СҚО, Тайынша ауданы,
Аққұдық ауылы
«Алабота орта
мектебі»КММ
Мұғалiм: Абильдина
Бахытгуль Серикбаевна
2
«А»сынып
Тәрбие
сағатының
тақырыбы: Мен -
патриотпын!
Мақсаты:
-
Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп
қастерлеуге, өз елін,
тегін тарихын білуге
тәрбиелеу.
-
Оқушылардың таным
белсенділіктерін, қызығушылықтарын
дамыту.
-
Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік
тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ҚР
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба бейнеленген плакаттыар, ҚР
картасы, «Менің Қазақстаным» бейнеролик, «Астана
ЭКСПО – 2017
5
ғимараты» атты бейнежазба,
шарлар,
Сабақтың
құрал -
жабдықтары:
ғаламтор
Үлестірмелі материалдар:
Патриотизм, Отан туралы
өлеңдер мен нақыл сөздер, тіл туралы, еңбек туралы мақал-мәтелдер
және т.б
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі.
Аспаны
ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
«Менің Қазақстаным»
Мемлекеттік Әнұранды әндетіп айту.
Миға
шабуыл. «Менің
Қазақстаным» бейнеролигін
көреді.
Балалар
жанағы көрген бейнеролик не туралы?
Отан –
әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған
елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл
өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін
біреу ғана. Отанды анаға
теңейді.
Отан
деген не, кім қалай
түсінеді?
Елдос: Отан дейміз от жаққан
жерімізді,
Отан дейміз өсірген
елімізді.
Отан дейміз туған жер,
атамекен –
Биік тау, орман, тоғай
көлімізді.
Жанел: Отан дейміз
кең-байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас
қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де
жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады
Ақерке: Отан-
тарих, Отан – тіл,
Жасаған елің, өз-
халқың.
Отан – өлең,
Отан-жыр,
Көтерген көкке ел
даңқын.
Астана
ЭКСПО – 2017 5 ғимараты» атты бейнежазбаны
көрсету
Біздің
Отанымыз – Қазақстан Республикасы .Біз Отанымызды, елімізді
сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Патриот өз мемлекетінің
жерінде, елінде, тарихына ат салысатын адам. Ал біздің кіші
отанымыз бұл біздің тцған ауылымыз, туып өскен
жеріміз.
«Туған
ауыл» туралы бейнежазбаны
көрсету.
Топқа бөлу. Оқу құралдары мен
ойыншықтар суреттерін таратып беріледі де, үш топқа
бөлінеді.
1
топ: Менің ауылым
кеше-бүгін-болашақта /постер
жасау/
2 топ: «Мен - құрылысшымын».
Тапсырма: Үй салу
3 топ: Интеллектуалдық карта.
Еліміздің тарихына тоқталу.
Қазақстан Республикасының тұңғыш
Президенті қашан
сайланды?
(1
желтоқсан)
Қазақстан Республикасының
Конституция күні (30 тамыз)
Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)
Қазақстан Халықтарының бірлігі күні (1
мамыр)
Отбасы күні (
)
Рефлексия әрбір білім алушымен
«Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда
мыналар толтырылуы қажет:
Мен
...............................................таныстым.
Маған
................................................оңай болған
жоқ.
Мен
.........................................................қол
жеткіздім.
Мен
...........................................................істей
алдым.
..................................................болса
жақсы болар еді.
Менің
.......................................................есімде
қалды.
Мен
...........................................................істеп
көремін.
Қортынды: -
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы
екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.
Белгілі ақын атамыз Ж.
Молдағалиев:
Өткеніңді еске
алсаң,
Өскеніңнің
белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің
белгісі,
- деген
екен.
Сондықтан, халқымыздың бүгінгі
уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ,
еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік
белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата
заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда
еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат
болатындарыңа сенімім мол.Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз
елдің азаматтары!
Ән:
Атамекен