400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен - патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды отанын сүйюге және өз отанының патриоты болуға тәрбиелеу.Адамгершілікке тәрбие беру,өз ой-пікірін білдіре алатын азаматтарды тәрбиелеу.Туған жері,елі үшін тер төгетін ұлтжанды,өз құндылығын білетін тұлғаны тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: 02.09.2017ж

Оқу – тәрбие ісінің меңгерушісі Бағдал А.



Тақырыбы: «Мен – патриотпын»
Сабақтың арқауы: Мен – Мәдени ұлттық игіліктер патриотымын
.

Мақсаты:
1. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
2. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
3. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілік: Елбасы суреті,қанатты сөздер,слайд.
Психологиялық ахуал: «Жүректен - жүрекке». Оқу жылы басталуына байланысты бір біріне жақсы тілектер тілеу.

Барысы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілгендей Астана ЭКСПО – 2017» Бүкіләлемдік көрменің Қазақстан электроэнергетикасының дамуына және елімізге «жасыл» экономиканы құруға тигізетін әсері қарастырылған.

Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. 
1.Негiзiгi бөлiм: “Қазақстанға саяхат” ойыны

1. «Менің Қазақстаным» аялдамасы.

2. «Сандар сыр шертеді» аялдамасы.

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп,уанған

Бұл даланы алғаш көріп қуанған,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Қ.Аманжолов.


«Менің Қазақстаным» аялдамасы. Сұрақ-жауап

Біздің еліміз қалай аталады?

Біздің еліміз қандай?

Біз қандай мемлекетпіз?

Еліміздің астанасы қалай аталады?

Қала қай жерде орналасқан?

Біз қай облысқа қараймыз?

Тұрып жатқан ауылымыз қалай аталады?

Ел рәміздеріне нелер жатады?

Ұлттық валютамыз не?

Туымыз қандай?

Елтаңбада не бейнеленген?

Еліміздің президенті кім?

Әнұранды білеміз бе?

Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
«Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар? 

Менің атам айтқандай «... әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата - анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзі бартын маған өсиет қылып айтып кеткен.Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек. Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз.
2.«Сандар сыр шертеді» аялдамасы.

Тақтада сандар жазылған(1991,1992,1993,1995,1997,1998,2006)

1991 жылы 1 - желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

1992 жылы 4 - маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді.
Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.Ту 1992 жылы 4 маусымда қабылданып,6 маусымда күшіне енді.Ұзындығы 2 метр,ені 1 метр.

1993 жылы 15 - қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға енді

1995 жылы 28 қаңтарында тәуелсіз ҚР-ның тұңғыш Ата Заңы қабылданды.Содан бастап 30 тамыз Ата Заң күні деп белгіленді.

1997 жылы бұрынғы астанамыз Алматыдан Республикамыздың басшы орындары,Президент кеңесі,ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.

1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері болды.

2006 жылы 7 - қаңтарда әнұран қабылданды.


Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан...» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер. Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет. Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал - мәтелге көңіл аударайықшы.Мақал мәтелді оқушыларға аяқтату.

Отанды сүю – от басынан басталады. 
Отансыз адам, 
Ормансыз бұлбұл. 
Кісі елінде сұлтан болғанша, 
Өз еліңде ұлтан бол. 
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау. 

Қортынды:
Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі.
Өткеніңді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі,
— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай - ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

Жақсылық – рефлексиясы. Рефлексия әрбір білім алушымен «Тегтер бұлты» инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылады: (Балаларды ортаға шақырып,шеңбер құрастыру)

-Менің қолымда ақ түсті шүйке жіп.Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін.Қолға түскен жіпті саусаққа орап,алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер.(Жіп мұғалімге келеді.)

-Бізбен жіп не истеді?

-Қалай ойлайсыңдар,бұл жақсылықтың белгісі ме?(Балалардың пікірі)

-Дұрыс,жіп бізді біріктірді.Әрқашанда бірге болуымыз керек,бір-бірімізге көмектесуіміз керек.Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.Қазақ халқының дәстүрін,тілін құрметтеп,еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткен де ғана, еліміз де көркейіп,гүлденеді.Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
753
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі