«Мен
– ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін»
Ұстаз
және ұстаздық ұлағат. Осы бір өзара
үндескен сөз тіркестерінде қаншама
терең де мазмұнды ой, өткен өмір
белестерінің қиындығы мен қызығы,
жемісті жылдар нәтижесін тапқандай.
Бұл туралы көрнекті педагог К.Д Ушинский
«Ұстаздың үздік үлгісі – ешнәрсеге
ауыстыруға болмайтын күннің нұрлы
сәулесі»- деп бағалаған.
«Үйретуден балаға...» - деп Абай атамыз
айтқандай, ұстаз – ұлы тұлға, ұлы
есім дегім келеді. Жер бетіндегі
адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар.
Өйткені, ұстаз алдынан өтпейтін еш
мамандық жоқ. Ұстаз алдынан бас имейтін
адам жоқ. Ол - өмірдегі екінші ана! Мен
осы керемет мамандықтың иесімін!
Мен
ағылшын тілі пәнінің мұғалімімін. Менің
алдымда әуел бастан екі жол саласы
болатын, бірі аудармашы мамандығы болса,
енді бірі ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.
Мен өз таңдауымды дұрыс жасағаныма
сенімдімін.Үнемі ізденіс үстінде жүріп,
сабақты әсерлі де қызықты ету, балаларға
білім нәрін сусындау менім алға қойған
мақсатым.
Осы
тақырыпты алғаннан соң көп ойландым.
Шындығында мұғалім барлық мамандық
иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін
абзал жандар. «Мұғалім мамандығы –
барлық мамандықтың анасы» деп қалай
дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие
алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие
әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ
болары анық. Ғылым иесі ғалым да, ел
қорғаған батыр да, тілінен бал тамған
ақын да, тегеуріні темір балқытқан
жұмысшы да, егін салған диқан да, мал
бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен
әрі өткен ғарышкер де бәрі — бәрі
ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан
ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы
құрметпен бас иеді.
Қиындығы
да, қызығы да жетерлік, ең бастысы —
жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі
ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл
мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен
хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана
бүлдіршіндердің бойына білім нәрін
сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат
етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан
басқа мамандық иелерінің баршасы да
ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
Қыран
түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз
шәкіртіне талмас талап сыйлайды»
демекші, ұстаз қай кезде де мектептің
жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны
қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға
қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады.
Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең
маңызды мәселе болып табылады. Өйткені,
әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің,
бәсекеге қабілетті болуының ең басты
ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан
да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі
келген кез келген мемлекет ең алдымен,
білім беру саласын дұрыс жолға қойып,
сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше,
осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік
ұрпақ тәрбиелеу мұғалімінің еншісіне
тиері анық.
Жаһандану
заманында ұлттық бәсекеге қабілетті
болудың көрсеткіші – білім
деңгейімен өлшенеді. Сондықтан,
әлемдік білім кеңістігіне кірігіп,
білім беру жүйесін халықаралық
биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті
мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті
ұстаз қолында. Өйткені, ұстаз елдің
ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ
тәрбиелейді. Адам тәрбиелеу – ұлы
міндет. Ол міндетті атқарушы – ұстаз.
Ұстаздың негізгі құралы – сабақ.
Сабақ
скрипка аспабы секілді: онымен жай
гаммаларды ойнауға немесе Паганинише
саусақ ұшын сымға жеңіл тигізіп, одан
ғажайып үн шығаруға да болады.
Әрбір сабағы ғажайып әуенге толы нағыз
ұстаз болу кімнің де болса арманы.
Менің
түсінігімдегі ұстаз – рухы таза, ой –
өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы
үшін тер төгіп, шыдамдылық пен
табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз
бойындағы асыл қасиеттері мен білімін
болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне
жаратып, қоғамды өрге өркендетуші,
жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі
– жылы, көңілі – дарқан адам.
Ұстаздан
дәріс алмаған адам қазір жер бетінде
жоқ десе де болар. Бұл мамандық содан
да киелі. Жан – Жак Руссоның «Ұстаз болу
– өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын
аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте
жақын.
Ұстаз
білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы
тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді
барлық адамның бойынан жақсылық
іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен
озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз.
Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу,
озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін
шебер ұстаз үздіксіз ізденісте
болып, қоғам сұранысына сай білімді,
шығармашыл, өзін – өзі дамытып,
жетілдіре алатын болуы қажет деп
ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр
жүгін арқалауды өз жүрегімнің
қалауымен таңдадым. Маман ұстаз
ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы
тұлға деп тану, оның пікірімен санасу,
оқушының кішкентай қуанышын, табысын
бағалай білу.
Ұстаздық
қызметте, шәкірттермен қарым —
қатынаста ізгі ниеттілік, кішіпейілділік
және мәдениеттілік бірінші кезекте
тұру керектігіне көзім жетті.
Осындай
жаңа даму үрдісі алға басып отырғанда
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек
етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі
мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде
болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін
міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге
сай болуымыз керек.