400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен- өз елімнің патриотымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне керек материал.Тәрбие сағатына арналған сабақ.Бұл бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне арналған. Бұл сабақ оқушылардың өз елінің адал ,білімді азаматы болуға ықпал етеді деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Мен- өз елімнің патриотымын

Мақсаты:

Тәуелсіз елімізді өркендету үшін Отанымызға білімді, саналы, өз ана тілін сүйетін, мемлекеттік нышандарын құрметтейтін азаматтар керек екенін түсіндіру.

Сыни тұрғыдан ойлауын дамыта отырып қиялын шарықтату, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, ой өрістерін кеңейту. Қазіргі өмір талабына сай білімді, мәдениетті, салауатты өмір салтын дәріптейтін, адамгершілігі мол азаматтар болуға үйрете отырып, патриоттық тәрбие беру.

Әдісі: Ой шақыру, топқа бөлу, топтастыру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Түрлі-түсті қима қағаздар, жалау, мақал-мәтелдер.

І. Қызығушылықтарын ояту.

Мұғалім: Менің елім, Отаным деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқушылар: Қазақстан, Астана, Алматы, туған жер, Шымкент, президент, рәміздер.

Тақтаға осы сөздерден төрт сөз теріліп тақтаға жазылады. «Қазақстан, Алматы, Астана, туған жер). Олай болса балалар ортаға шығып топқа бөлінейік. Осы төрт сөзді қайталап айтып шығамыз. Қазақстан сөзін айтқан оқушы Қазақстан тобына отырады.

І топ-Қазақстан

ІІ топ Астана

ІІІ топ Алматы

4 топ Туған жер

Ой шақыру.

Мұғалім: Отан әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан сенің туған елің, туған жерің туған- туысқаның. Отан өзіңнің тұратын, өмір сүретін жерің. Әрбір адам үшін туған ел, туған жер әр уақытта да қымбат. Ол сенің алтын бесік-Атамекенің.

Еліміздің ертеңі сендерсіңдер, ал ертеңгі ұрпақ қандай болу керек деп ойлайсыңдар?



Дені сау

ОShape3 Shape2 Shape1 танын сүйетін ақылды

Shape6 Shape5 Shape4

Өз елімнің ұрпағымын, патриотымын




намысшыл білімді




ІІІ. Мағынаны тану (әр топқа тапсырма)

І топ Қазақстан- Отанын ерлікпен қорғаған кімдерді білесің? Отаныңа қандай жанашырлықпен қарайсың?

ІІ топ Астана- Ақылды, білімді, саналы адамдар деп кімді санайсың?

ІІІ топ Алматы - Тіл қасиеті, құдіреті туралы не айтасың?( Адам білімді,ғылымды, тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады).

4 топ Туған жер- Туған жерге деген мақтаныш, құрмет сезіміңді қалай жеткізесің? (сурет салу, өлең шығару, эссе жазу арқылы жұмыс).


Туған жерді сүю-парыз,

Сүю үшін білу -парыз.

Қасиетін ұғу парыз,

Күзетінде тұру парыз.


Қорытынды: Ертең біз Қазақстанның іргесін қалайтын ұрпақпыз. Сондықтан біліммен қаруланып, еліміз қажет ететін азамат болып өз жеріне кірпіш болып қалануға даяр тұруымыз керек. Сонымен қатар Отанымызға адал қызмет етуіміз керек. Олай болса, Отан туралы білетін мақал-мәтелдерді еске түсірейік

Поэзия минуты: Оқушылар шеңберге тұрып Отан туралы білетін мақал-мәтелдерін айтады.


  1. Отан қадіріне жетпеген ,өз қадіріне жетпес.

  2. Отан оттан да ыстық,

Жалыны бар шоқтан да ыстық.

  1. Опасыз адам Отанын сатады.

  2. Отансыз адам

Ормансыз бұлбұл.

  1. Отан от басынан басталады.

  2. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас. ( мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. Өз түсініктерін айту).







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі