Тәуелсіздік
күніне орай «Мен- елімнің ұланымын»
8-10
сыныптар арасында өткізілетін
әскери-патриоттық
спорттық сайысының
ЕРЕЖЕСІ
Сайыстың
мақсаты:
Тәуелсіздік
үшін күрескен ерлерді ардақтап құрметтеу,
оқушылардың патриоттық сезімдерін
тәрбиелеу.
Сайыстың
бағдарламасы:
Сап
және ән байқауы;
Автоматты
бөлшектеу және жинау;
Оқжатарды
оқтау жаттығуы;
Кермеде
тартылу;
Газтұмылдырық
қию;
Аяқтың
көмегінсіз арқанға өрмелеу.
Кеудені
жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
Марапаттау
рәсімі:
Әділқазылар
тарапынан сайысқа қатысушылар мақтау
қағаздары және сыйлықтармен марапатталады.
Сайыстың
өтілетін орны мен
уақыты:________________________________
СЦЕНАРИЙ
Қатысушылар
екі қатарға сапқа тұрады.
Доклад
бас төрешіге
Сайысқа
дайындық.
Бас
төреші құттықтайды:
«Сәлеметсіздерме
мырзалар! Сіздерді Қазақстан Республикасының
Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын!»
Үш
рет «Ура!»
айтылады.
«Қазақстан
Республикасының туы енгізілсін! Тізілу
туға!»
сөз
беріледі.
сөз
беріледі.
Жүргізуші:
Сайыс шартымен таныстырып кетейік:
Сап
және ән байқауы;
Автоматты
бөлшектеу және жинау;
Оқжатарды
оқтау жаттығуы;
Кермеде
тартылу;
Газтұмылдырық
қию;
Аяқтың
көмегінсіз арқанға өрмелеу.
Кеудені
жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
Сайысқа
қатысушыларға сәттілік тілейміз!
БАҒДАРЛАМА
Сап
және ән байқауы.
Топтық
әрекет, бөлімше құрамындағы үйлесімділік:
бөлімшенің сап түзеуі, сыртқы келбеті,
әнмен жүріп өту.
Автоматты
бөлшектеу және жинау.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 2 адам.
Біріншілік
барлық қатысушылардың АК-47 орта бөлшектеу
және жинауды орындауда аз жұмсалған
уақыт бойынша анықталады. Уақыт «Автоматты
орта бөлшектеу және жинауғы кірісу!»
деген бұйрықтан бастап саналады.
Оқжатарды
оқтау жаттығуы.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 2 адам. Оқ саны – 30
дана.
Бір
қатысушы оқжатарды қарусыздандырады,
екіншісі оны оқпен қаруландырады.
Біріншілік
ең аз жұмсалған уақыт бойынша анықталады.
Уақыт «Оқжатарды оқпен қаруландыру!»
деген бұйрықтан бастап саналады.
Кермеде
тартылу.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 1 адам.
Біріншілік
ең көп тартылу саны бойынша анықталады.
Газтұмылдырық
қию.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 1 адам.
Біріншілік
ең аз жұмсалған уақыт бойынша анықталады.
Уақыт «Газдар!» деген бұйрықтан басталып,
жаттығу толық орындалғанға дейін
белгіленеді.
Аяқтың
көмегінсіз арқанға өрмелеу.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 1 ер бала.
Біріншілік
ең аз жұмсалған уақыт бойынша анықталады.
Кеудені
жерден көтеру, қолды бүгіп жазу.
Қатысушылар
құрамы – әр топтан 1 қыз бала.
Біріншілік
ең көп жасағаны бойынша анықталады.