер
жасау үшін қолдану
Жетістік
критерийлері
Тақырып бойынша мәліметтерді
жинақтайды.
Постерды жасап
ұсынады.
Алдыңғы
оқу
Берілген мәтіннен негізгі
тірек сөздерді жинақтайды.
Негізгі сөздер мен
фразалар:
Мемлекеттік тіл, қасиетті тіл,
ана тілі, ең бай тіл, рухани байлық, ел
болашағы.
Сұхбатқа арналған пайдалы
фразалар
Тіл - әр азаматқа ана сүтімен
беріледі.
Мемлекеттік тіл халықтың
рухани байлығы, атадан балаға берілетін мирас болып қалатын асыл
мұра.
1-тапсырма. Сөйлесейік
Талқылауға арналған
сұрақ:
-
Сіз қай елде
тұрасыз?
-
Ол қандай
мемлекет?
-
Қазақстан көп ұлтты ел
ме?
-
Сізді ұлтыңыз
кім?
-
Сіз үйіңізде қай тілде
сөйлейсіз?
-
Ал басқа тілдерде сөйлей
аласыз ба?
-
Өз оқу мекемеңізде сіз қай
тілдерді оқып жүрсіз?
-
Мемлекеттік тілде сөйлей
аласыз ба?
-
Қазақша түсінесіз
бе?
-
Қазақ тілі өте қиын тіл
ме?
-
Сіз қазақ тілінің тарихын
білгіңіз келе ме?
2-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне
аударыңыз.
Қазақ тілі –Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі
-
Славян тобына жататын
тілдерден кейін сан жағынан ірі топ – түркі тілдері тобы. Түркі
тілдері тобына мына тілдер жатады:
1.Алтай тілі 13.Ноғай
тілі
2. Әзірбайжан тілі 14. Өзбек
тілі
3.Башқұрт тілі 15. Татар
тілі
4.Гагауз тілі 16.Түрік
тілі
5.Қазақ тілі 17. Түрікмен
тілі
6.Қарайым тілі 18. Ұйғыр
тілі
7.Қарақалпақ тілі 19. Чуваш
тілі
8. Қарачай тілі 20. Шор
тілі
9.Қарачай –балқар тілі 21.
Хакас тілі
10.Қырғыз тілі 22. Якут тілі
т.б. ұсақ тілдер
11. Қырым татарлары
тілі
12. Құмық
тілі
Аталған тілдерді туыс тілдер
деп атайды, өйткені бұлардың бастағы шығу төркіні бір болған.
V-VIII ғасырларда Қытай шекарасынан Византияға дейін, Солтүстік
Моңғолиядан Тараз (қазіргі Жамбыл) қаласына дейінгі ұлан –ғайыр
жерді түркі халықтары мекендеген.
-
Қазақ тілі өзінің төркіні
жағына осы түркі тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы
тілдерге, ал сөз құрылысы (морфологиясы) жағынан жалғамалы
(агглютинавтивті) тілдер тобына жатады. Қазақ тілі мен қазақ
халқының шығу кезеңі ғалымдардың айтуы бойынша - XV ғасыр. Осы
дәуірден бүгінге дейін өмір сүріп келе жатқан қазақ тілінің тарихы
әріден басталады. Қазіргі қазақ тілінің арғы тегін сан –салалы көне
түркі жазба ескерткіштерінен аңғарамыз. Түркілердің көне жазуы –
Орхон –Енисей жазуын алғаш Амстердам қаласының оқымыстысы Г.Бидзен
(1667) табады. Дания ғалымы У.Томсен 1893 жылы жазудың кілтін
тауып, ол түркі халықтарының жазуы екендігін айқындаған. 1896 жылы
Әулиеата уезінен, Талас өзенінің бойынан Қалауар деген адам дәл
сондай жазуы бар тастарды көріп, хабарлайды. Орхон-енисей , Талас
өзенінің бойынан табылған жазуды тәртіпке келтіріп, кітап етіп
бастырып шығарған ғалым – Радлов. Ол 1891 жылы тұңғыш рет орхон
жазуын зерттеп, түркі халықтарының ескерткіші екендігін
айтты.
-
Тіліміздің ертедегі
сыр-сипатын молырақ, айқынырақ ашып бере алатын тікелей еңбектер –
көне қыпшақ тіліндегі бере алатын тікелей еңбектер – көне қыпшақ
тіліндегі ескерткіштер. Олардың бірі -1069 жылы жазылған «Құтадғу
білік» (құтты болу, бақытты болу деген мағынада) дастаны. Бұл әуелі
араб жазуымен жазылып, кейін ұйғыр жазуымен көшірілген. Сондай –
ақ, араб тілінде Махмұд Қашғаридің «Диуани лұғат-ат түрк» атты
сөздігі жақсы көреді. Енді бір үлкен әдеби мұрамыз – «Кодекс
Куманикс» деген туынды. Бұл еңбек XIV ғасырда
жазылған.
-
Қазақ тілі сонау ерте дәуірден
, біздің жыл санауымыздан бермен қарай халқымыздың дамуымен бірге
алға басып, жетіліп отырды. Ана тілімізді қастерлеп, қадірлеу –
ежелгі салтымыз. Қазақ халқы -ежелден шешендікке әуес халықтың
бірі. «Өнер алды –қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас
жарады», «Тіл қылыштан өткір» деген мақал мәтелдер тегін
шықпаған.
Сөздік
:
Туыс тілдер - родственные
языки
Ұлан - ғайыр -
бескрайний
Көне жазу - древняя
письменность
Жазудың кілтін табу - найти
ключ к письму
Айқындау - вскрыть, выявить,
выяснить, обнаружить, уточнить
Сыр – сипат - свойство,
характер, тайна
Дастан - поэма,
эпос
Жетіліп отыру -
усовершенствоваться
Қастерлеу - лелеять, уважать,
ценить, почитать
Қадірлеу - почитать, уважать ,
ценить
Жыр арқауына айналу -
воспевать в стихах
3-тапсырма. Қазақ тіліне ауызша
аударыңыз. Осы сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем
құрыңыз.
Язык, красивый язык, родной
язык, иностранный язык, родственный язык, группа языков, тюркская
группа языков, славянская группа языков, о языке , почитать язык,
уважать язык, учить язык, язык Абая, язык Гете, язык
Шекспира.
4-тапсырма. Қазақшаға жазбаша
аударыңыз.
Наша древняя традиция –уважать
и почитать свой родной язык. Ранние письменные памятники
древнекипчакскогог языка, являются «құтадғу білік» и «Диуани
лұғат-ат түрк». Многие известные казахские поэти воспевали родной
язык в своих стихах. Древнетюркская письменность, состоявшая из 38
знаков , получила в истории название письменность «Руна». Ею
пользовались тюркские племена: огыз, уйгур, кимак, кипчак и другие.
ЖЭти письменные памятники относяться к
VI-X
вв.
5-тапсырма. Екі минут уақытта төмендегі
екі мақалға сурет салыңыз.
6-тапсырма. Жағдаятты
тапсырма.
Коля қазақ тілін оқығысы
келмейді, оның ойынша , Қазақстанда қазақ тілін білмей де өмір
сүруге болады. Артурдің пікірі керісінше . Диалог
құрастырыңыз.
Қорытынды
Бағалау.Сабақ барысынды мұғалімнің
мадақтау сөздері мен бағалау парағы бойынша оқушылар өзін-өзі
бағалайды,дескрипторлар арқылы бағаланады
Үйге тапсырма
: 7-тапсырма «қазақ тілі»
мәтініне 10 сұрақ қойыңыз. Мәтінге жоспар жасаңыз. Мәтінді
мазмұндаңыз.