Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Мен - өз елімнің патриотымын» 11сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні |
01.09.2018 |
Сыныбы |
11 а |
||
Сабақтың тақырыбы |
«Мен - өз елімнің патриотымын» |
||||
Сабақтың арқауы |
«Мен – патриот – азамат» |
||||
Ресурс |
Слайдтар, мәтіндер, интерактивті тақта, видео |
||||
Жалпы мақсаттары |
Қазақстан мемлекеті туралы алған білімін тиянақтау,мәтінмен таныстыру,жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың танымдық ықыласын молайту,қызығушылығын,белсенділігін арттыру.Оқиғаға сыни көзқараспен қарап,өз пікірін еркін жеткізу дағдыларын дамыту |
||||
Оқыту нәтижесі |
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені, қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне үйренеді. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды, сөздік қорлары молаяды |
||||
Әдіс -тәсілдер |
СТО, АҚТ, топтық, жеке , жұптық жұмыс, диалогтік оқыту және оқу, көшбасшылық және басқару, бағалау, түсіндіру, талдау, жинақтау, іздендіру. |
||||
Сабақтың жүру барысы |
|||||
Уақыт |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
|||
2 мин |
І Ұйымдастыру 1.Амандасу. Психологиялық дайындық. Оқушылар барлығымыз ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық! Енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік! |
оқушылар бір- біріне жылы лебіздер айтады. |
|||
|
Қайталау кезеңі Қызығушылықты ояту |
||||
2 мин 5 мин 10мин 3мин 10мин 2мин |
ІІ Жаңа сабақ Біздің алға қойған мақсатымыз, өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат болып өсу. Қай кезде болмасын халық игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке, ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Осы туралы ойларыңыз? Жеке жұмыс Ұлттық бірлікке, Отанын, елін, жерін сүюге, ұлттық тәуелсіз мемлекетті нығайтуға өз үлесін қосуға тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Көркем шығармаларда отансүйгіштік сезімді ардақтап, батырлық, ерлікті мадақтаған, ақылдылық, парасаттылық, достық тәрізді адамгершілік игі қасиеттер дәріптелген. Бұл тақырыпта әңгіме, ертегі, өлең, жырлар туғанын, оларда халықтың батырлық, ерлік істерді дәріптегенін және оны жасаушыларды ардақтағанын білуге болады. Отанға деген сүйіспеншілік, ұлтына деген ыстық сезімді Алашорда қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Т.Рысқұлов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай еңбектерінен де кездестіреміз. А.Байтұрсынов: - Қазағым елім! Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның Аш көзіңді оянып...- десе, М.Дулатов: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты» - дейді. Ал С.Торайғыров: Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып күн болам, Қараңғылықтың кегіне, Күн болмағанда кім болам? – деп, жастарды өнер-білім алып, жарыққа талпыну, Отанға пайдалы азамат болу екендігін сан қайталап еске салады.Алаштың осы - біртуар ұлдарының бұратана халық болмаймыз, өз алдымызға тәуелсіз ел боламыз деп қазақ елі, қазақ жастарына қалдырған өсиеттері өз иесіне енді-енді ғана жетіп жатыр. А.Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ, жастарды ерлік рухта, патриотизмге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін тудыратын жыр жолдарын кездестіреміз. Оның « Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі, барша жұртшылықты жауласу, күш көрсету дегенді білместен, тек тату-тәтті өмір сүруге шақырады. Жалпы патриот деген кім, патриотизм дегенді қалай түсінеміз? Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс батыр тұлғалары, ақын-жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең-жырлары, шешендік сөздері оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы зор. Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға тән терең сезім. Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген. Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп,құрметтеуі тиіс. Патриот – адамдардың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп көрсетуге және гүлдендіруге ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриоттық сезімі - өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістер үшін мақтану, оның жауынгерлік және еңбек дәстүрлеріне ұқыптылықпен қарау.
Патриот сондай-ақ туған жерге, ата-бабасы жатқан жерге құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің? (әр оқушы өз ойларын ортаға салады) Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер? (әр оқушы өз ойларын айтады) Бағанадан бері патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз? (әр оқушы өз ойларын айтады)
Мағынаны тану Топтық жұмыс Топта «Қазақстан- көп ұлтты мемлекет» туралы барлық мәліметтерді талқылап, кластер құрастырасыңдар және тақтаға шығып қорғайсыңдар. Қазақстан Республикасы – Еуразия деп аталатын құрлықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында тұр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетті сыйғызып жіберуге болады. 2008 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 17 миллион шамасында халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр ұлғая түсуде. Елімізде 130-ға ұлт өкілдері тату тұрады. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Ел басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2011 жылы бүкіл халықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасында 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округтер бар. Азаттық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Сергіту сәті. Тақтадан бейнеролик көрсетемін. «Қара жорға» Деңгейлік тапсырмалар Ал , енді мәтіннің мазмұнын түсіндік , енді деңгейлік тапсырмаларды орындап шығайық. Әрқайсысына деңгейлік тапсырма таратамын. 3 деңгей –
Жұптық
жұмыс. «Өз жұбыңды тап» ойыны.
6.Қазақстан тәуелсіз
Республика болып қашан жарияланды?
8.Туған жер дегеніміз
не? 9.Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз , егеменді, көп ұлтты мемлекет)
2 деңгей – «Топтастыру» стратегиясы – Ұсынылған сөздерден сөйлем құрастыру . Тәуелсіз, қадірлеу, мемлекеттік, халық , ұлт өкілі, сайлау, Мемлекеттік 1 деңгей – өз елін мадақтап, Қазақстанға жарнама жасаңдар Рефлексия. Сабақтың қорытындысын шығару. Мұғалім сөзі: Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Сендердің патриот, патриоттық сезім туралы ойларыңды, пікірлеріңді тыңдай келіп мынандай қорытынды жасадым.
Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек. |
Топ басшылары топ мүшелеріңді бағалап отырады деңгейлік тапсырмаларды орындайды |
|||
5 мин |
V Сабақты бекіту Ассоциацияға қайта оралу . Қазақстан туралы не толықтырасыңдар? |
|
|||
1 мин |
Кері байланыс.Стикерлерді толтыру |
Оқушылар стикер толтырады |