Тәрбие сағатының
тақырыбы:«Мен - өз елімнің
патриотымын»
Мақсаты: Оқушыларды
бейбітшілікті сақтауға және нығайтуға, өз Отанын сүюге, Отанымыздың
саясатын қолдауға, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, өзін-өзі
басқаруға, еркін сөйлеуге ерік беру тәрбие сағатының
мақсаты.
Күтілетін
нәтижелер:Сұрақтарға жауап бере алады,
постер жасап, талдай алады.
Тақырып
бойынша білгендерін өз сөздерімен айта алады, өздігінен
қорытынды шығара алады.
Керекті жабдықтар: маркер,
суреттер.
Сабақ
барысы: І.
Ұйымдастыру кезеңі.Тәрбиешінің
әрекеті.
Сәлеметсіздер ме,оқушылар,
ата-аналар, ұстаздар! Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен
құттықтаймын! Дендеріңізге саулық бастарыңызға амандық тілеймін!
Жаңа күш-жігермен оқу жылын бастайық.Бүгінгі «Мен- елімнің
париотымын» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ашық деп
жариялаймын.
Қызығушылықты
ояту
1.Тренинг арқылы бір –
біріне сыйластықпен қарап, сабаққа кіріседі. «Мен пикникке
шыққанда, ... » өз атын айтып, бірінші әрпінен басталатын зат алып
шығатынын айту керек. Мысалы: Менің атым – Амангул, өзіммен бірге
алма алып шығамын.
Топпен тұрғанда жұп, тақ боп
екі топқа бөлінеміз.
«Ойлан. Жұптас. Бөліс»
әдісі.
1-топ. «Мәңгілік Ел»
тобы.
2-топ. «Жарқын болашақ»
тобы
Оқушылар «Мен – өз елімнің
патриотымын» тәрбие сағатын өткіземіз.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев:
«Қазақстан – 2030 » жолдауында «Біздің балаларымызбен немерелеріміз
бабалардың игі істерін, дәстүрін сақтай отырып, қазіргі
заманғы,нарықтық экономика өркендеу үстіндегі, күллі әлемге, әйгілі
әрі сыйлы, өз елімнің патриоттары болады» - деп нақты
көрсетілген.
Қазақстан Республикасы
тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Енді басты
міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Қазақстанды – «Отаным»
деп таныған әрбір адам – осы мақсатқа өз үлесін қосуы тиіс. Отанның
бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы
ұйымдықпен күрес ішкі, сыртқы күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың
отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай
«патриоттық тәрбие» мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан
ұлы мақсат болғандықтан, мектеп оқушыларының бойындағы Отанға
деген сүйіспеншілігін, оның патриоттық санасын дамытуда
халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек ұлы ағамыздың кейінгі
ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің
және ерлікке толы шығармалырының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық
өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз
өмірінің соңына дейін әскер-патриоттық
тақырыптарға шығармалар
жазды.
Атамекен жер
үшін,
Қасиетті ел үшін,-
деп
Екінші дүниежүзілік соғыс
кезінде атақты генерал Панфиловтың 8-гвардиялық дивизиясында рота,
батальон, полк, дивизия командирі қызметін атқарып жауға қарсы
соққы беріп, батальонды бірнеше рет жау
қоршауынан алып шықты. Жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге
шақыра білді.
Бауыржан ағамыз: «Жеңіс кілті
Отан сүюшілікте.Ол балаға жөргөкте жатқаннан бастап
үйретілуі, қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек»,
деген болатын.
Патриот – Отанның мерейін
үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда
барын, өмірін аямайтын адам.
Оқушы
әрекеті.
«Ой қозғау».
-Патриотизм сөзіне анықтама
беріңіз.
Патриотизм – туған жерге
Отанға, ата-баба жатқан жерге, «перзенттік»
махаббат.
Патриотизм – қажет уақытта
өзіне әрбір адамның «бұйрық» беріп, «сын сағатта істей
алмаймын» дегенді жеңе білу.
Патриотизм
- өз Отанына деген махаббат, адалдық.