Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Мен - өз елімнің партиотымын
Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшіге көмек ретінде тәрбие сағатының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
30 Қаңтар 2019
487
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ТӘРБИЕ САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Сыныбы: 11А Күні:01.09.18ж
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен өз Елінің патриотымын!»Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап, жалғастыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру, ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Түрі: пікірталас, топтық жұмысКөрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.Барысы.І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Интерактивті тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.ІІІ. Негізгі бөлім. Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің? – тақырыбында пікір сайыс І-Ботагөз: «Ой да ортақ, пікір де ортақ» дегендей сіздердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатын назарларыңызға ұсынамыз.ІІ-Қайсар: Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу.І-Ботагөз: Екі тоқа бөлініп аламымызІ-топ - Ұшқын. «Ұшқыннан жалын лаулайды». Қайсар: ІІ-топ – Жалын. «Мен жанбасам жалын боп, сен жанбасаң жалын боп, кім жанады жалындап». Ботагөз: Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады.Осы туралы ойларыңыз?І-топ Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады.ІІ-топ Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз.А.Байтұрсынов:- Қазағым елім!Қайқайып белің,Сынуға тұр таянып.Талауда малың,Қамауда жаныңАш көзіңді оянып...- десе,М.Дулатов:«Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді. Ал С.Торайғыров:Қараңғы қазақ көгінеӨрмелеп шығып күн болам,Қараңғылықтың кегіне,Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. І –топ А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Қайсар:Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз?І-топ Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор.ІІ-топ Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім.І-топ Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну.қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.ІІ-топ Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс. І-топ:Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. ІІ-топ Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді.Бөтагөз: Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің? (әр топтан оқушылар өз ойларын ортаға салады)Мұғалім :Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер? (әр топтан оқушылары өз ойларын айтады)Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?(әр топтан оқушылары өз ойларын айтады)ІІІ. Қорытынды бөлім:Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларынды, пікірлерінді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
- Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
- Туған жерге деген ыстық сезім;
- Ата- баба өсиетіне адал болу;
- Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
- Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
- Ана тіліне деген құрмет;
- Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
- Елдің тарихын құрметтеу;
- Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
- Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
- Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
- Заңға бағыну;
- Үкіметті сыйлау;
- Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
- Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
- Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
- Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру;
Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз.
«Бекітемін» «Тексерілді» М. Әуезов атындағы №128 жалпы Директордың тәрбие ісі жөніндегі білім беретін мектеп директоры орынбасары __________ Есдаулетова Ж. Ж __________Батырбаева А. С. «_____ »_________ 2018ж «____»_________2018ж
11 «А» сыныбында өткізілетін тәрбие сағатының тақырыбы:
«Мен өз Елімнің патриотымын!»
Өткізген: 11 «А» сынып жетекшісі Досполова С. А.
Алматы, 2018 жыл
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)