"Мен - жаңа фориаттағы педагогпын"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен - жаңа фориаттағы педагогпын"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мен 2013 жылы "Мен - жаңа форматтағы педагогпын" тақырыбында деңгейлік курстан өту барысында алған әсерім және бүгінгі заман талабына сай мұғалімдердің іздемпаз және оқушыға білім беріп қана қоймай оқушы өз ойын әлеуметтік ортада еркін жеткізе білетін тұлға ретінде қалыптастыруы туралы эссе жазған болатынмын,
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Түркістан қаласы

Х.А.Яссауи атындағы жалпы орта мектебі



Аты-жөні: Жанатаева Аигуль Алимхановна

Туған жылы: 01.01.1985 жыл

Бітірген оқу орны: ХҚТУ Түркістан қаласы

Білімі: Жоғары

Санаты: І

Еңбек өтілі: 8 жыл

Мамандығы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Біліктілік деңгейі: ІІІ деңгей




Мен - жаңа форматтағы педагогпын

Жоспар:

І. Кіріспе

1. ХХІ ғасыр – жаңалыққа толы

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Кембридж тәсілімен оқыту – заман талабы

  2. Менің педагогикалық ұстанымым

  3. Жаңа форматтағы мұғалім мен оқушы

ІІІ. Қорытындылау

  1. Болашақ – бүгіннен басталады

Жаңа ғасыр табалдырығын білім жүйесіне түрлі жаңалықтар енгізумен аттадық. Еліміздегі білім жүйесін әлемдік деңгейге көтеру мақсатында көптеген реформалар қабылдануда және ауқымды істер атқарылуда. Бүгінгі таңда тәуелсіз еліміздің әрбір саласында болып жатқан өзгерістер өте көп. Соның қатарында білім беру саласын әлемдік деңгейде дамыту үшін де аз жұмыстар атқарылып жатқан жоқ. Мысалы бүгінгі күнде мектептерді айтар болсақ, оқушылар бүгінгі күн талабына сай білім алуы үшін кабинеттерде компьютер, интерактивті тақта, лингафон және ақпараттарды алуы үшін интернет желілері бар. Біз мектеп қабырғасында жүрген кезімізде компьютерлердің тек суретін көріп, лингафон мен интер.тақтаның атын естімеген едік. Аз уакыттың ішінде мектептің осыншалықты өзгеретінің бізге сол кезде айтса, бәлкім, сенбесте ме едік. «Болашақ бүгіннен басталады» , - деп елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың жан- жақта дамуы үшін мектепте барлық жағдай жасалуда.

"XXI ғасырдың мектебі, ұстазы және шәкірті қандай болуы керек?" деп әрбір саналы адамзат ойлануда. Осыған байланысты жаңашыл әдіс – тәсілдерді іздеу, оларды күнделікті өмірге ендіру жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінгі таңда өз ойын еркін жеткізе алатын, ой-өрісі дамыған, мектептен тек атестат қана алып шықпай, өмір сүруге бейімділігі бар тұлғаны көрсек дейміз. Елбасымыздың сындарлы саясатынын арқасында Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін Қазақстанда да оқытылып, заманауи көш ағымына ілесіп келе жатырмыз. Басты мақсатымыз - қайтсек сапалы білімнің нәтижесін көреміз?! Сонымен қатар қай елде болсын заман ағысына сай мұғалімдердің сабақ өту технологиясы мен қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Әрбір білікті мұғалім жаңа технологиямен сабақ өту жолында түрлі ізденісте болады. Курстар мен семинарлар мұғалім шеберлігін шындай түседі, түрлі тәсілдер мен әдістерді алмасып, өз тәжірбиесінде қолданады. Бірақ ең бастысы технологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек. Жаңа техналогиялармен сабақ өту оқушылардың қызығушылығын арттыру мен білім деңгейінің өсуіне әсер етеді. Оқушыларды нәтижелі үйрету үшін оны оқыту әдістемесін жетілдіру - бүгінгі күннің басты мәселесі.

Кембриждік оқыту әдісін меңгеру мақсатында оқыған үш айлық курсты оқу барысында менің ең алғаш көңілге түйгенім - бұл курсты оқытудың басты мақсаты - сабақ өткенде білім беру бұрын мұғалімге бағытталса, сындарлы оқыту арқасында білім беру оқушыларға бағытталады. Оқушылардың өздігінен білімді меңгеруі үшін білімді оқушыға бағыттауымыз керек екенін түсіндім. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейдегі жетістіктерге жеткен танымал оқыту әдістемелері мен тиімділігінен кең тараған жеті модуль бойынша сабақты өткізуде тиімді жоспарласаң, оқушыны өздігінен білімді меңгеруге жетелейсің. Еркін ойлы жан-жақты дамыған оқушының қалыптастыру әрбір Қазақстандық мұғалімдердің міндеті. Кембриждік оқыту әдісі бойынша үш айлық курсты оқып, іс – тәжірбиеден өткен соң менің сабақ өту тәсіліме біршама өзгерістер енгіздім. Курстан өтіп келген алғашқы күнімнен бастап әрбір сыныпқа алғашқы сабақтарымыздан бастап оқытудағы жаңа тәсілдері қолдануым қажет екендігін түсіндім. Мен оқушыларды топтық, жұптық жұмыстар және постер жасату, кері байланыстар мен түрлі әдіс - тәсілдер арқылы өз ойын еркін жеткізе білетін, әлеуттік ортада да өзін еркін ұстай білетін, жан –жақты дамыған тұлға ретінде қалыптастыруым керек. Бұл мақсаттарға жету үшін қажырмас қарат, сарқылмас күш керек екендігін түсіндім. Алқа қойған мақсатыма жету үшін Абай атамыздың:

"Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға ",– деген өлең жолдарын өзімнің басты ұстанымым етіп алдым. Өзімнің педагогикалық ұстанымыма Абайды, оның өлеңін таңдауымның да себебі бар. Абай – мен үшін ұлы тұлға, ұлы ақын, ұлы ұстаз....

Мен бүгінгі таңда Кембридж тәсілімен сабақ өту барысында әлі де ізденісте жүрмін. Мақсатым – оқушыларға сабақты ең тиімді жолмен меңгерту. Сабақты Кембридж тәсілімен топқа бөліп, оқушылардың өз ерік –жігерлерімен білімді меңгеруіне бағыт – бағдар бере отырып, мен әлі де болса оқушылардың бұл әдіс бойынша жүз пайыз білім алмайтынына көзім жетті. Бірақ, оқушылар топтаса жұмыс жасауы арқылы сабаққа барлық оқушыны қатыстыруға болады. Оқушылар бір –бірімен диалог құру, постер жасау арқылы сабақ үстінде тығыз қарым – қатынаста болады. Ұлттық мектепте сабақ өткендіктен менің міндетім оқушылардың мемлекеттік тілде сауатын ашу, ауыз екі сөйлеу тілін дамыту. Жеті модульдің ішінде "Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдердің" ішіндегі «Диалогтық оқыту» әдісін әр сабағымда қолданып отырамын, бұл модульді мен өз сабағыда өте тиімді қолданамын деп айта аламын. Қандай тақырып болса да, сабақ өту барысында оқушылармен түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, неге болса да қызықтырып сабақ өткізуге болады. Ол үшін мен оқытатын оқу материалдарының мәні мен мазмұны, жеңіл деңгейдегі тапсырмалар, орташа деңгейдегі және жоғары деңгейде, күрделі тапсырмаларды әр оқушы үшін алдын - ала дайындап қою арқылы оқушылардың тіл байлығын, сөздік қорын дамыта отырып, мемлекеттік тілді меңгертемін. Ынтымақтастық атмосферасын сыныпта қалыптастыру бүгінгі оқушылар үшін ауадай қажет. Өйткені оқушылар заманына қарай бір – бірімен бәсекелестікке болады. Сабақ өте отырып, оқушылар ынтымақтастықта болса, біліміне және тәрбиесіне де оң әсерін тигізеді. Қазіргі жас ұрпақтың талғамы мен түсінігі, олардың өмірге деген көзқарасы, дүниетанымы өзгерген. Заманауи техниканы толық меңгерген бүгінгі ұрпаққа біз, мұғалімдер, сабақты әртүрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, қызықтырып өтпесек, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оята алмаймыз. Оқушыны жалықтырып, тіпті өзімізден бездіріп те алуымыз мүмкін. Қазіргі күнде ата – ана да, оқушы да мұғалім таңдайды. Сондықтан да қызметтестеріңнің алдында сыйлы болу үшін, оқушылардың құрметіне бөлену үшін міндетті түрде өзгеруіңе тура келеді деп ойлаймын

Сабақ өту барысында жаңа әдістермен қатар дәстүрлі оқытуды да қатар алып жүруміз қажет. Өйткені мектепке келген күннен бастап дәстүрлі түрде білім алып келген оқушылардың білім алу формасын бірден жүз пайызға өзгертуге де болмайды. Сондықтанда дәстүрлі оқытудағы тиімді деген тұстарын мен өз сабағымда қолданып отырамын. Біздің сан жылдардан бері қалыптасқан дәстүрлі оқыту әдісімізді бірден жоққа шығаруға болмайды. Оқушыға сбақты жаңа технологиямен немесе дәстүрлі әдіспен болсада меңгерткенде оқушы алған білімін әлеуметтік ортада тиімді пайдалана білуі керек. Мұғалім білімді оқушыға сындарлы меңгерту үшін тиімді тәсілмен әдістерді меңгере білуі керек.

«Болашақ – бүгіннен басталады» деп болашақтың іргетасын берік етуді ебүгіннен ойлаған елбасымыз Н.Назарбаевтың өзі мұғалімдердің жаңа бағыт – бағдар бойынша жұмыс жүргізуіне барлық жағдайды жасап отыр. Оның дәлелі – өзіміз оқып үйренген үш айлық курс – Кембриждік оқыту әдісін айтуға болады . Осы курстан өткен мұғалімдер міндетті түрде өзінің сабақ өту әдіс – тәсілін өзгертіп, оқушылармен басқаша жұмыс жүргізеді. Бұл өзгерісті оқушыларда сезеді. Олардың сабаққа деген ынтасы арта түседі, өйткені жаңалыққа, өзгеріске оқушылардың қызығушылығы өте жақсы. Бұны біз қаласақ та, қаламасақ та, заман талабы сондай. Заман талабы – оқушыларға ең соңғы үлгідегі әлемдік тәжірбиемен білім беру болып табылады. болашақта мен сабақ беретін барлық сыныптарда қалай оқыту керектігін дұрыс ұйымдастырып, теория мен практикада алған білімімді және жеті модуль мен әдіс тәсілдерді қолданып, ақпараттық технологияны жетік меңгерген ұрпақ қалыптастыруды басты назарда ұстауға сенімдімін.

Сөз соңында өз ойымды белгілі педагог К.Ушинскийдің “Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, үйренуді, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жоғалады ” деген пікірмен аяқтауды жөн көрдім.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
621
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі