Материалдар / Мен – Адаммын!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен – Адаммын!

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
569
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: 7мектеп лицейі

Күні: 17.10.2018

Сынып: 5 а,ә,б

: 7

Мұғалімі: Амангелдиева Жұмазия

Оқушылардың саны: 15

Сабақтың тақырыбы: Мен – Адаммын!

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, әділеттілік, әдепті болу, .

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиеттер туралы білімдерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Білімділік: оқушыларды басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету.

Дамытушылық: оқушылардың бойындағы әділеттілік қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)


Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп.

2. Талап.

3. Тыныштық.

4. Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!


2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №6 - сабақ. «Қайырымдылық – қайырлы іс» атты қайырымдылық акциясын өткізудің жоспарын жасау.

2. Келесі сабақ. №7, «Аяз би» аңызын оқып келу.

Сұрақтар:

1. Билік пен байлық адамды өзгертпес үшін не істеу керек деп адам өзің басқара аласың ба?

2. Адам өзін-өзі қалайша тәрбиелегені дұрыс деп санайсыңдар?
3. Адам үшін өмірдегі басты нәрсе не деп есептейсіңдер?
4. Өзіңді өзің басқара аласың ба? Қалайша?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.

«Адам боп оңай туғанмен

Адам боп қалу көп қиын»

Қ.Мырза-Әлі.

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза Әлі (5 қаңтар 1935 жыл, Жымпиты, Орал облысы - 24 қаңтар 2011 жыл, Алматы) — ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995).

Сұрақтар: 

1. Өзіңді тану арқылы өмірді танисың дегенді қалай түсінесің?

2. Адамды ақ ниетті,кең пейілді болуға мәжбүрлеуге бола ма?

3. Өзіңнен қандай өзгерістерді байқадың?

4. Дәйексөзден қадай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Өміріміздегі 1 мен 0-дер

Профессоры бір күні студенттеріне өмірлік бір сабақ үйрету ниетімен тақтаға үлкен 1 санын сызады да, студентеріне қарап “бұл адамгершілігіңіз. Өмірлеріңізде болуы керек ең маңызды қасиет” деп түсіндіреді. Сосын 1-дің қасына 0 санын жазады да: “ал бұл болса жетістіктеріңіз. Бойыңыздағы адамгершілікке табыс қосылса адам 1-ден 10 бола қалады. Тағы бір 0 – тәжірибеңіз. Тәжірибесі болса адам 10 емес, енді 100 болады” деп кезек-кезек 0-дерді қоса береді: зеректік.. тәртіптілік.. сүйіспеншілік.. Қосылып тұрған әрбір 0 саны адамды 10 есе баитатынын түсіндіреді ұстаз. Бір кезде профессор сандар тізбегінің ең басында тұрған 1 санын өшіреді. Сонда тақтада тек 0 сандар қалады. Профессор былай дейді студенттеріне: “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды”.

Сұрақтар:

  1. Әр адамның өмірінде болуы керек ең маңызды қасиет қандай?

  2. Профессордың “Адамгершілігіңіз жоқ болса, қалғанның бәрі түк те тұрмайды” деген сөздерін қалай түсінесіздер?

  3. Адами қасиеттер адамның бойында қалыптасуы үшін не істеу керек? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріңіздер?

  4. Жалпыадамзаттық құндылықтарды өз бойларыңыздан шығару үшін сіздер не істейсіздер?


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:

Оқушылар бес топқа бөлінеді.

Тапсырма: Жағдаяттарды шешу
1-топ: «Сүйіспеншілік»
Егер ойламаған жерден сен лоторея ұтысынан миллион теңге ұтып алдың, оны қалай жұмсар едің?
2-топ: «Кеңпейілділік»
Сенің үйіңе ымыртта бір танымайтын кісі келіп, қонатын жері жоқ екенін, таңертеңге дейін үйге қондыруын сұрады. Ал сенің үйіңде онсыз да қаладан келген туыстарың бар еді. Анаң үйде қонақ көп екенін айтып, ол кісіні қондырғысы келмегенін айтты. Сен не істейсің?
3-топ: «Жомарттық»
Кешқұрым сен сабақтан келе жатып автобуста бір өзің қатарлы қыздың билет тексерушіге ақшасының таусылып қалғанын айтып, баратын жеріне дейін ала кетіңізші деп жалынып жалбарынып тұрғанын көрдің. Ал билет тексеруші ол қызды алып кеткісі келмегенін байқадың. Сен бұл кезде не істер едің?
4-топ: «Ұқыптылық»
Қалада апаңның үйіне бардың. Сені дүкеннен нан әкелуге жұмсады. Сен
дүкеннен нан алып келе жатқанда бір 5 -6 жасар жылап тұрған қызды кездестірдің. Ол адасып кеткен сияқты. Сен оған көңіл бөлер ме едің?
5-топ: «Үнемшілдік»
Жанна өте ақкөңіл болатын. Өзі жақсы оқитын. Ол барлық балаға білгенін айтып, көмек беруден жалықпайтын. Ол бірде сырқаттанып, сабаққа келмей қалды. Өзі сабақтардан өткен тақырыптарды меңгермей қалды. Ал досы Нұргүл болса, оған көмек беруді ойламады да. Сен не істер едің?


6. Топпен ән айту

«Достық»

Асан Пердешов

Достықты сыйлаған, достарын қимаған,

Қуанған сәттерде достарын жинаған.

Іс туссе басыңа досыңнан жасырма,

Адал дос қалады қол беріп қасыңдааа.

Қайырмасы

Зырғып өмір өзен,

Орнында тұрмайды.

Жастық шақ өтеді,

Бір күн қол бұлғайды.

Сыйластық қалады,

Достар әлемінде.

Достық пен ынтымақ,

Болсын бар еліңде.

Достықтың нышашы сіз бізден басталған,

Ыстық дос құшағы сезілер ашқаннан.

Досың барда қайға қардай еріген,

Әнді достық жайлы шырқа менімен.

Қайырмасы

Сен адал досымсың берік сенімге,

Тек достар қосылсын өмір төрінде.

Кел досым жаныма өткенді еске алайық,

Балалық шағына кел бірге барайық.


7. Үй тапсырмасы.

1. №7 - сабақ. ««Өзімді танумен өсіп келемін» тақырыбында шағын шығарма жазу

2. Келесі сабақ. №8, «Сабыр түбі – сары алтын» ертегісін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!