Сабақтың кезеңдері
/
Уақыт
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
-
мин)
1.Жағымды көңіл күй
(2-3 мин)
|
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын
тексереді. Сәлемдеседі. Мұғалім «5-Т» ережесі арқылы
оқушылардың назарын сабаққа аударады.
«Есім - акроним» әдісі
арқылы әр оқушы өз есімінің
бастапқы әріптерінен «Мен кіммін?» сұрағына жауап беру арқылы
қасиеттерін ашады. «Нұрға бөлену» арқылы жағымды көңіл – күйге
келу.
|
Оқушылар «5-Т»
ережесін дауыстап айтып, сабаққа дайындықтарын
білдіреді
Оқушылар «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру
арқылы, тақырыптың
атауын табады.
|
|
2.
Алдын ала берілген үй тапсырмасын
тексеру (әңгімелеу)
(3-5
мин)
|
Оқулықтың № 6 сабағы, 23 беттегі 3
тапсырманы орындауға берілді. . «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты
қайырымдылық ақциясын өткізудің жоспарын орындап
келеді.
|
Оқушылар алдын-ала үйден қайырымдылық акциясын
өткізудің жоспарын құрып келеді. Өз ойларымен бөліседі.
|
Өзін-өзі тану: Р.О.Ізғұттынова, Ә.Қ. Оралбекова,
Б.Ш.Алиев, Г.Ө.КөшкееваОқулықтың 23-бетіндегі
№ 6 сабақ
|
3. Жағымды
ой-пікір (дәйексөз)
(3-4 мин)
|
Адам деген ардақты
ат.
Халық нақылы
Мұғалім белсенді тақтаға жазылған дәйексөзді
оқушыларға 2 рет дауыстап оқытады.
Сұрақтар:
- «Ардақты» деген сөздің мағынасын қалай
түсіндіңдер?
-Адамды ардақты ететін бойындағы қандай
қасиеттері?
Мұғалім оқушылардың жауаптарына сүйене отырып,
қорытынды жасайды. Дәйексөзді дәптерге. жазуды ұсынады
|
Оқушылар дәйексөзді дауыстап
оқиды, содан кейін дәптерлеріне жазады.
Оқушылар мағынасын өз
түсініктерімен жеткізіп айтады.
|
Оқушылардың жұмыс дәптерлері.
|
4. Оқиғалар айту
(әңгімелесу)
(4-8 мин)
|
Бір
шелек алма
Аңыз
әңгіме
Адам
өзіне жеміс ағаштары бар зәулім үй сатып алды. Үйдің жанындағы ескі
үйде қызғаншақ көршісі тұратын еді.Ол үнемі жаңа көршісінің
ауласына қоқыс төгіп, ренжітуге тырысты.
Бір
күні адам көтеріңкі көңілмен сыртқа шықса, лас су толы шелек
алдында тұр еді. Ол шелекті алды да, лас суды төгіп, шелектің ішін
жарқыратып тазалап, ішін ең ірі, тәтті алмаға толтырып, көршісінің
есігін қақты.
Есік
қағылғанын естіген көршісі «Қолыма түстің бе, бәлем!» деп
жанжалдасуға дайындалған нашар оймен есікті ашқанда, адам қолындағы
шелек толы алманы ұсынып: - әркім өз байлығымен бөліседі! –
деді.
Сұрақтар:
-
«Әркім өз байлығымен бөліседі» деген сөзді қалай
түсіндіңдер?
- Екі
көршінің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Қай
көршінің әрекеті дұрыс болды деп ойлайсыңдар?
- Өзің
басқалармен қандай байлықпен бөлісер едің?
- Егер
сен екінші көршінің орнында болсаң, қандай әрекет жасар
едің?
|
Оқушылар мәтін бойынша берілген сұрақтарға өз
ойларымен бөлісе отырып, адамның байлығы мінезі екеніне
тоқталады.
|
http://bilim-orda.info/download_public_home/361
|
5.
Шығармашылық жұмыс
(12-15 мин)
|
Оқу
жаттығуы. «Аяз би» аңызын оқып шығып,
допты
пайдаланып сұрақтарға жауап беріндер.
Қолданылған әдіс – тәсіл: «Сен маған, мен саған».
Сұрақтар:
• Өмірдегі ең басты нәрсе не деп
ойлайсыңдар?
Мұғалім оқушылардың жауабын тыңдау арқылы,
аңыздың негізгі идеясы адам ешуақытта адамгершіліктің ақ жолынан
таймау керектігіне назар аударады.
2 –
оқу жаттығуы, дәптердегі қамқорлықты көрсететін суреттерді бояп,
мазмұнын айтып беріңдер.
Қолданылған әдіс – тәсіл:
«Кір жайғыш» әдісі
арқылы.
3 –
оқу жаттығуы. Мақал – мәтелдер толықтырыңдар. Қолданылған
әдіс-тәсіл: «Жұмбақпай ата сәлемдемесі» әдісі
арқылы
«Күн шуағы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақта
өткен қасиеттерді толықтырады.
|
Дескриптор:
Білім
алушы аңызды оқып шығады; сұрақтарға жауап береді
Дескриптор: білім алушы дәптердегі
суретті
бояйды; суреттің
мазмұның айтады.
Дескриптор: Оқушылар берілген мақал-мәтелдерді
толықтырады;
Мағынасын ашып сөйлейді.
Дескриптор: оқушылар бүгінгі сабақта өткен
қасиеттерді анықтайды, күнделікті өмірде қолданады.
|
|
-
Үй тапсырмасы
(1-2 мин)
|
1 –
тапсырма, 27 бет. «Өзім ді танумен өсіп келемін» тақырыбында шағын
шығарма жазыңдар.
.
|
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне
жазады.
|
Оқулық № 7 сабақ 27-бет. Оқушы күнделігі
|
7. Топпен ән
айту
(2-3 мин)
|
Мұғалім
өлеңнің мәтінін белсенді тақта арқылы көрсетіп, оқушыларды бірге
айтуға шақырады.
БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАР
Сөзі:
Қ.Мүсіреповтікі
Әні:
Ш.Қалдаяқовтікі
Бұлбұлмын сайрайтын,
Достарым жанымда,
Оянып
таңменен,
Жүрегі
мейірлі.
Қазақтың даласын
Тербетем әнменен,
Бақыттың бағында
Жүремін
көңілді.
Қайырмасы:
Әдептен
аспаған,
Арманға
бастаған
Жан-жағым дос-құрбы,
Жан-жағым жақсы адам.
Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,
Билеймін ырғатылып, саламын ән.
Алдымда
– ағайым
Абырой
асырған.
Алдымда
– апайым
Ақылды
жасынан.
Өнегем
көп менің
Өмірлік
өшпейтін.
Қамқоршым көп менің
Құлпырып өс дейтін.
|
Оқушылар қосылып ән шырқайды.
|
Өлеңнің
мәтіні көрсетіледі.
https://muzna.net/12555-dana-mahanbaeva-bayttymyn-rbylar.html
|
8.Сабақтың қорытынды
сәті
(2
мин)
|
Баяу
әуен қосылады. Балалар, бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді
жүрегімізге сақтайық.
Мұғалім
: Оқушылар сендер игілік, жақсылық және жамандықта кездесетін
әлемде өмір сүріп жатырсыңдар. Алайда, сенің басыңа, жүрегіңе
әрдайым жақсылық жасау, қайырымды болу ниеті ұялағанын ұмытпа.
Жақсыдан үлгі-өнеге ал, ал жаманнан сабақ ал, одан аулақ болуға
тырыс. Әрқашан адамгершілікпен дұрыс таңдау жаса. Өйткені
сен адамсың. Ал адам баласы тек жақсылық, бақыт үшін
жаралған.
Қолданылған әдіс: «Өрмекші торы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Барлығыңызға рахмет! Сау
болыңыздар!
|
Оқушылар өрмекші торы арқылы адами
қасиеттерді жүректерінде сақтайды, бір – біріне тілектер
айтады.
|
|