жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
ЖОСПАРЫ
I т а р а у. ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ҚА3AҚCTAH РЕСПУБЛИКАСЫ EГEMEHДІГІHІҢ КҮ3ЕТIНДЕ
Тақырып №2 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ
РӨЛІ
Мақсаттары:
а) Оқушыларға Мемлекетің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Қарулы Күштерінің рөлі жайлы
түсіндіру.
б) Оқушыларды отансүйгіштік мағынада тәрбиелеу.
Уақыты. 40 минут.
Өткізілетін орны. АӘД кабинеті.
Әдістеме. Баяндау, түсіндіру, көрсету.
Көрнекі құрал-жабдық. ҚР АӘД – қа қатысты Заңдары, ҚР Үкіметінің қаулысы және
АӘД пәнінің бағдарламасы.
Басшылық және әдістемелік әдебиет. ҚР АӘД – қа қатысты Заңдары, ҚР Үкіметінің
қаулысы және АӘД пәнінің бағдарламасы, АӘД оқулығы.
Жоспардың сұрақтары мен оларға бөлінген уақыт:
-
Мемлекетің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Қарулы Күштерінің рөлі – 7 мин.
-
ҚР Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі – 7 мин.
-
Әскери ант және әскери анттың әскери қызметшілерге қоятын талаптары – 7 мин.
-
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің рәміздері - 7 мин.
-
Әскери бөлімнің жауынгерлік туы - 7 мин.
Сабақтың барысы
I. Кіріспе бөлім - 2 минут.
1. Бөлімшені сапқа тұрғызу, баянат алу, сәлемдесу, оқушылардың толық санын және сырт пішінін тексеру, сабақтың тақырыбы мен мақсатын баяндау – 2 мин.
Негізгі бөлім – 35 минут.
1-і сұрақ – 7 минут. Мемлекетің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Қарулы Күштерінің рөлі
Оқушыларға мемлекеттік қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң маңызды құрамдас бөлігі - әскери қауiпсiздiк болып саналады, ал оны Қарулы Күштерсiз құру да, ұйымдастыру да мүмкiн еместігі жайлы баяндай отырып, оларға мемлекетіміз тәуелсiздiк алған сәттен бастап, ел Президентi Қазақстан Қарулы Күштерiн құруға аса үлкен көңiл бөлдi. Ел Президентiнiң 1992 жылғы 7-ші мамырдағы "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiн құру туралы" Жарғысына сәйкес, оның құрамына әскери бiрлестiктер, құрамалар, бөлiмдер, мекемелер, ұйымдар мен полигондар, сондай-ақ бiздiң еліміздің аумағында орналасқан Достастық елдерiнiн Бiрiккен Қарулы Күштерiнiң әскери мүлiктерi де енгiзiлдi.
1993 жылдың 9 cәyipiндe қабылданған "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi мен қорғанысы" туралы, 1993 жылдың 19 қаңтарында қабылданған "Жалпыға ортақ әскери мiндеттер мен әскери қызметтер туралы" 1993 жылдың 20 қаңтарында кабылданған "Әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi мен әлеуметтiк корғалуы туралы" заңдар пакетiне сәйкес, бiздiң мемлекетiмізде әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы құрылды.
Сонымен бiрге, барлық егемен мемлекеттер секiлдi, Қазақстан өзiн-өзi қорғай aлy қабiлетiн өзiнiң маңызды мемлекеттiк қызметiнiң бipi деп есептейдi.
Қазақстанның әскери саясатының жалпы принциптерi осындай, оның негiзiнде әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi мемлекеттiң ұлттық қayiпciздігін сақтаудың құрамдас бөлiгi ретiндегi қарау мәселесi жатыр.
Содан соң оқушыларды әскери қауiпсiздiктің анықтамасымен таныстыру керек.
Әскери қауiпсiздiк - елдiң аумақтық тұтастығы мен тәуелсiздiгiне соғыс сипатындағы нақты және мүмкін болатын қол cұғy мен қауiп-қатерден елiмiздiң ұлттық
мүддесiнiң қорғану жайы.
Келесі тоқталатын жайт Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен ұжымдық қауiпсiздiктi нығайту, басқа мемлекеттермен өзара тиiмдi бейбiт, достық және ынтымақтастық саясатын жүргiзумен бiрге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi ретiнде табысты қызмет ететiн өзiнiң қорғаныс жүйесiн құру мен оны жетiлдiрудi көздейтiн ұлттық қауiпсiздiктi қамта-масыз етуге бағытталған шаралар жүйесi жүзеге асырылуда. Тек Қарулы Күштер ғана өзiнiң мақсаты мен мазмұны жағынан агрессияға қарсы күрес құрамы болып табылады.
Осыдан кейін оқушыларға Әскери Доктрина және әскери реформалардың кезеңдері жайлы мәлімет беру керек.
Алдымен оларды Әскери доктринаның анықтамасымен таныстыру керек.
Әскери доктрина – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қаматамасыз етуге, соғыстар мен қарулы қақтығыстарды болдырмауға, Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды дамыту мен қолдануға негіз қалаушы көзқарастар жүйесін білдіретін құжат.
Бұндай құжат бірінші рет 1993 жылы ақпанда қабылданды және сол кезде ҚР Қарулы Күштерiн құру үшiн нақты қуатты серпiн бердi.
Екінші Әскери Доктрина Қазақстан Республикасындағы қабылданған заңдық және басқа да нормативтi және құқықтық актiлерiне, сондай-ақ әскери қауiпсiздiк саласына қатысты халықаралык шарттарға сәйкес Республикасы Президентінің катысуымен 2000 жылғы 10 ақпанда бекiтiлдi.
Ал 2017 жылы ҚР президентінің Жарлығымен қазір қолданыстағы жаңа Әскери доктрина қабылданды.
Әскери Доктрина егемен мемлекеттiң қалыптасуы және екi жақты әлемнен көп жақты әлемге көшу кезеңiнде әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қалыптастыруға бағытталған.
Онда:
- мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерiн ескере отырып, Қарулы Күштердi әpi қарай кезеңмен құру мен реформалаудың негізгi бағыттары;
- әскери қауiпсiздiктi әскери-экономикалық қамтамасыз етудiң мақсаты, негізгi принциптерi, мiндеттерi мен бағыттары айқын көрсетiлген.
Әскери Доктринаның құқықтық негiзiн Қазакстан Республикасының Конституциясына (1995) негiзделген.
Жаңа Доктрина 1993, 2000 және 2011 жылдардағы Қазақстан Республикасы Әскери Доктриналардың негiзiнде әpi оны дамыта отырып әзiрлендi. Бұл мiндет, негізінен, орындалды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң құрылысы әскери қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес және мемлекеттiң экономикалық мүмкiндiктерi есепке алынып, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Егер бiз өз қалыптасу жолымызды бейбiт жағдайда өткiзсек, мұның өзi тiптi де бүкiл әлем және бiздiң елiмiз тоталитаризм мен реакцияныңн дертiнен әбден айықты деген сөз емес.
Планетада болып жатқан қазiргi оқиғалар баршамызды өзiмiздiң қаншалықты қорғалғанымыз тypaлы, қауiпсiздiгiмiздiң қаншалықты қамтамасыз етiлгенi жайьнда ойлануға мәжбүр етедi.
Біз ортақ шаңырағымыздың аясындағы - Қазақстан Респу6ликасындағы - достықты, сыйластық пен сенiмдi, татулық пен тұрақтылықты сақтауға мiндеттiмiз.
Жоғары моральдық рух, мықты әскери тәртiп, интернационалдық бiрлiк жауынгерлерге бейбiт уақытта да, сонымен бiрге Ұлы Отан соғысы жылдарында да жауды жеңуде жетiстiктерге қол жеткiзуге, жауынгерлiк әзiрлiктi нығайтуға ықпал еткен.
Халықаралық жағдай күн сайын шиеленiсiп жатқан бүгiнгi кезең республика Қарулы Күштерiнiң жоғары жауынгерлiк әзipлiri мен қырағылығын талап етiп отыр.
Қарулы Күштердің тұрақты жауынгерлiк дайындығы, бiздiң мемлекетiмiздiң аумақтық тұтастығы мен егемендiгiн сенiмдi қорғау қабiлетi Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiн нығайтуға қосылған нақты үлec болып саналады.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Қазақстан Респу6ликасының әскери саясаттағы жалпы принциптерiн атаңдар.
2. Қарулы Күштердiң ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi pөлi қандай?
2-і сұрақ – 7 минут. ҚР Қарулы Күштері – отансүйгіштік және көпұлттылық мектебі
Алдымен оқушыларға 1 минутта патриотизмге анықтама табуларын тапсырамын. Әр оқушы өздерінің анықтамаларын айтады . Анықтаманы сәтті, толық айтқан оқушыға баға қоямын.
Сосын кітаптағы анықтаманы оқимын. Өздерінің анықтамасымен салыстыра отыра кітаптағы анықтамадан ашылған жаңалықтарды талдаймыз.
Кітап анықтамасы: Патриотизм адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол Адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге ұмтылуымен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін сақтау. Патриотизм сонымен бірге туған жерге, ата – бабасы жатқан жерге, өзінің ойнап - өсіп есейген ортасына, білім алған ұясына және әрине өз отбасына деген терең перзенттік махаббатты білдіреді.
Оқушылар сендердің дәл қазіргі күнде патриотизм сезімдерің қалай білінеді? – деп сұрақ қоямын.
Жауап болса тыңдап, өзімнің жауабымды айтамын:
-
Ата – анаңды, бауырларыңды жақсы көріп, сыйлау. Отан от басынан басталады.
-
Ана – тіліңде толық сөйлеу, Сөйлегенде тұрақты тіркестер, мақал – мәтелдер қолдану
-
Мектепте мұғалімдерді, бірге оқитын оқушыларды сыйлау ізетті қарым – қатынас құру.
-
Қоғамдық мүлікке (парта, орындық, спорт инвентаріне) жанашырлықпен қарау
-
Туған жердің табиғатының сұлулығын бағалау, оны сүю, ластамау
-
Еліміздің өнер, спорт қайраткерлерін білу, олардың тыңдарманы мен жанкүйері болу.
-
Жеті атаңнан бастап туған елдің тарихы мен мәдени мұрасы білу.
2.1. Интернационализм деген ұғымды қалай түсінетіндерін сұраудан бастаймын.
Интернационали́зм (от лат. inter — «между» и natio — «народ») — ұлттар арасындағы достық қарым қатынасты насихаттайтын идеология.
Біздің ҚР – ның мемлекет құрушы өзекті идеологиясы «Қазақстандық патриотизмнің» бір қанаты интернационализм идеологиясы. Себебі Қазақстан мемлекеті тарихи көп ұлтты мемлекет болып қалыптасқан. Сәті келгенде айта кетейін, бізге қазақтарға өз мемлекетімізде отырмыз деп өзге ұлттарға қыр көрсетуге болмайды. Бұрынғы КСРО-ның територриясндағы елдерге қарасақ Молдовадан Приднестровия, Грузиядан Абхазия мен Осетия, Азербайжаннан Карабах бөлініп отыр деп айтуға болады. Себебі сол елдердің халқы мен үкіметінің дұрыс ұлтаралық саясат жүргізбегені.
Интернационализм, яғни халықтар достығы бар, сөзіме сеніңіздер. Оны Қазақстан тарихынан білесіздер. Жер ауып келген халықтарды біздің аталарымыз барын бөлісіп қарсы алды. Сонау Ұлы Отан соғысында орыс пен қазақ бірін – бірі оқтан жапты. Сондай халықтар достығының арқасында біз соғыста жеңдік. Біздер тұрып жатқан ауыл көп ұлтты. Сіздер өздерің күнде басқа ұлт өкілдерімен күнделікті тұрмыста араласыздар, көршілік қарым - қатынас жасайсыздар. Барлығы өзіміз сияқты. Бірақ айта кетейін басқа ұлтты ренжітпейік деп жүріп, басқаға еліктемейік . Қайта мәдени, қызықтыру түрінде өзіміздікін үйретейік.
2.2. Патриоттық және интернационалдық тәрбиедегі кемшіліктер моральдық саяси тұрақтылығынан жеке құрам бөлімшесінің ұрысқа дайындығына кері әсерін тигізіп жатады. Тек нағыз патриот пен интернационалист кана бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар мен ұрыс жағдайында әскери борышын табандылықпен, ержүректілікпен орындауға қабілетті.
Кейде кейбір жауынгерлердің әдейі немесе білместікпен интернационализмге жат идеяларды насихаттайтын жағдайлары да орын алып жатады. Бұл аты шулы «дедовшинадан» да жаман салдарға әкелуі мүмкін. Ол әскери қызметшілер арасында жарғыға жат қарым – қатынастар туғызады. Адамның дене немесе моральдық жағынан кемсітілуінің өзі адамгершілікке жат, ал егер ол ұлттық сезімді қозғаса, оның реніштік, наразылық қиратушы күші бірнеше есе өседі. Сондықтан ұлттық артықшылыққа байланысты талаптарға кез келген ұжымда жол берілмеуі және әшкереленуі керек.
Патриотизмге, интернационализмге тәрбиелеу формаларының негізгідері:
- жауынгерлерді тәрбие жұмыстарымен саяси саналыққа тәрбиелеу;
- жауынгерлерді патриотиз мен интернационализм идеяларымен қаруландыру;
- республика аумағында, ТМД мемлекеттерінде тұратын барлық халықтардың достығын
насихаттау;
- азаматтар мен жауынгерлерді республиканың Қарулы Күштері, халықтың еңбек және
жауынгерлік дәстүрлері арқылы тәрбиелеу;
- әскери қызметті, қазақстандық жауынгерлер ерлік фактілерін насихаттауға ақпарат
құралдарын тиімді пайдалану;
- жеке қасиеттерін жетілдіру, өзін Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1. Патриотизм дегеніміз не, оны қалай түсінуге болады?
2. Интернационализм дегеніміз не, оны қалай түсінуге болады?
3. Патриотизм және интернационализмнiң маңызды белгiлері жайлы не білесіңдер?
3-і сұрақ – 7 минут. Әскери ант және әскери анттың әскери қызметшілерге қоятын талаптары
Алдымен оқушыларға алғаш рет әскери кызметке алынып, бұрын әскери қызмет өткермеген немесе әскери жиынға алғаш рет шақырылған ҚР-ның азаматы ҚР-ның Мемлекеттік жалауының және әскери бөлімнің жауынгерлік туының алдында өскери ант қабылдайтыны жайлы айту қажет.
Сосын оларды әскери анттың мәтінімен таныстырамын.
ӘСКЕРИ АНТ
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Куштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланғән Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен заңдарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды жене командирлер мен бастықтардың буйрықтарын бұлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып- үйренуге, әскери және халық мүлкін мұқият ұстауға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтауға ант етемін.
Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның, мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны өтеуге әзірмін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Әріқарайоқушыларғаәскери ант мәтінін түсіндіремін.
Әскери ант мәтіні Конституция мен Қазакстан Республикасының заңдарын, әскери тәртіпті қатаң сақтауды, әскери жарғыларды, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындауды, адал да ержүрек және қырағы жауынгер ретінде Қазақстанның жарқын болашағы үшін берген сертін есіне ұстап, оның мемлекеттік мүддесімен, тәуелсіздігінің лайықты қорғаушысы болуын талап етеді.
Әскери абырой — жауынгердің тек өзіне деген адамгершілік катынасы ғана емес, сонымен бірге оған деген өскери ұжымның және бүтіндей коғамның катынасы. Осыған байланысты Отан корғаушының адамгершілік қасиеті қалыптасады.
Әскери ар-намыс — әскери қызметшінің тәртібін, әскери ұжымға қатынасын, әскери борышты орындауын сипаттайтын оның ішкі ізгілік қасиеті. Жауынгердің жоғары ар-намысы мен абыройының айнасы — Отан қорғау жолындағы ұрыс даласындағы ерлігі.
Қазіргі кезде нагыз жауынгер болу дегеніміз — алдымен, кез келген істе сенуге болатындай тәртіпті болу. Оған қол жеткізу үшін ұмтылыс, табандылық және барлық күш-жігерді жұмсау қажет. Бұл — тек мақсатқа талмай ұмтылатындардың қолынан ғана келеді. Ал бұл мақсат игілікті де мәнді — әскери ант талап ететіндей, Отанды сенімді қорғау, оған жаудың тұмсығын сұғуына мұрша бермей, алдын орап кетуіне дайын болу. Әскери анттағы жағдайлар, бүтіндей алғанда, Қарулы Күштер ардагерлерінің дәл көрсеткеніндей, “Әскери кызметтің Конституциясы, әр жауынгердің адамгершілік кодексі”. Бірақ, әрине, ең қиыны — ант талаптарын сақтауды өзінің ішкі қажеттілігімен орындау, оны жанымен, жүрегімен қабылдау. Егер бұған қол жетсе, онда сарбаздың қасиетті борышын табысты орындайтынына сенімді болуға болады.
Антта қысқаша әскери қызметшінің бойында болуға тиісті моральдық-саяси, жауынгерлік қасиеттері жайлы баяндалады. Ең негізгі талаптың бірі — адал болу. Бұл кездейсоқтық емес. Адамнан адалдықты, шындықты талап ететін армиялық заң ғана емес. Әсіресе қазіргі күні, Қазақстан өз дамуының жаңа сапалы кезеңінде тұрғанда, адалдықтың, шындықтың бүрмаланбауын талап ету — ерекше мәнге ие. Тек адал адам өз мемлекетінің қауіпсіздігін, оның қорғаныс қабілеттілігінің нығаюы үшін күреске белсенді қатынасады.
Жауынгерлер адалдықтың ұрыста ғана емес, күнделікті өмірде де қажет екенін түсінуі керек.
Ант қабылдаған кезінде жауынгер ержүрек, батыл болуға ант берді.
Ал батырлық, ерлік дегеніміз не? Батылдық, ерлік деп жауынгердің ең қиын, қауіпті жағдайларда да өз өмірі үшін қорқыныш сезімін жеңіп, өз Отанын қорғау үшін ерлік жасауға баруын айтамыз. Антта айтылған қырағы болу туралы талаптарға қарамастан, әскери кызметшілердің қаруын тартып алу мақсатында әскери болімдерге шабуыл жасау жағдайлары болған. Бірак, егер поста тұрған жауынгер өз міндеттерін нақты орындап, жоғары қырағылык танытса, бұл әрекеттер сәтсіздікпен аяқталары сөзсіз.
Қорыта келгенде айтарым, Отанымыздың болашағы мен тағдырына немқұрайлы қарай отырып, өз бөлімі мен бөлімшесінің, армияның абырой, даңқын сақтап қалу мүмкін емес.
Осыдан соң оқушыларды ант қабылдау рәсімімен таныстырамын.
Әскери ант қабылдау рәсімі:
1. Әрбір әскери қызметші Қарулы Күштер қатарына қабылданған кезде жеке тәртіппен әскери ант қабылдайды және оны өз қолын қойып бекітеді.
Әскери қызметші әскери антты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы (ол болған кезде) алдында қабылдайды.
2. Әскери антты:
1) мерзімді әскери қызметке әскерге шақырылған сарбаздар мен матростар, бұрын ант қабылдамаған әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқан азаматтар – арнайы бағдарламаны өткеннен және олар Конституция мен Қазақстан Республикасын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама талаптарын, сарбаздың (матростың) негізгі міндеттерін, әскери анттың, әскери бөлім Жауынгерлік Туының және әскери тәртіптің мәнін меңгергеннен кейін әскери бөлімге келген күннен бастап бір айдан кейін, бірақ екі айдан кешіктірілмей;
2) бұрын әскери ант қабылдамаған курсанттар (офицерлер құрамының әскери атағы жоқ, оқу-жаттығу орталықтарында, орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының әскери факультеттерінде, әскери оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер) – оқу орнына қабылданған сәттен бастап осы мерзім өткеннен кейін;
3) бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер (азаматтар) – оқу-жаттығу жиындары басталғаннан кейін бес күннен кешіктірілмей;
4) жұмылдыру бойынша әскерге шақырылған, бұрын әскери ант қабылдамаған әскери міндеттілер – әскери бөлімге келгеннен кейін қабылдайды.
3. Бұрын әскери ант қабылдамаған әскери жиындардағы әскери қызметшілер мен әскери міндеттілер әскери бөлім командирінің, әскери (арнаулы) оқу орны, мекеме бастығының басшылығымен оны қабылдайды.
4. Әскери ант қабылдау уақыты, орны мен тәртібі әскери бөлім командирінің бұйрығында жарияланады. Әскери антты қабылдау күні осы әскери бөлім үшін мереке күні болып табылады.
5. Белгіленген уақытта әскери бөлім оркестрмен жаяу сапқа салтанатты, ал соғыс уақытында далалық киім нысанында қарумен роталық (взводтық) лектер сызығына тұрғызылады.
Жауынгерлік Ту белгіленген тәртіппен сапқа тұрғызу орнына алып шығарылады.
Әскери ант қабылдар алдында бөлім командирінің командасы бойынша әскери қызметшілер сабының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты көтеріледі, жеке құрам Мемлекеттік Гимнді орындайды. Мемлекеттік гимн орындалғаннан кейін бөлім командирі қысқаша сөзінде Конституцияның талаптарын, әскери анттың және Отанға адал болуға әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерге жүктелетін құрметті міндеттің мәнін естеріне салады.
Түсіндірме сөзінен кейін әскери бөлім командирі ту ұстаушы мен оның ассистенттеріне саптың ортасына шығу үшін команда береді, содан кейін "ЕРКІН ТҰР" командасын береді және бөлімше командирлеріне жеке құрамға әскери ант қабылдатуға кірісуге бұйырады.
Бөлімшелер командирлері әскери ант қабылдайтын әскери қызметшілерді саптан кезекпен шақырады. Әрбір әскери ант қабылдаушы бөлімше сабының алдында мемлекеттік не орыс тілінде әскери анттың мәтінін дауыстап оқиды, одан кейін арнайы тізімдегі өз тегінің тұсындағы бағанға өзі қол қояды және саптағы өз орнына барып тұрады.
Әскери ант қабылдайтын адамдарға тізімдер бланкілері Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі белгілеген үлгі бойынша алдын ала дайындалады. Бірінші парағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының суреті мен әскери анттың мәтіні болуға тиіс.
Ант қабылдау аяқталғаннан кейін әскери ант қабылдағандардың жеке қолдары қойылған тізімдерді бөлімшелердің командирлері әскери бөлім омандиріне тапсырады.
Бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді, ал барлық бөлімді – толық құқылы жаңа буынмен құттықтайды. Әскери бөлім құттықтауға созылыңқы үш дүркін "Урамен" жауап береді. Оркестр Мемлекеттік Гимнді орындайды. Содан кейін қолбасшылық өкілдері мен шақырылғандар сөз сөйлейді. Әскери бөлім командирі: "Ту ұстаушы, САПҚА ТҰР" деген команда береді.
Әскери ант қабылдау рәсімі салтанатты маршпен өтумен және әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын әкетумен аяқталады.
Әскери бөлімнің Жауынгерлік Туын шығару мен әкету Саптық жарғыда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төмен температурада және қолайсыз ауа райында әскери ант қабылдау үй-жайда өткізілуі мүмкін. Бөлім командирі сөз сөйлегеннен кейін бөлімшелер үй-жайларға тарайды. Әскери ант қабылдау аяқталғаннан кейін бөлімшелер команда бойынша салтанатты маршпен өту үшін көрсетілген орынға қайтадан сапқа тұрғызылады.
Белгіленген күні әскери ант қабылдамаған әскери қызметшілер оны келесі күндері Жауынгерлік Тудың жанында бөлім командирінің басшылығымен қабылдайды.
6. Әскери ант қабылдау жауынгерлік және еңбек даңқы орындарында, сондай-ақ Отанның бостандығы мен тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда, әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан жауынгерлердің бауырластар зираттары басында қабылдануы мүмкін.
7. Әскери бөлім командирі әскери ант қабылдаған әскери қызметшілердің тізімін бұйрықта жариялайды.
Әскери ант қабылдағандардың тізімі әскери бөлім штабында нөмірленген, тігілген және сүргілі мөрмен мөрленген жеке папкада бес жыл бойы сақталады, кейіннен мұрағатқа тапсырылады, онда елу жыл бойы сақталады.
Әскери қызметшінің әскери билетінде, есептік-қызметтік карточкасында (жеке ісінде) "Әскери ант қабылдады (күні, айы, жылы, әскери бөлімнің атауы)" деген жазба жасалады, ол штаб бастығының қолымен және әскери бөлімнің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.
8. Рәсімді уақтылы, нақты орындау және әскери ант қабылдаған әскери қызметшілерді есепке алу үшін командир, ал әскери ант қабылдаған әскери қызметшілер тізімінің сақталуы үшін әскери бөлім штабының бастығы жауап береді.
4-і сұрақ – 7 минут. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің рәміздері
Біріншіден оқушылардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің рәміздері туралы түсініктерін тексеремін.
Екіншіден олардың жауаптарын толықтырып, осы айтылған рәміздерінің қашан қабылданғанын және олардың түрлері туралы айтамын.
Қазақстан Президентінің «Қазақстан республикасы Қарулы Күшщтерінің әскери нышандары туралы» 1996 жылдың 18 шілдесінде № 3068 Жарлығымен бекітілді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері нышанының ортасында күн және сәулелері бар бес бұрышты жұлдыз, астында шарықтаған бүркіт бейнесі салынған.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны екі түсті: қызыл қоңыр және алтын түсті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышанының бейнесі Қорғаныс министрлігі ғимараттарында, әскери бөлімдерде, әскери оқу мекемелерінде, офицерлер үйі мен жауынгерлер клубында орнатылады.
5-і сұрақ – 7 минут. Әскери бөлімнің жауынгерлік туы
Алдымен оқушыларға әскери бөлімнің жауынгерлік туының суретін көрсетемін.
Сосын оның қашан бекітілгені жайлы айтып, оларды әскери бөлімнің жауынгерлік туының анықтамасымен таныстырамын.
-
Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы - жауынгерлік ар – намыстың, айбын мен даңқтың нышаны, батырлық дәстүр мен қасиетті борышты еске түсіруге қызмет етеді.
-
Жауынгерлік туды әскери бөлім құрылған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі тапсырады.
-
Жауынгерлік ту әскери бөлімде атауы мен нөмірінің өзгеруіне қарамастан тұрақты түрде сақталады.
-
Жауынгерлік ту әрқашан өз бөлімімен бірге жүреді, ал ұрыс даласында бөлімнің ұрыс әрекетін жүргізіп жатқан ауданында болады.
-
Әскери бөлімнің бүкіл жеке құрамы ұрыста өздерінің жауынгерлік туын жан аямай және ерлікпен қорғауға міндетті, оны қарсыластың тартып алуына жол бермеуі керек.
-
Жауынгерлік туды жоғалтқан, бүлдіріп алған жағдайда – мұндай абыройсыздыққа тікелей жауапты әскери бөлім командирі мен әскери қызметшілер сотқа тартылып, әскери бөлім таратылады.
-
Кемеде көтерілген Қазақстан Республикасының әскери – теңіз жалауы –кеменің жауынгерлік туы болып саналады және оның мемлекеттік мүлік ретінде қол сұғылмауын бейнелейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылдың 18 шілдесінде № 3068 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
III. Қорытынды бөлім 3 мин.
1. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ескертіп, қорытындылау.
2. Тексеріс сұрақтарына берілген толық жауаптарды атап өтіп, жіберілген
кемшіліктерге назар аударып, оларды түзету.
3.Келесі сабақта өтетін бөлім мен тақырыпты және киім үлгісін хабарлау.
4.Үйге тапсырма §1. 5-10 бетт. §2. 11-15 бетт.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген