Қоныс
орта жалпы білім беретін мектебі
Өткізген:
Майхина Н.М
2017 –
2018 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Мен 5- сыныпқа барамын».
Сыныбы: 4
Мақсаты: Оқушыларды
ойын-жаттығулар арқылы 5-сыныпқа даярлау, оқушы көзқарасын
қалыптастыру, қабілетін тануға көмектесу. Оқушылардың
ой-пікірлерін, жағдаяттарды талдай отырып, өз ойларын еркін айта
білуге жетелеу. Жолдастарын тыңдай отырып, қорытынды ой айта білуге
дағдыландыру.
Түрі: тренинг
Әдісі: ойын-жаттығу,
жағдаяттардан шығу жолдары.
Көрнекілігі: ақ парақ,
маркер, майшам, жұлдызшалар, төртбұрыштылар
Өту барысы.
1. Сәлемдесу.
2. Шағын
пікірталас.
3. Психогимнастика
4. Ситуациялық жағдаяттар.
5. "Графикалық сурет" суреттер
салу
6. «Көңіл-күй» ойын-жаттығу.
7. «Үміт хаты» жаттығуы.
8. Сергіту сәті
9. «Қош бол,
кедергілер» жаттығуы.
10. «Майшам»
жаттығуы.
11. Макет
"Жұлдыз". Қорытынды.
1.Сәлемдесу.
Сәлеметсіздер ме,
оқушылар. Бүгін біз «Мен 5-сыныпқа барамын» атты тренинг
сабағымызға қош келдіңіздер. Сабағымызды бастамас бұрын
шаттық шеңберін құрып амандасайық. Шарты: әр кім амандасудың түр -
түрімен амандасады. Оқушылар екі топқа бөлінеді,
олардың көздерін жұмып сиқырлы
сандықшадан билеттер таңдайды. І топ - жұлдыздар, ІІ топ -төртбұрыштылар. Енді екі топ
өздеріңізге берілген тапсырмаларды орындаймыз.
2.Шағын
пікірталас.
1-ші топ:
4-сыныпта не жеңіл, не қиын алдарыңыздағы плакатқа жазасыздар.
2-ші топ: Алдағы
5-сыныпты қалай көздеріңізге елестетесіздер?
1-ші топ:
5-сыныптың сынып жетекшісі қандай болғанын қалайсыз?
2-ші топ:
5-сыныпты қиындықты қалай жеңесіңдер плакатқа жазасыздар
Содан
кейін топтардан бір кісіден шығып өз ой-пікірлерін айтады.
3.
Психогимнастика:
- Гүлдің
ашылуын
- бал жинаған
араларды
- жел соғып
қозғалған теректерді
- күн шығып
күлімсіреген күнді
- шөпте секірген
шегірткені
- тор тоқыған
өрмекшіні
- жылы жаққа ұшып
бара жатқан құстар.
4.Ситуациялық жағдаяттар. Екі топқа
жағдаяттар беріледі.
1. Таңартең сабаққа мамаң шығарып
салды, екі алма, бес алып кел деп жіберді. Сен сабақтан екі алдың,
мамаңа қалай айтасың.
2. Есеп шығара алмадың, не
істейсің?
3. Сабақтың алғашқы күндері, сабаққа
дайындалмай келдің, мұғалімнен қорқып отырсың, сабақ сұрады не деп
жауап бересің?
4. Сабаққа кешігіп қалдың,
сыныптастарың қай кабинетте оқып жатқанын білмейсің, таба алмай
жүрсің не істейсің?
5. "Графикалық сурет"
сурет салу.
Шарты: Балалар көздерін жұмып қарындашпен көптеген нүктелер
салады. Жүргізуші болды дегеннен кейін, олар тоқтай салып салған
нүктелерді сызықтар арқылы қосып мағыналы сурет шығаруға
тырысады.
6. «Көңіл-күй» жаттығуы.
Менің
алдымда билеттер жатыр, екі топқа билет беріледі.
Билеттің ішіндегі сөзді оқып, сол кейіпке еніп көрсетесіздер, қарсы
топ тауып айту.
- Сабақта
ұялып тұрған бала, екі алып жылап тұрған бала, мұғалімге ренжіп
тұрған бала, «5» алып қуанып тұрған бала, мақтанып тұрған бала.
- Әр түрлі
жануарлардың бейнесін салу, әр түрлі жануарлардың
даусынан өлең шығару.
7. «Үміт
хаты» жаттығуы.
Мақсаты: Сыныптастары туралы ой-пікірлері , қасиеттерін
анықтау.
Оқушыларға аттары
жазылған парақтар үлестіріледі, осы оқушының қасиеттері
туралы жазу тапсырылады.
8.
Сергіту сәті.
Орнымыздан
тұрамыз:
1. тәтті тағам
жақсы көретіндер,
2. үйде мысығы барлар,
3. футбол ойнайтындар,
4. кітап оқығанды
ұнататындар,
5. бойы
ұзындар,
6. үздік
оқитындар.
9. «Қош
бол кедергілер» жаттығуы.
Мақсаты: оқушыларды
5 сыныпқа бару қорқыныш сезімдерінен арылту.
Сіздер 5- сыныпқа
барасыздар, қорқыныштарың болады, сол қорқыныштарыңды ақ параққа
түсіріңдер. Содан кейін салған қорқыныштарыңды умаждап себетке
саламыз. Сөйтіп, қорқыныштарымыздан арыламыз.
10. «Майшам»
жаттығуы.
Мақсаты: оқушылардың бір-біріне тілектерін білдіру.
Оқушылар менің
қолымдағы майшамға назар аударыңыздар. Қазір ол сендердің
қолдарыңнан өтеді, сыныптас достарымызға өз тілектерімізді айтамыз.
Мен бастаймын, Бақыт 5 сыныпқа барғанда да сабағыңды жақсы оқып,
үлгілі оқушы болуыңды тілеймін.
10. Макет «Жұлдыз».
қорытынды
Балалар, ақ парақ
қағазға өзінің жұлдызы бейнеленіп, қайшымен қияды. Психолог
жұлдіздарды жинап ақ ватман қағазға жапсырады. Макет басына «Менің
сыныбым» деп жазулы. Жүргізуші: - Балалар қараңыздаршы. Біздің
көзімізше әдемі жұлдызды аспан шықты. Әрқайсыңыздың жұлдыздарың әр түрлі,
сыныпта оқитын оқушылардың мінездеріде әр түрлі емес пе? Барлығың
бір мектепте, бір сыныпта оқисыңдар,
сондықтан әрқайсыңның жұлдыздарың жанып, 5 сыныпта тек жақсы
жағынан көрініп, жақсы оқып, жақсы білім алушы деген атаққа ие болыңдар алдағы
кездесетін кедергілерден сүрінбей өтеді деп сіздерге сенімімді
білдіремін.
Сендерге
сәттілік тілеймін. Оқушылар сабағымыз аяқтала келді, барлығыңызда
сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Сау болыңыздар.